Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семей қаласының әуежайына Абай есімі беріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 16:20 - 2019/11/09

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/semey-kalasynyn-auezhayyna-abay-esimi-beriledi1


Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы ұсынысты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары қолдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Семей қаласының ақпарат орталығына сілтеме жасап.

«Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді», делінген хабарламада.

Қаладағы №49 мектеп те ақын атымен аталады. Ал Өскемендегі гуманитарлық колледжге Абай есімі берілуі мүмкін.

Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды.

Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласында «Абай әлемі» деген үлкен орталық салынады. Қала әкімшілігі өз есебінен Абай көшесінің бойында ұлы ақынға үлкен ескерткіш орнататын болады.

Семей қаласындағы оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болды. № 2 орта мектеп - Қаныш Сәтбаев, №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов, №34 мектеп Бауыржан Момышұлы, №37 мектеп-гимназия - Ыбырай Алтынсарин, №39 мектеп - Әлихан Бөкейхан, №47 мектеп- Ахмет Байтұрсынов, Пригород орта мектебі - Жүсіпбек Аймауытовтың атымен аталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1069902
Пікірлер

Көрші сілтемелер