Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-2415680957 %43 %

Павлодарлықтар жерасты суларының көтерілуіне алаңдаулы - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/08/14






Жерасты суларының көтерілуінен зардап шеккен Екінші Павлодар шағын ауданының тұрғындары тағы дабыл қақты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтар күз келісімен, үйлер қайтадан су астында қала ма деп алаңдаулы. Оған қоса, қазіргі таңда мөлтек ауданның төменгі бөлігінде су деңгейі төмендей қоймаған. Жертөлелер мен жерқоймалар суға толы.

Қайыржан Құрманалиевтың үйі өткен ғасырдың 70-жылдары тұрғызылған. Баспана ойпатты жерде орналасқандықтан, су осы жерге жиналады. Зейнеткер жаңбыр жауса, күніміз не болады деп алаңдаулы.

Қайыржан Құрманәлиев, қала тұрғыны:

– Үйдің бәрі көріп тұрсыздар, құлады. Күніне 15-20 машина су шығарады. Жыраны көрдіңіздер, бәрі камераға түсірілген.

Ал бұл – Архангельская көшесіндегі жағдай. Осындай көріністі әр үйден көруге болады. Геннадий Уханың айтуынша, жерасты суларының көтерілуінен көкөніс сақтау қиынға соққан. Жаңадан салған үйінің іргесі де сөгіле бастаған.

Ақмарал Есімханова, тілші:

– Жерасты суларының күрт көтерілуі адамдардың денсаулығына емес, қоршаған ортаға да қауіп төндіруде. Мәселен, біршама уақыт бұрын бұл жерде жасыл желегі жайқалған орман болды деп айту қиын. Қазіргі уақытта бұл аумақ нағыз батпақ-шалшыққа айналды. Бұл жер қоршалмағандықтан, тұрғындар балаларының өмірі үшін алаңдаулы.

Енді батпақты жердегі алып ағаштар құлай бастаған. Тұрғындардың қорқуы да сондықтан.

Валентина Елонова, қала тұрғыны:

– Үш жылда үш әкім ауысты. Айта-айта қажыдық. Ұңғыма қазылғанмен, қараусыз жатыр. Ал көшемізден 200 метрдей жерде теміржол орналасқан. Жерасты сулары төмен жаққа аға берсе, жолды да шайып кетуі мүмкін.

Мәселені шешу үшін шағын ауданда қазаншұңқыр салынды. Бастапқыда тұрғындар бұған күмәнмен қараған еді. Ал сегіз сорғының екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Сондықтан сенімсіздік басым.

Қуаныш Құнафин, қызмет көрсетуші мердігер ұйым өкілі:

– Тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Судың деңгейі төмендеді. Сондықтан сөндіріп қойдық. Олар жанып кетуі мүмкін.

Айнаш Сүтбаева, қала тұрғыны:

– Ұңғымаларда су тұр. Олар дер кезінде шығарылуы тиіс. Былтыр қыруар қаржы жұмсалып, енді тоқтап тұр. Жаңбыр жауса, не істерімізді білмейміз.

Жауапты органдар мердігер ұйымның салғырттығын мойындап, тиісті шара қолданылатынын жеткізді.

Бауыржан Әбілқасымов, қалалық Түкш бөлімінің бас маманы:

– Мердігер ұйым жұмысын дұрыс атқармайды. Мамандар су деңгейін тұрақты бақылау керек. Қазіргі уақытта сот шешімін күтіп отырмыз. Олар жауапсыз деп танылған соң бұл іс әкімдікке қарасты ұйымға жүктелмек.

Бүгінгі күні 15 көшеде жерасты суларының көтерілуінің себебі де белгісіз. Әкімдік пен мердігерлер сотталып жатқанда, тұрғындар күздің келуін үрейлене күтіп отыр.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034286
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар