Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-179534126 %74 %

Образға толы бояулар – Астана Ақшамы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 00:45 - 2019/07/13


Образға толы бояулар – Астана Ақшамы

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Руслан Ақанаевтың жеке көрмесі ашылды.

Көрмеге шебердің соңғы жылдары салынған жұмыстары қойылды. Руслан – әлемге танымал суретші Амандос Ақанаевтың баласы. Жалпы, қазақтың бейнелеу өнерінің дамуына Ақанаевтар әулетінің қосқан үлесі зор деп айтуға болады. Бұл әулеттің өнердегі жолы өткен ғасырдан басталады. Осы сара жолды бүгінде төртінші ұрпақ өкілдері жалғап жүр.
Осындай текті шаңырақтан қанат қаққан талантты азамат бала күнінен бейнелеу өнеріне ынтық болып, есейе келе Алматыдағы көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай аяқтағаннан кейін де өнер жолынан алыстамайды.
Бүгінде Русланның ғажайыпқа толы туындылары елімізге ғана емес, сырт жерлерге де жақсы танылған. Қазір оның жұмыстары Германия, Франция, Канада, Ресей, Швейцария секілді мемлекеттердің жеке коллекцияларында сақтаулы тұр. Бүған дейін шебердің Мәскеу, Эрфурт, Вашингтон, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында жеке көрмесі өткен.
Суретшінің туындылары түрлі образға толы… Бояуы да қанық. Картиналардағы бейнелерді көрген адамдар одан бір ерен күш алғандай әсерде болады. Соған қарағанда автор өз жұмыстарын энергетикамен байланыстырып сала ма деген ой туады.
Көрменің ашылуында кітапхана директоры Үмітхан Мұңалбаева сөз алып, бұл мәдени шараның Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылғанын айтты. Сондай-ақ көрме иесі де жиналғандарға ізгі тілегін білдірді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1022526
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Ауа райы: Шілденің 17 к 12 min
Ж к п орталық көмитеті 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 1 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 1 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 1 sagt
Өңтүстік райондарда бір 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 2 sagt
Түркістан облысында жол 3 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 3 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 3 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 3 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 4 sagt
2500-ден астам астаналы 4 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 4 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 5 sagt
Ақмола облысында жол ап 5 sagt
Елордалық аз қамтылған 5 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 5 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 5 sagt
Нұркен Мазбаев «Астана» 5 sagt
Алты жастан төменгі бал 5 sagt
Қарағандылықтар аймақта 5 sagt
Казахстанцы могут обрат 6 sagt
Қазақстандық балуан қыз 6 sagt