Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматы әкімдігі қаланың карантинге жабылатындығы туралы хабарды жоққа шығарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Bnews.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:06 - 2020/06/30

Нақты Көзі: https://kaz.zakon.kz/5029928-almaty-k-md-g-alany-karantinge.html



Мессенджерлерде Алматы қаласының жабылуы туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде биылғы жылдың 30 маусымында сағат 00: 00-ден бастап қатаң карантин режиімін белгісіз мерзімге дейін енгізу, сондай-ақ ірі сауда нысандары мен жаяу жүргіншілер аймағының, саябақтардың, алаңдардың қызметін тоқтата тұру, қалаға кіру мен шығуды шектеу туралы тараған ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі жанындағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді, - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі жанындағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі комиссия қала тұрғындарын ресми дереккөздер жариялаған ақпаратқа сүйенуге шақырады. Сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да еске салады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=1&id=1210922
Пікірлер

Көрші сілтемелер