Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бас Прокуратура: Митингі ұйымдастыруға жол берілмейді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/05/08

Нақты Көзі: http://www.abai.kz/post/90375



Қазақстан Республикасы Бас

Прокурорының орынбасары Б.Дембаевтің

«Прокуратура туралы» Заңның

31-бабының тәртібінде үндеуі

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 2009 жылдың 9 мамырда заңсыз митингке қатысуға үгіттеуде.

Бас прокуратура бұдан бұрын осындай заңсыз жариялы акциялар ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін жауаптылықты ескерткен болатын.

Алайда 2019 жылдың 1 мамырында кейбір азаматтар уәкілетті мемлекеттік органдар қызметкерлері әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын түсіндіргенін елемей, заңсыз митингілерге шығып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Олардың құқықтық тәртіпке қайшы іс-әрекеттерінен азаматтардың демалуына және тыныштығына қауіп төнді.

Осыған байланысты митингілер ұйымдастырудың және өткізудің заңды тәртібін бұзуға жол берілмейтініне назар аударамыз.

Құқық бұзушылыққа кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретін болады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Бас прокуратура арандатушылыққа берілмеуге және мемлекеттің заңдарын бұзбауға шақырады.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=992384
Пікірлер

Жолдаушы №: 6088 - Уақыты: 2019/05/08 - 09:48

Заңға бойсынуды халқтан талап еткенше өздері заңға бойсынсын

Көрші сілтемелер