Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шымкентте жемқорлық жасаған 28 адам әшкереленді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:12 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5034195-shymkentte-zhem-orly-zhasa-an-28-adam.html



Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың І-ші жартыжылдығындағы жұмыс нәтижелері бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Іс-шара барысында Департамент басшысы А.Жұмағали сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін 28 тұлға әшкереленгенін, оның ішінде 3 облыстық, 1 аудандық деңгейдегі басшы, 28-і сотталғанын атап өтті.

Күдікті адамдардың 20 пайызын мемлекеттік органдардың жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің басшылары құрайды.

Мысалы, оң сот шешімін шығарғаны үшін пара алған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы сотқа жолданды.

Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Ол жобалау және атқару құжаттамасына сәйкес келмейтін топографиялық түсірілім үшін орындалған жұмыстар актілеріне қол қою арқылы 498 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

"Жақында Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды. Ол карантин кезінде сауда ережелерін бұзу фактісі бойынша дүкен иесінен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алды деп күдіктелуде" - деді Асхат Жұмағали.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1230598
Пікірлер

Көрші сілтемелер