Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17677203038 %62 %

Атырау алып құрылыс алаңына айналды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:20 - 2019/05/19






Мұнайлы өлкенің орталығы – Атырау қаласы бүгінде алып құрылыс алаңына айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын-үй, емхана, балабақша, мектептерден бөлек жалпы құны 20 миллиард теңгеден асатын ірі 5 нысан салынып жатыр. Бұл жобалардың кейбірі қала инфрақұрылымындағы көкейкесті мәселелерді түбегейлі шешсе, енді бірі облыс орталығының көркеюіне үлес қосады.

Шаһардың сол жағалауы үшін салынып жатқан сағатына 70 мың текше метр кәріз суын тазалайтын қондырғы қараша айында іске қосылады. Кәріз суы жаңа технологиялар арқылы биологиялық тазалау, ультракүлгін сүзбелерден өткізілгеннен кейін одан техникалық су алынады. Бұл суды өндірістік кәсіпорындар өз қажеттіліктеріне жаратады. Ал қалған қатты қалдықтар тыңайтқыш ретінде кәдеге асырылмақ. Алдағы жылда оң жағалауға да осындай қондырғы құрылысы басталады.

Мәлік Аманов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Мұның қалаға беретін артықшылығы, Атырау қаласында бұрын-соңды кәрізді тазалау қондырғысы болмаған, шығып жатқан кәріздік сулар тікелей халықтың ішінде айтылатын «тухлая балка» алаңыңа тікелей айдалып жатыр. Осыны енді біздер тазалап, экологияны жақсарту жөнінде жұмыстар істеп жатырмыз.

Биыл іске қосылатын серпінді жобалардың бірі – 19 мың шаршы метрді құрайтын «Жастар және оқушылар сарайы». Бұрын-соңды облыста болмаған ерекше ғимаратта жастар мен оқушыларға қажетті дүниенің барлығы жоспарланыпты. Түрлі спорт залдары мен секциялар, робототехника, астрономия, музыка үйірмелері секілді көптеген қажеттілік толық қарастырылған. Келесі жоба – «Исатай-Махамбет» атындағы 50 мың шаршы метр аумақты алып жатқан орталық алаңды қайта жаңғырту. Көптеген архитектуралық композициялардан бөлек ерекшелігі, алаңға орнатылған құрылғылардың барлығы цифрлық жүйе, автоматты түрде іске қосылады.  

Әділ Жұбанов, мердігер:

– Қала тұрғындарына, қонақтарға үлкен сый болады деп ойлаймын. Жұмыс шартымыздың уақыты келесі жылы қараша айында болатын болса, тездетіп тапсыруға жұмыстанып жатырмыз. Осы жылдың тамыз айының соңына дейін тапсырғымыз келеді.

Отыз жылдан бері жөндеу көрмей, жиегі жарқабаққа айналған Жайық өзенінің жағалауы да абаттандырылып жатыр. Мұнда да сәулет өнерімен көмкерілген нысандар мен спорттық және балалар алаңдары орнатылады. Тағы бір жоба – биіктігі 91 метрлік ту тұғыр құрылысы. Тұғырға 29 метрлік ту орнатылады. Атап айту қажет, мердігерлер бұл құрылыс нысандарының көпшілігін жыл аяғына дейін тапсыруды жоспарлап отыр.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=997055
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Валентина Исламова әйел 2 min
Қазақстанның арзан бенз 5 min
Министр: Қазақстандық о 8 min
Қазақстан бизнес жүргіз 8 min
ҚР Президенті жұмыс сап 14 min
Алматыда жиһаз цехының 17 min
Жансая Әбдімәлік әлемн 18 min
«Астана» «Манчестер Юна 18 min
Нәурізбек қабылқақ ұлы 18 min
Аз ұлттардың 11 - кезек 18 min
Қазақстандықтар өз әкім 20 min
Мұхаммед пайғамбар исла 23 min
Қазақстанда күн 35 град 28 min
21 млн теңге жымқырған 29 min
Теннис: Путинцева Осака 1 sagt
1400 шақырым жол жөндел 1 sagt
Қазақстан мен Ресей шек 1 sagt
Павлодарда заңсыз алког 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Ол жерде өзіне-өзі қол 1 sagt
Ингушетия Жоғарғы соты 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Қанат Ислам 26 қазанда 1 sagt
Жан Кособуцкий салмағы 1 sagt
«Хабар» арнасы тележүрг 1 sagt
Төтенше жағдайлар қызме 1 sagt
Мотоцикл айдаған оқушы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Сенатта шекара маңы тұр 1 sagt
Сенатта шекара маңы тұр 1 sagt