Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстандық тыңайтқыш өндірушілер Украинаға экспортын бұрынғыша жалғастыра береді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:51 - 2020/07/01

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-tynaytkysh-ondirushiler-ukrainaga-eksportyn-buryngysha-zhalgastyra-beredi_a3667861


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украина тыңайтқыш импортына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Украина - қазақстандық «Қазфосфат» ЖШС және «ҚазАзот» АҚ өндіретін тыңайтқышты өткізетін негізгі нарықтың бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Украинаға орташа жылдық экспорты - шамамен 41 млн АҚШ доллары. Өткізілетін өнім көлемі - 110 мың тонна. Мұндай нарықтың жабылуы отандық кәсіпорындарға кері әсер етер еді.

«Тергеп-тексерудің бүкіл кезеңінде Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық зауыттардың мүддесін қорғап, Украинаның уәкілетті органымен тығыз ынтымақтастық орнатты. Қазақстандық сауда министрлігінің бастамасымен қазақстандық тыңайтқыш үшін квота беру немесе қазақстандық тауарды шара қолданысынан шығару мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ, қазақстандық тарап Украинаның уәкілетті органының шешімін сот тәртібімен даулау мүмкіндігін жоққа шығармады» деп мәлімдеді министрлік.

Соның арқасында қорғау шаралары қабылданған жоқ.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазақстандық компаниялар дәстүрлі өткізу нарығына экспортты жалғастыра алады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1211526
Пікірлер

Көрші сілтемелер