Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-1810426221 %79 %

«Дайын болса, хаттарды көрсетемін»: Елеусіновтің командасы Головкинге жауап берді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 23:00 - 2019/05/19


Данияр Елеусіновтің промоутері Головкинге жауап берді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің промоутері Зия Алиев Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істейтін Том Леффлерді «менджменті кәсіпқой емес» деп айыптады.

- Біріншіден, 

Том біздің Геннадиймен хабарласып отырғанымызды жақсы біледі. Геннадий де жағдайдан хабардар. Бірақ мен өзім сөйлескен жоқпын. Әзірге олармен сөйлескен адамның атын атамай-ақ қояйын. Бірақ оның Головкинге хабарласқанын анық білемін. Леффлердің оған не деп жауап бергенін айта аламын. Бірақ олай істегім келіп тұрған жоқ. Қажет деп санасаңыздар, Том Леффлерден келген электрондық хаттарды да көрсете аламын. Ол өз хатында Даниярдың орнына басқа боксшыны ұсынғысы келетінін жазды, - деді Зия Алиев.

Әрі қарай ол бар айып Данияр Елеусіновтің командасында емес, Том Леффлердің дұрыс жұмыс істей алмайтындығында екенін айтты.

- Әркім өзінің боксшысын қорғайды. Ал Геннадий оның боксшысы. Ал бізді кәсіби маман емес деп айыптағандары күлкілі. Қолымда Matchroom желісі арқылы келген хат бар. Сіздер соны көріңіздер. Редакцияға ұсындым, бірақ жарияланғанын қаламаймын, - деді ол.

Бұдан өзге компания басшысы Головкин мен Елеусіновтің мүлдем екі бөлек жолы бар боксшылар екеніне тоқталды.

- Том Головкиннің өз кешінде Данияр Елеусіновті көргісі келмейтінін айтты. СМС хабарламаларды көрсетейін. Әрине, егер Том бұған дайын болса. Мен оларды көрсететін болсам, кімнің шын сөйлеп отырғаны белгілі болады, - деді Зия Алиев.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин осы уақытқа дейін осы келеңсіз жағдайға қатысты пікір білдіріп, әрдайым Азиядан шыққан боксшыларды қолдауға дайын екенін айтқан болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=997074
Пікірлер

Көрші сілтемелер