Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-17677203038 %62 %

ҚПЛ: «Астана» Қарағандыдан жеңіліп, «Қайрат» сәтсіздік сериясын тоқтатты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:18 - 2019/05/19


ҚПЛ: «Астана» Қарағандыдан жеңіліп, «Қайрат» сәтсіздік сериясын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 11-туры мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада «Астана» Қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Бұл ойында алаң иелері есеп ашты. «Астана» сапынан 34-минутта Роман Мұртазаев гол соқты. Ал екінші кезеңде «Шахтер» ойыншылары алға ұмтылды. Нәтижесінде 78-минутта Марат Шахметов таразы басын теңестірді. Ал 84-минутта Сергей Зенев «Шахтер» командасын алға шығарды. «Астана» ойламаған жерден «Шахтерге» 1:2 есебімен жол беріп қойды.

Ал Алматыда «Қайрат» Павлодардың «Ертіс» клубымен шеберлік байқасты. Бұл ойында да алаң иелері алғаш болып есеп ашты. Оны 6-минутта Адеринсола Эсеола шебер орындады. Дегенмен Роджер Каньяс 34-минутта таразы басын теңестірген еді.  Ал 41-минутта Адеринсола Эсеола бүгінгі кездесудегі екінші голын соғып, өз командасын алға шығарды. Ойын соңына дейін осы есеп сақталды. Алматылық  клуб аталмыш қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді. «Қайрат» төрт ойын бойы жеңіске жете алмай келген еді. Сол сәтсіздік сериясын тоқтатты. 

Естеріңізге сала кетелік, 11-турдың төрт ойыны кеше, 18 мамырда өткізілді. Өз алаңында Қостанайдың «Тобылы» «Атырау» командасын 3:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» Көкшетаудың «Оқжетпесінен» 2:1 есебімен басым түсті. Ал Талдықорғандағы «Жетісу» мен «Ақтөбе» арасындағы ойында жеңімпаз анықталған жоқ. Есеп - 1:1. Ал Шымкентте «Ордабасы» «Таразды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Аталмыш турдан кейін алғашқы айналым мәресіне жетті.

Екінші айналым ойындары 26 мамырда басталады. Бұл күні «Жетісу» мен «Қайсар», «Ақтөбе» мен «Ордабасы», «Ертіс» пен «Атырау», «Оқжетпес» пен «Астана», «Тараз» бен «Тобыл», «Шахтер» мен «Қайрат» командалары кездеседі.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=997054
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


В 6 случаях можно смотр 3 min
Қанат Исламның қарсылас 3 min
МЫРЗАКЕНТТІҢ ОРТАЛЫҚ АЛ 3 min
Татарстанда аударыспақт 6 min
Аз ұлттардың 11 - кезек 8 min
«Халықаралық сауда» инд 8 min
Валентина Исламова әйел 12 min
Қазақстанның арзан бенз 15 min
Министр: Қазақстандық о 18 min
Қазақстан бизнес жүргіз 18 min
ҚР Президенті жұмыс сап 24 min
Алматыда жиһаз цехының 27 min
Жансая Әбдімәлік әлемн 28 min
«Астана» «Манчестер Юна 28 min
Нәурізбек қабылқақ ұлы 28 min
Аз ұлттардың 11 - кезек 28 min
Қазақстандықтар өз әкім 30 min
Мұхаммед пайғамбар исла 1 sagt
Қазақстанда күн 35 град 1 sagt
21 млн теңге жымқырған 1 sagt
Теннис: Путинцева Осака 1 sagt
1400 шақырым жол жөндел 1 sagt
Қазақстан мен Ресей шек 1 sagt
Павлодарда заңсыз алког 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Ол жерде өзіне-өзі қол 1 sagt
Ингушетия Жоғарғы соты 1 sagt
Алматыда мектеп терезес 1 sagt
Қанат Ислам 26 қазанда 1 sagt
Жан Кособуцкий салмағы 1 sagt