Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-23481202743 %57 %
2019-06-24558186252 %48 %
2019-06-25370111453 %47 %

Павлодар облысында 4 мыңға жуық отбасы қаржылай қолдауға ие болды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:30 - 2019/05/19






Павлодар облысында 4 мыңға жуық отбасы қаржылай қолдауға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көп балалы 107 шаңырақ баспанамен қамтылды. Биыл өңірде әлеуметтік тұрғын үй құрылысын жүргізуге бағытталған «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы жүзеге асырылмақ. Бұған белгілі бір шарттармен өзге аймақ тұрғындары да қатыса алады. Оларға қойылатын талап қандай? Жалпы облыс бойынша әлеуметтік мәселелер қалай шешіліп жатыр?

Бұл – Ресеймен шектесетін Железинка ауданына қарасты Башмачное ауылы. Балалардың несібесі болар, баспана мен қаражаттың орайы қатар келді. Жергілікті билік көп балалы отбасын үймен қамтамасыз етті.

Юлия Поронюк, көп балалы ана:

– Маған бұл үй қатты ұнады. Барынша таза ұстауға тырысамын. Менің өтінішімді қабылдап, жылдам шешім шығарған жергілікті атқарушы билікке алғысым шексіз. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай бақытты күнге жеттік.

Асыр салып ойнап жүрген төрт баланың әкесі шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істейді. Ал анасы бала күтімімен үйде отыр. Железинка ауданы бойынша 102 көпбалалы отбасы болса, соның 57-сі жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке ие болған.

Ал Әбелдиновтар жанұясында шаңырақ көтерген алты жылда төрт сәби дүниеге келіпті. Екі ұлдан кейін туған Мөлдір мен Махаббат егіз. Отбасына баспана Ақсу қаласынан бұйырды.

Отағасы мемлекеттік қызметкер ретінде 10 жыл бойы пәтер кезегінде тұрған. Осы отбасы сияқты баспанаға мұқтаж тағы 70 шаңырақ жуырда жаңа қонысқа көшті.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Көп балалы аналарға берілген үй қолайлы ауданда орналасқан. Өйткені, жақын жерде жазғы спорт алаңы, спорттық сауықтыру кешені орналасқан. Сол сияқты мектеп, балабақша, емхана бәрі бір жерге шоғырланыпты.

Павлодар облысында жаңа механизм бойынша 3 мың 718 отбасына 302,6 миллион теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілген. Ал баспана мәселесін шешуге 907,5 миллион теңге қаржы бөлініпті. Келешекте пәтер кезегін жоюдың жаңа бағдарламасы жүзеге асырылмақ.

Хелуа Кашкенова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары:

– Біз қазір «Нұрлы Ертіс» бағдарламасын жетілдіріп жатырмыз. Тұрғын үй құрылысын жүргіземіз. Біздің облысқа «Нұр-Сұлтан» қаласынан көп балалы отбасылар көшіп келді. Енді оңтүстік өңірлерден қабылдаймыз деп отырмыз. Оларға қойылатын басты талап – міндетті түрде көп балалы және кәсіби білікті маман болуы тиіс.

Бүгінде Павлодар облысында көп балалы 107 отбасы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етілді. Бұл игі бастамаға демеушілер де айрықша үлес қосып отыр. Жуырда Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұзға көп балалы 17 отбасы қоныс аударды. Ішкі көші-қон бағдарламасы арқылы Түркістан облысынан көшіп келіп жатқандар да бар.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков, Алексей Омельницкий

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=997058
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар