Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алдағы демалыс күндері Талдықорғандағы барлық нысандар жұмыс істемейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 17:54 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5034249-alda-y-demalys-k-nder-taldy-or-anda-y.html



Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Әсімқұловтың "Талдықорған қаласының аумағында 2020 жылдың 31 шілдесінде және 1-2 тамыз күндері қатаң шектеу шараларын енгізу туралы" 2020 жылғы 30 шілдедегі № 257 Қаулысы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалада бұл күндері мынан нысандардың жұмысы уақытша шектеледі:

- Қоғамдық көлік қозғалысы;
- облыстан аудандарға және облыс пен қалалар арасында, сондай-ақ облыс шегінен тыс жерлерде жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын автовокзалдар;
- онлайн тапсырыстан бөлек, қоғамдық тамақтану орындары (мейрамханалар, кофеханалар, кафелер, банкеттер залы, тамақтану орындары, асханалар, дөнер дүңгіршектері, барлар, барбекю, бәліш пісіру орны және басқалары), сонымен қатар 30 орыннан аспайтын ашық жазғы алаңдар қызметіне.

Азық-түлік, коммуналдық, сондай-ақ азық-түлік емес базарлар қызметіне тыйым салынады.

Сонымен қатар, тұрғындарға Қаратал және Балықты өзендерінде жүзуге тыйым салынады.

Сондай-ақ бұл күндері жабық құрылыс дүкендері, сауда үйлері, оптика (дүкендер), фотосалондар, гүл сататын дүкендер, бизнес орталықтардың, сақтандыру компанияларының, адвокаттардың, нотариустардың, бухгалтерлердің және кеңес беру, инкассация қызметтерінің, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің, жарнама агенттіктерінің, сот приставтарының қызметіне тыйым салынады.

Сонымен бірге, Талдықорған қаласының тұрғындарына мыналар рұқсат:

- Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, елді-мекен арасында 3 адамнан аспайтын жолаушылардың жүруіне;
- Таза ауада спорттық жаттығулар жасауға рұқсат етіледі.
- Жабық ғимараттарда, көшеде, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа да жаппай жиналатын жерлерде бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықта тұру керек.
- Барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көліктерде маскасыз жүруге болмайды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1230819
Пікірлер

Көрші сілтемелер