Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-22406122249 %51 %
2019-06-23481202743 %57 %
2019-06-24532171254 %46 %

Маңғыстау облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясысын өткізді - Ел жаңалықтары |



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Теңгірі ақпарат

Жолданған уақыты: 13:10 - 2019/05/19


Маңғыстау облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясысын өткізді - Ел жаңалықтары | Tengrinews
Маңғыстау облысының полицейлері "Жолда қабылдау" республикалық акциясысын өткізді бүгін, 12:54
0

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы Қ. Таймерденов бастаған департамент басшылығы, сондай-ақ Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі, Кадр саясаты қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері жауап берді", - делінген хабарламада. 

Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелер-көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.

Тиісті баннерлермен белгіленген арнайы жабдықталған автобус тұрды. Акцияға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

"Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтіп жатыр. Екікүндік шараға 1000-нан астам азамат келді. Сонымен қатар 34 30 60​ "қауырт желі" жұмыс істеді", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, шара аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары 2 және 3 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=19&id=996963
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар