Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2317994662 %38 %

Ұлы қағанның екі есімі туралы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Серке ақпарат

Жолданған уақыты: 22:37 - 2013/02/10

Ұлы қағанның екі есімі туралы


ұлы қағанның екі есімі туралы
ұлы  қағанның  екі  есімі  туралы

сегіз ғасыр бойына шыңғыз хан мен оның имперясі туралы мыңдаған адамдар шежіре, тарих жаза отыра, өздеріне: «темучин деген сөз неліктен түрк тілінде де, түрк-тұңғұс-манжұр қоспасынан пайда болған қәзіргі моңғол тілінде де жоқ?» деген сұрақ қоймағаны таң қалдырады. егер бұл сөздің мағынасын ұлы қағанның өз елінен таба алмасақ, оны сол елдің ежелгі көршісі қытайдың тілінен неге іздеп көрмеске! тіпті қытай тілінен іздемеи-ақ, «ол тілде жазғанда осы сөз қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін?» деп те зерттеуге болады ғой. өйткені, өзге халықтарға қатысты деректерді қытай шежірешілері жазғанда, әдетте ондағы кісі, жер-су, т.б. атауларды өз иерөглифтеріне салып, өзгертіп жіберетіні белгілі. сол себептен өзге ұлт ғалымдарына «бұзылған» сөздерді қайта қалпына келтіру аса қиын.

(жалғасы. кітәптің бірінші тарауын осы сілтеме арқылы оқыңыздар)

2-тарау

і . бірінші есімі – темучин не сөз?

шыңғыз ханға қатысты шежірелерде оның әуелгі, дүниеге келгендегі қойылған есімі темучин (темуджин, төмүчин т.б.) болғаны айтылады. бұл аттың қойылу себебі «мқш»-да: «сол кезде иесүкеи батыр татардың темүжін-үке, қоры-бұқа бастаған татарларын жаулап келгенде... чыңғыс қаған туыпты.... татардың темүжін-үкені әкелгенде туды деп атын темүжін деп қойған мәні сол» делінген (77-б.) . осылай деп рашид әд-динның «жами` ат-тауарихында» да баяндалған. (ы т, 2-к. 75-б.) .

лубсан данзанның «алтын тобшы» кітәбіндә: «шәшу тойында татардың төмүчинін алып келгенде туды деп, темір бесікке бөлеп, төмүчин деп атаған жөні осы екен» делінген (47-б.) .

ойланар болсақ, сан ғасырлар бойы айтылып келген осы «дерек» күмән тудырады. өз қас дұшпанының есімін туған баласына қою түрк текті немесе өнімен көршілес өзге халықтардың дәстүрінде бар дегенді бұрын-соңды кім естіді екен?!

ақш-тық ғалым дж.уезерфөрд: «кудә бөлее сложная ученәя дискусся рәзвернуләс вөкруг етимөлөги етөгө имени. пөдскәзкөй к пониманю мөжет служит мөнгөлскәя традится (!) дават нескөлким детям өднөкөренніе именә из четірех пөследующих детеи өелун младши сын носил имя темуге, а младшая доч – темулун. видимо, все три имени прөйзведені от өднөгө көрня «темул», көтөріи встречәется в нескөлких мөнгөлских словах, означающих «рватся вперед», «вдохновлятся», «быт изөбретәтелнім» и дәже «обладат развитой фәнтәзиеи». кәк мне обяснил один мөнгөлски студент, знәчение етөгө слово можно пройллюстрироват тәк: «етө взгяд көня, көтөріи скәчет, кудә будет егө воля, невзирәя на то, чегө хөчет всәдник», деиді («чингисхән и рөждение сөвременнөгө мира», м.2006. 70-б.) , өзінің де фантазялауға әуестігін байқатып. бірәқ бұл теңеулері ер балалар темуджин мен темугеге жәрәсқәнмен, темулун қызға өрескел боларын ойламаған.

сегіз ғасыр бойына шыңғыз хан мен оның имперясі туралы мыңдаған адамдар шежіре, тарих жаза отыра, өздеріне: «темучин деген сөз неліктен түрк тілінде де, түрк-тұңғұс-манжұр қоспасынан пайда болған қәзіргі моңғол тілінде де жоқ?» деген сұрақ қоймағаны таң қалдырады. егер бұл сөздің мағынасын ұлы қағанның өз елінен таба алмасақ, оны сол елдің ежелгі көршісі қытайдың тілінен неге іздеп көрмеске! тіпті қытай тілінен іздемеи-ақ, «ол тілде жазғанда осы сөз қандай өзгеріске ұшырауы мүмкін?» деп те зерттеуге болады ғой. өйткені, өзге халықтарға қатысты деректерді қытай шежірешілері жазғанда, әдетте ондағы кісі, жер-су, т.б. атауларды өз иерөглифтеріне салып, өзгертіп жіберетіні белгілі. сол себептен өзге ұлт ғалымдарына «бұзылған» сөздерді қайта қалпына келтіру аса қиын. (сөздері бұрмаланып жеткен шежірелер тілін тану түрк тілді біздерге қиын соққанда, парсы, араб, орыс, т.б. еврөпәліқ «моңғолтанушыларға» қайдан оңай болсын!?) .

хііі-хVIы ғасырлардағы шежірешілердің еңбектерінде темучин делінген бұл сөзді қәзіргі қазақ аудармашылары «темүжін» деп жазып жүр. рашид ад-дин шыңғыз ханның анасын «өелун–фуджин» деп, «фуджин» қытай сөзі, түрктің «қатын» сөзі мағынасында екендігін түсіндірген. осы «фуджинды» де «ұжын» деп жазып жүрген аудармашыларымыз ер кісінің есіміне «ұжын» сөзін қосу әбестік екенін де ойласа болар еді. «алтын тобшы» аудармашылары бұл екі есімді «өгелең үчин, төмүчин» деп «оңдырмаған». осындағы «ұшин шеше» деген сөз тіркесі де («қатын –шеше»!) езу тарттырады...

ал, қытайда көп жыл қізмет еткен н.бичурин (якинф-әкеи) көптеген тарихшылар «алан гөә» деп жүрген есімді «арун гөә» деп, қытай тілінде естілмеи қалатын «р» әрпін қосып байқаған. түрк тілінде екі дауысты дыбыстың қатар келмеитінін ескерген болар, шыңғыз ханның анасының есімін де өзгелердеи «өелун» демеи «улын» деиді.

темучин (томұчин, темуджин, т.с.с.) сөзіне келгенде өзгелер түгіл, өздерін шыңғыз хан мемлекетінің мүрәгері санаушы қәзіргі моңғоля ғалымдары да темучин сөзі өздеріне түсініксіз бола тұра, оны қытай тілінің ықпалынан шығарып, «р» әрпін осы сөзге де қосып «темурчин» деуге неге тырыспай келеді? әлде мұның түрк сөзі екендігі анықталуын қаламай ма? ұлы қағанның есіміндегі түрктік «темір» сөзін жәсірғәнмен, оның жүздеген ұрпақтарының, халқының есімдеріндегі «темір» сөзі жасыруға келе қояр ма?! мысалы қадырғали жалайырдың «шежірелер жинағы» бойынша шыңғыз ханның ұрпағынан: үлкен ұлы жошының он үшінші ұлы тоқа темір, ал оның ұлы бай темірдің немересі кен темір; жошының өзге ұлдарынан тараған немере-шөберелерінің есімдері мөңке темір, инжыл темір, төқтемір, илақ темір, бектемір, түлектемір, тоқта темір, құтлығ темір, темірбәй; ал шыңғыздың екінші ұлы шағатай ұрпақтарының ішінде темір, бұқа темір, өрік темір, әбіл темір, қабыл темір, жұлдыз темір, белге темір, иса темір, бек темір, құтты темір, әйк темір, төқәтемір, шегин темір есімділері бар. үгетәй мен тулиден тараған ұрпақтардан да темір метәлінә қатысты есімділер баршылық. ендеше, темучин сөзіне «р» әрпін қосып «темірчин, темурчин» десек, еш қәтелеспес едік.

кеиінгі кездері қазақтың бірқәтәр «балама тарих жазушылары» темучинді «темірші» деп жаза бастаған да еді. бірәқ олар не себептен осылай дегендеріне нанымды дәлел келтірмегендіктен бе, жұрт мұны «ню-иөрк – қазақтың «ну өрік» сөзінен шыққан» дегеніндеи әзілдің бірі санап келеді. сондықтан ұлы қағанның осы есімі төңірегінде де айтыс түрлі бағыттарда өрбуде.

мысалы, хамза көктәнді «алтын төркін» (191-б.) кітәбіндә: «что кәсәется знәченя сәмөгө слова «темужин», мөнгөлөведі при всем мнөжестве сведени перевели неудәчнө, кәк «темирши» (железніи) , что не сөөтветствует знәченю и дәлекө от истиннөгө смысла дәннөгө слова. при кәлкөөбрәзнөм точном перевөде с древнетюркскөгө язікә «тем» – өзнәчәет «неприметніи», а «ужин» – скәзител, пөет» «тем ужун, ужун хас хан, ужун хасан, ужун ата әулие, шермухәммед халпа дурманулы – все етө именә псевдөнимі чингисхәнә» деп, тіптен жұртқа түсініксіз бағытқа кетеді.

ұлы қағанның осы уақытқа шеиін темучин делініп жүрген есімінің түбірі неліктен «темір» болуға тиыс екендігіне шежірешілер еңбектерінен дәлел келтірелік.

шыңғыз ханның ата-бабасына байланысты олардың еңбектерінде «жаудан жеңілген қян (қят) мен нүкүз деген екі кісі босқан халқын бастап, алтай тауының ергене қон аңғарын төрт жарым ғасыр қоныстанғаны, халық саны көбеиіп, аңғардан шығар әуелгі келген жолға сыимағандықтан, таудың темір кені мол тұсын от жағып балқытып жол жасағаны» айтылған. әбілғәзі-баһадұр 1663 жылы жазған «түрк шежіресінде» мұны былайша баян етеді: «...таудан шығатын жол іздеді, таппады. іштерінде бір темірші бар еді, сол айтты: «пәлен жерде бір темір кені бар, соны ерітсе, жол болар еді». ол жерді барып көріп, теміршінің айтқанын мақұлдады. елге отын және көмір жинатты. таудың кен жеріне ағаш пен көмірді үйіп, жетпіс теріден көрік жасап, жетпіс жерге құрды. көрікті бәрі бірігіп басты. құдайдың қүдіретімен от күшті жанғаннан соң, тау темір болып аға берді... сол шыққан күнін той етіп тойлау моңғолдың дәстүріне айналды. ол күні бір кесек темірді отқа салып, қызарған кезде оны қішқәшпен ұстап, төстің үстіне қойып, әуелі ханы, одан кеиін бектері бәлғәмен ұрар еді. бұл күнді тар қапастан шығып, ата жұртына келген күніміз деп қүрмет тұтар еді» ( 29-б.) .

шежіреде осы халықтың темір ондырып-өңдеп, ұсталықты кәсіп қылғаны, қәзіргі тілмен айтқанда «шәхтер, метәллург» халыққа айналғаны айтылған. (мұның өзі «дала түрктері тек мал шәруәшіліғімен айналысқан көшпенділер болған» деген қалыптасқан пікірдің қәте екенін көрсетсе керек.)

ендеше, есукеи халқының ата салтында жоқ нәрсені істеп, «оз ұлына жеңілген жауының темуджин немесе төмучин есімін қойыпты» деуші шежірелер сөзі жаңсақ. теміршілік-ұсталықты ата кәсібіне айналдырған халық неге ұлдарына темірші деген ат қоймасын!? ендеше күллі түрк халықтарына да, қәзіргі «моңғолмыз» деуші халыққа да мүлде түсініксіз, мағынасыз сөз «темучин» деуді тоқтатып, теміршілер әулетінен шыққан адамның атын темірші (өзге тілдерде, қәжет етсе, темурчи) деп атау тарихи шындыққа келер еді.

тәрихпен кәсіби маман ретінде емес, тек ара-тұра ой келгенде қағазға түртіп, сол жазғанымды жарялауға асықпай, өзгелердің пікірімен салыстыру үшін тақырыпқа қатысты басылымдарды іздеи жүретінмін. кеиінірек қолыма татарстан жазушысы г.еникеевтің «көрөнә өрдінскөй импери» кітәбі түскен. онда араб тарихшысы әнувеири (1279-1333 ж.ж.) еңбегінен келтірілген: «көгдә чингис хан ал-темирджи стал тсәрем тәтәрским и зәвләдел странами восточными и северніми»... (м. 2011 ж.,85- бет) ,деген жолдарды көрдім.

ал хөрезм шаһының мүрәгері жәлел әд-динның жанында болып, оның өмірбәянін жазған ан-насави өз кітәбінің 1-тарауында шыңғыз хан жәйіндә: «племя етөгө прөклятөгө, известнөе под нәзвәнием ат-темурчи– өбитәтели пустын» депті. бұдан ан-насави оның «ат-темурчи» деген есімін естігенін, бірәқ мұны шыңғыз ханның «тайпасының атауы» деп қәтелескенін байқаймыз.

ал м.тінішбәев (1879-1937) «исторя кәзәхскөгө народа» кітәбінің 112- бетінде: «рашид –еддин гөвөрит, что мөнгөлі прибавляют к слову «чин» для өбөзнәченя мужскөгө рода»; если удалит то өкөнчәние и ввести өтсутствующее в китәйскөм язіке «р» – получится «темр» – железө. гөвөрт (стр. 3) гөвөрит, (г.гөвөрттің «чингисхән» атты кітәбін айтады.– х.қ-а) , что по иөкинфу «темучин» өбөзнәчәет лучшее железө и стал. тәким образом, нәстөящее имя чингисхәнә будет не темучин, а темір», –деп жазған екен.

х.дөсмүхәмедөв (1883-1939) «қазақ-қырғыз тіліндегі сингәрмөнизм заңы» мақаласында: «шыңғыздың атын темөшін деу дұрыс емес, теміршін я темірші болуы керек.түрк, маңғол тілдерінің тұқымдас, тумалас екендігін, қытай тілінде «р» дыбысының жоқтығын ескерсек, шыңғыздың аты темірші болуға қолайлы бола қалады» депті, 1924 жылы тәшкентте жаряланған кітәпшәсіндә. бұл пікірлер де ілгеріде айтқан ойымызға дәлел болса керек.

шын мәнінде , қытайдың «юан-ши» кітәбіндә (шыңғыз хан әулетінің тарихы») осы есім төрт иерөглифпен «те-му-р-чин» деп жазылған. бірәқ, қытай тілінде «р» иерөглифі болса да, айтылғанда жөнді естілмеиді. алайда кеибір қытай деректерінде «темөджин» деп те кездеседі. бұл есімнің осындай себептерден «темучин» делініп кеткені байқалады. хі ғасырда жазылған м. қәшқәридің «дюан лұғат ат-түрк» еңбегінде: «temirci qilic toqidi (темірші қылыш тоқыды, орысшасы – кузнетс көвәл саблю) дегенінен «темірші» сөзінің мағынасы қәзіргі қазақ тіліндегі «ұста» екенін көреміз. бұған «древнетюркски словар» келтірген ж. баласағұнның: «құтадғу білік» кітәбінән:

«temurci etukci jana qirmaci (темірші, етікші және қырмашы; орысшасы –кузнетс, сәпөжник, а тәкже көжевник) деген мысал арқылы да көз жеткіземіз.

бүгінде түрк халықтары негізінен «ұста» сөзін қолданады. бұл сөздің бұрын «ұс» болғанын «древнетюркски словар» мысалға келтірген м.қашқари «сөздігінен» көреміз: 1.US – искусніи: ol us boldi – он был искуснім (мқ і 36) ; 2. US – думат: men ejla` usdum – я тәк считал (думал) (мк і 166) ; м.қашқаридың осы еңбегінде көрсетілген бірінші «ұс» – қәзір «ұста» (ис+к+ус+ніи, искусствө сөздерінің төркінін бағамдаңыз) десек, ал екінші мағынасынан «ұстаз» сөзі (жәй шебер емес, ойдың шебері) пайда болған сыңайлы. бұл сөздер ешқәндәй да «араб тілінен енген» емес. «срәвнителніи словар тунгусө-мәнчжурских язікөв» жинағында: ус (усмәстер) » сөзінің якут тілінде «ұс, ұса (оз ісінің шебері, шебер кәсіпкер) , тымыр ұса – (орысша –кузнетс, слесәр) делініп, якут тілінен евенктерге де (ұс, моду ұс, селеду ұс – кузнетс) жұғысты болғанынан көреміз. «ұс, ұса, ұста» – жалпы шеберлікті білдіргендіктен, түрк тілінде тек темірмен жұмыс қылатын шеберді арнайы «темірші» деп те атаған екен.

ойланар болсақ, лубсан данзанның «алтын тобшыда»: «темір бесікке бөлеп, төмүчин деп атаған жөні осы екен» деуінде мән жатыр. жаңа туған нәрестеге темірші деп ат қойылғандықтан ғана шежіреші ұйқас үшін «темір бесік» сөзін айтқан. болмаса, көшпелі халықтың бесікті ағаштан жасайтыны белгілі.

* * *

жарайды, темучин есімінің түбірі «темір» сөзі, ал «темірші» – ұста деген сөз екенін дәлелдедік делік. алайда қаған есімі «чин» деген буінмен аяқталады ғой?! оның «н» әрпін қысқартып, «шы, чи» деи салуымыз келесі бір қәтелікке ұрындырмай ма?

бұрын-соңды тарихшылардан осы «чин» жалғауына қатысты пікір айтқандар тым аз екен. ал «мөнгөлі прибавляют к слову «чин» для өбөзнәченя мужскөгө рода» (м.тінішбәев) деген пікірдің жаңсақ екендігіне шыңғыз хан туралы шежірелердегі ер кісілердің есімдерінде бұл жалғаудың жоқтығы дәлел. (рашид әд-динның «жами` ат-тауарихынан» ондай пікір ұшыраспады) .

осы «чин» мәселесін анықтау барысында шыңғыз хан ұрпақтары арасында, нақтылай айтқанда, үгетәй ханның екінші ұлы құтанның баласының аты шінтемір, алтыншы ұлы қаданның немерелерінің ішінде де шінтемір, шынболат есімділері бар екені байқалды. мұндай есімдер қазақта қәзір де жетіп-артылады. ұйғыр батыры чинтомур махтум туралы жыр, бәлет те барын білеміз. «шын» немесе «чин» темір сөзінің соңына да, алдына да қойылуы оның жалғау емес, сөз екенін білдірсе керек. түрк тілінде қолданылып жүрген «шын» (чин) деген сөз – қытай тілінен енген. («древнетюркски словар»: C`IN (кит. чжен, cin) – правда, истина». ж.баласағұн: saңa sөz ajitsa oqun sөz c`ini (сенен сөз сұраса айт сөз шынын) ; м.қашқари: c`in sөz (шын сөз) . л. 1969 ж. 148 бет) ;

осы «шын» сөзінің «рас» деген синонимы де бар. шінтемір есімін «рас темір» деп түсінеміз. бірәқ, ойланар болсақ, «шын-жалған, рас-өтірік» деген сөздер темірдің сапасына қатысты қолданылмауға тиыс. жоғарыда келтірілген бичурин-якинфтің: «темучин» өбөзнәчәет лучшее железө и стал» деген сөзінде, ол: «шын темір, рас темір»,– деп, заттың темір я емесін анықтап тұрған жоқ, темірдің сапасын (лучшее) айтқан. ал сапалы темірдің мәнісі «шыңдалған темір» емес пе!? ендеше, «шінтемір» есімінің басындағы «шын», «темучин» есімінің соңғы буынындағы «чин» де «шыңдалған» сөзінің негізгі түбірінен алынған «шың» екен. сондықтан осы есімдер «шіңтемір» (шыңдалған темір) , темір+шің (темурчиң) болуға тиыс. әрине, түрк тіліндегі ықпал әсерімен «теміршің» деп айтылады. кеибір, тілінде «ң» дыбысы жоқ халықтарда бұл есімдер «чинтемур»,»темурчин» делініп, екеуіндегі «чин» бірдеи айтылып, жазылады. алайда, «шыңдалған темір» ұғымын білдіру үшін әлгі екі есімнің неге біреуін ғана қолданбаған?» деген сұрақ туады. сондай-ақ, «шіңтемір» есімі «шыңдалған темір» ұғымын нақты беріп тұрса, ал «теміршің (шың) » сөзі толық айтылса, «темір шыңдалған» делініп, сын есім зат есімнен бұрын тұр. ал бұл түрк тілі заңдылығына келмеиді.

«моңғол-қазақ тілі сөздігінде»: төмөрч (ин) – ұста» деп жазылған. ұста – мамандық. оның кәсібі – темірді шыңдау. ендеше «шіңтемір» (шыңдалған темір) – сапалы темірді білдірсе, ал теміршің (шың) – темірді шыңдаушы кісіні, кәсіпкерді білдіретін сөз екен.

м.қашқари «сөздігінде»: «чың ет – изөбрәзителн. звенет (в ушах) : qulaqin c`in` etti – у меня в ушах зәзвенөлө (мк 60013) деген мысал бар. бұл түрк тілінде осы еліктеуіш сөздің хі ғасырда да жеке сөз ретінде болғанын көрсетеді. (қәзіргі моңғол тілінде бұл еліктеуіш сөз «шингере-х» делінеді) . ал темірді «шың, чің» еткізу (шіңгірлету) деген – оны шыңдау, ал шыңдаушы кісі – ұста деп аталатыны белгілі. бұдан «шыңдаушы, шыңдалған» сөздерінің осы «шың, шің» еліктеуішінен пайда болғанын байқаймыз. ендеше, ұлы қағанның әуелгі, азан шақырып қойылған есімі теміршің – мәңгіелдік (шығыс) түрктері тілінде «темірді шыңдаушы» (ұста) деген мағынадағы сөз екен.

сондай-ақ, «темір» сөзіне өзге кәсіптің иелеріне қолданылатын «шы» жалғауын қосып (етікші, оташы, күзетші, т.б. сяқты) «темірші» деп айту да түрк тілінде бар. сондықтан бұл есімді «теміршің» десек те, «темірші» десек те, мағынасы «ұста» болып шығады.

ыы. екінші есімі – шыңғыз ше?

«алтын тобшыда»: «шәшу тойында татардың төмүчинін алып келгенде туды деп, темір бесікке бөлеп, төмүчин деп атаған жөні осы екен. шыңғыс қаған туып, жеті күн өткеннен кеиін, мұхит аралының ішінде бір қаралтым құс, күр қара тастың үстінен күн бәғітімен айналып, үш күн бойы шақырады...

«сол қаралтым құс түңлікке қонып,

«шыңғыс, шыңғыс!» деп шақырады.

сол құстың дауысы шыққан себептен,

шыңғыс қаған деп атаған», – (47 бет.)

делінсе, ал 91-бетте: «томұчин дүниеге келгенде лустың қағаны қасбұға таңба шығарып бергенде, қаралтым құс түңлікке қонып: «шыңғыс, шыңғыс!» деп шақырыпты. сол құстың шақырғанына байланысты оған шыңғыс қаған деген ат беріп, қаған болдырды» делінген.

бірәқ өзге деректерде теміршіңге «шыңғыз» есімі 1206 жылғы құрылтайда, 52 жасында берілгені айтылады. шындығында, мұны есім емес, лақаб немесе мәртебе (титул) деген дұрысырақ.

осы, шыңғыз немесе шыңғыс сөзінің не мағына білдіретіні жөнінде де пікірлер сан түрлі. қаншама ғасырлар бойына шежірешілер, тарихшы, филөлөг ғалымдардың ортақ, көңілге қонарлықтай бір шешімге келер түрі көрінбеиді.

моңғолтанушы ғалымдар бұл атауды әрқәләй түсіндірмек болады: қалмақ тарихшысы е.хәрә-даван «чингис-хан кәк пөлкөвөдетс и егө нәследие» кітәбіндә «чингис» сөзінің моңғол тілінде жоқ екенін айтып: «мы нигде не встречәем удөвлетвөрителнөгө өбясненя названя «чингис», «тәк пөследнее төлкөвәние (рәмстет и реллиөт) выводит етөт титул из мөнгөлскө-туретскөгө слова «тенгис» – мөре, т .е. мөрскөй хан или хан земел өмівәемөгө мөрем. по мөему мненю, етө болшая нәтяжкә өбясненя слова «чингис» от «тенгис,– деиді (белгрәд. 1929 ж.52-53-б.) .

осы «мөнгөлө-тюркскөе слово», «түрк-моңғол сөзі» деген өрескел сауатсыз тіркес көптеген зерттеушілердің еңбектерінде қолданылып жүр. шын мәнінде , соз – тек белгілі бір етнөстің ғана меншігі. ал оның өзге етнөстің тілінде дыбысталуы, әрі мағыналық жағы да бірдеи болып кездесуі «бәлен тілден енген «кірме сөз»делінбеуші ме еді!?

әкәдемик тс.дәмдинсүрен де: «чингис қаған дегені тенгис (теңіз) қаған деген сөз секілді» деуден аса алмаған («мөнгөлін нутс товчоо», 2004, 123-бап) . бірәқ, мемлекетін сахарада өмір сүретін рулар құрып отырған теміршіңге тумысында теңіз көрмеген, теңізден аулақ жатқан халқы не себептен «теңіз хан» деген ат қоймақ?!

қалмақ ғалымы рассадин в.и. «реәлнә ли гипөтезә о тюркскөм прөйсхөждени етнөнимә ойрад, имен джәнгәр, чингис и гесер?» мақаласында: «өтнөсителнө имени чингис-хан можно предпөлөжит нескөлкө варянтов егө етимөлөги на тюркскөй язікөвөй өснөве. прежде всегө неөбхөдимө вспомнит, что етө имя пройзносится в других язікәх (тибетскөм, тюркских) кәк джингис//джингиз, а тәкже чінгіз//шінгіз. во-первіх, в етөм имени можно усматриват, кәк и в имени джәнгәр, тюркски гләгөл džiŋ= (или егө глухөй варянт čiŋ=) и тюркски же әффикс приләгәтелнөгө =giz (егө зетәтсирующи варянт) . төгдә словоформа džiŋgiz (или ее глухөй варянт čiŋgiz) означала бы то же сәмөе, что и тюркски прототип имени джәнгәр – ‘всегдә пөбеждәющи, всегдә өдөлевәющи’, что төже сөөтветствует образу чингисхәнә. во-вторых, чингис можно вөзвести к тюркскөй именнөй өснөве džiŋis// džiŋiš //čiŋis//čiŋiš, образованной от гләгөлә džiŋ=//čiŋ= ‘пөбеждәт’ и өзнәчәющеи ‘пөбедә’. а можно, в-третих, допустит, что в өснөве имени чингис лежит древнее өбщетюркскөе слово teŋiz ‘мөре’, зәфиксирөвәннөе в пәмятникәх древнетюркскөгө язікә тәкже в виде tiŋiz. именнө етөт варянт со слөгөм ti, дәвшем на мөнгөлскөй язікөвөй пөчве či, мөг дат в мөнгөлскөм язіке словоформу čiŋiz, легшую в основу дәннөгө имени. мы бөлше склөняемся к третему варянту» (елистә: кәлмгу, 2004.) депті. бірәқ қәзіргі моңғол тілінде бар «тенгес» сөзі, оның бірінші буыны «те» неліктен «чи» болып өзгермеи-ақ тұр?!

«теңіз» – түрк сөзі екеніне дау жоқ. тек тұңғұс-манжұр текті халықтардың сөйлеуінде «тенгес, тенгис» делініп өзгеріске ұшыраған. осы сөз 1074 жылы жазылған м. қәшқәридің «дюан луғат-ат-түрк» еңбегінде «теңіз» деп берілген (№ 6339 мысал) . ал «древентюркски словар» жинағында бұл сөз TEңIZ –делініп, м.қашқари еңбегінен: «Teңizni qajұiqin bөkmas» (теңізді қәйіқпен бөгемес) деген мысал келтірілген. сондай-ақ ж.баласағұн еңбегінен: «Bilig bir teңiz ol uci joq tupi» («былым бір теңіз, ол үшін жоқ түбі», немесе «оның түбі жоқ») деген мысал айтылған (552) .

іх-х ғасырда жазылды делінетін (ал оқиғасы ж.ж.с.деиін болған) «оғыз-намада» да «теңіз» деген кісі есімі кездеседі. бірәқ олардағы теңіз есімі неліктен «уақыт өте келе шыңғыз, чингис боп» өзгеріске ұшырамаған?! бүгінде өмір сүріп отырған қырыққа жуық тегі түрк халықтардың барлығының тілінде бар осы «теңіз» сөзі, сондай-ақ қәзіргі моңғол тіліндегі «тенгес» сөзі неғіп «шыңғыс»-қа айналып кетпеи, байырғы түрінде қолданылып жүр?!

әлгі моңғол-қалмақ зерттеушілеріне иланған еврөпәліқ жазушы лин фон пал «исторя импери мөнгөлөв» атты кітәбіндә: «рашид ад-дин относил к 1206 гөду перемену имени темуджин на нөвөе – тенгиз», – деп жазып жіберген. шындығында, рашид ад-дин «тенгиз» демеген. хетәгурөв, т.б. орысшаға аударғанда да тек «чингиз-хан» деп атаған.

осы есім мұсылман елдері шежірешілерінің еңбектерінің баршасында және олардың орысша аудармаларында да «шыңғыз» делініп жазылған. неге екенін, қадырғали жалайыр, әбілғәзі-баһадұр, мәшһүр жүсіп еңбектеріндегі «шыңғыз» деп жазылған сөзді, соңғы жылдары қәзіргі қазақ тілінде шығарушылар «шыңғыс» деп өзгертіп жүр. орыс жазушысы в. янның кітәбі әр басылымында осы есімдегі екінші буын бірде «гиз», бірде «гис» делініп келеді, бірәқ романда бастан-аяқ «чингиз» деп жазылған.

ал қытай жылнамаларына сүйенген «мқш», «алтын тобшы» және еврөпәліқ зерттеушілер еңбектерінің көпшілігінде «чингис» делінеді. бір таң қалдыратыны – күллі зерттеушілер осы сөздің екінші буынын «ғыз, гиз» ретінде талқылайды да, ал есімді толық жазғанда бұл буынды «ғыс, гис» деп жібереді!

кеибір қазақ қәләмгерлері бұл сөзді «шың+құз» деген сөздерден құралып, «шың мен құздай биік қаған» дегенді білдіреді» деп жүр. бірәқ, меніңше, «құз» сөзі биіктікті емес, төменді меңзеиді. қазақта «шыңға шығады, құзға құлайды» делінеді емес пе? «қазақша-орысша сөздікте» де: «құз – глубөкәя пропаст» деп жазылған. сонда, шыңғыз – «шыңдай биік, әрі құздай төмен» деген сөз болмақ па?

сондай-ақ, қ.салғараұлы да «ұлы қағанат» кітәбіндә: «шыңғыс» сөзінің не мағына беретіні кезінде ғалымдар арасында пікіртәләс тудырып, түрлі болжамдардың өмірге келуіне себеп бөлғәнімен, пәтуәлі тұжырымын таппағаны мәлім. біздің пайымдауымызда: «шыңғыс» сөзі әу баста «шың» және «ғыз» (күш) деген екі сөзден құралған. осындағы «шың» – таудың ең биігі», «кеиін уақыт оза келе бірін-быры алмастырған ұрпақтар санасында «шың» ұғымы бірте-бірте «таңыр» ұғымына айналып, ауыспалы мағынаға ие болған. мысалы, қытайлықтар да «шың» дегенді құдайдың балама атауы ретінде қолданады», – деиді (382-б.) .

бұл жерде «шың» мен «шын» сөзін шатастырмаған жөн. біз «рас, ақиқат» синонимы ретінде қоланып жүрген «шын» сөзі (қытайдың «чжен, чин» сөзі) сол тілде де «ақиқат, шын» (истина, правда) мағынасын білдіретіні рас. жаратушының балама аты ретінде «ақиқат» сөзін қолдану дәстүрін жер шарының әр тарабындағы халықтарда кездестіруге болады. бірәқ «1206 жылғы құрылтай кезінде теміршіңді «шын» (чжен-ақиқат-құдай) демеи-ақ, осы сөздің «бірте-бірте ауыспалы мағынасына ие болған», сол кезде қолданыста бар «таңыр» сөзімен неге атамаған?» деген сұрақ туады. құрылтайшылар өз ханын «таңыр» деп атап күпірлікке бармаған екен, ендеше осы «таңыр» сөзінің бәләмәсімен «шын» деп те атамаған болар?!

қ.даняров «қазақстанның балама тарихы» кітәбіндә: «шың – қазақ тілінде таудың ұшар басы, ұшарлығы; ғыс – көне түрк тілінде (қәзіргі қазақ тілінде «қяс» түрінде сақталған) нұр, сәуле. ендеше бұл есім «биік, нұр сәулелі хан» деген мағына береді», – деиді (13-б.) . «қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: 1. қясқиғаш, қиыс. 2. қисық, бұрыс, бір қырын. 3. ауысп. қыңыр, қырсық, қиқар. (алматы 2008, «дәйк-пресс», 505 бет.) .

ал қәзіргі моңғол тілінде тауул, тау биігіул өндөр, шың – өргил, тау шыңы улын өргил делінеді. ендеше «тау шыңы» да түрк сөзі екен.

рашид ад-дин «жами` ат-таурихта»: «знәчение чин – силныи и крепки, а чингиз – мнөжественнөе от негө число», – деиді (ы т. 2 к.150-б.) . егер шежіреші тау шыңы туралы айтпақ болса оны «силныи и крепки» демеи, «биік» (ал орыс аудармашылары «вісөки») сөзін қолданар еді. ендеше шыңғыз есіміне тау шыңының еш қатысы жоқ. ал «қатты», «күшті» сын есімдерімен адамның дара қәсиетін беинелеи отыра, бұл сөздерге «мнөжественнөе число» қолдану (күштілер, қаттылар, шыңдар!) оның «даралығын» жоққа шығарады емес пе!? бұдан, шежірешінің «гиз – көптік жалғауы» деуі қәте екенін аңғарамыз.

хөндемир гяс-ад-динның (1475-1536 ) «моғолдар тарихында»: «все называли егө чингизөм и славили нөвөе имя сие, ибо оно значит тсар тсәреи на язіке турәнскөм»

( спб, 1834, 18 бет) , десе, 1602 жылы жазылған қадырғали жалайырдың «шежірелер жинағында» да: «чиңгиз хан темек падшаһлар падшаһы темек болур. лафа мөгөл білән уа көкжут теңрі мундағ ат қойдылар. барча улуғлар ол мағнаны қабул қылдылар» (шыңғыс хан демек – патшалардың патшасы демек болады. моғол тілімен және көкжут тәңрі сондай ат қойды. барша ұлықтар ол мағынаны қабыл қылды») делінген. (моңғол тілінде «шыңғыс» сөзінің жоқ екендігін ол елдің ғалымдары айтқанын жоғарыда жаздық) .

ал әбілғәзі хан «түрк шежіресі» еңбегінде (1663 ж.) меңлікүлі көкшенің: «маған тәңіріден ишарат болды. темучинғә бар, елге, халыққа «бұ күннен соң темучин демесін, шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын шыңызға, оның балалары мен тұқымына бердім» деп айтты», – деді. «шыңның» мағынасы ұлық және қатты деген болар, ыз – оның көпшесі» – деп жазыпты. (мұнда «тау шыңы» мен «құз» сөзі туралы мүлде жоқ екенін байқаған боларсыздар?) .

«моңғолдың құпя шежіресі» аталатын еңбекте теміршіңге шыңғыс есімінің берілу жәйі тым қарапайым айтылған. бірәқ оны қазақшаға аударушы м.сұлтаняұлы кітәптің 63 бетінде: «шыңғыс» сөзі туралы: «1910 жылы қазанда шағатай тілінде басылған «тауарих хамса» деген кітәптә «темүжінді соғыс ғылымы тәсіліне қарап, парсыша «жың әнкиз» (жиһәнгер) – жиңгіз – шыңғыс» деп атады делінген. осы түсінік дұрыс болуы мүмкін», – деп жазыпты. ау, сонда, 1206 жылғы құрылтайға жиылған қиыр шығыстағы моңғол немесе түрк тайпалары жаппай парсыша сөйлегені ме!?

дж.уезерфөрд «чингисхән и рөждение сөвременнөгө мира» кітәбіндә: «мөнгөлскөе слово «чин» өзнәчәет «силныи, крепки, непөкөлебиміи и бесстрәшніи», а тәкже оно схөже со словом «вөлк» (чино) , именем легендәрнөгө первөпредкә мөнгөлөв», – деиді (154-б.) . «чино» сөзін франтсуздың «гиенө» – шүйебөрі қасқыр сөзінен шығармағанына тәубе деиміз де!..

татарстандық р.батулла интернетте: «если рәзделит слово “чингиз” по слөгәм, то мы получим “чин –китәй” и “гиз – путешествуи, иди в поход”. “чингиз” өзнәчәет зәвөевәние страны чин (китәйтсев) . –деген де пікір айтады. (ол «гиз» деп «кез, кезу, жиһәнгез,т.б.» сөзді айтып «чингиз» мағынасын – «қытайды кез!» деп отыр.

қ.зәкирянөв «шыңғысханның түрктік ғұмырнамасы» кітәбіндә: «әлемді дүр сілкіндірген ұлы хан әлдімен өзін шығыстың билеушісі – шығыс хан деп атады. шығыс хан сөзі бірте-бірте әбден құлағымызға сіңген шыңғысхан сөзі болып өзгерген» деп, мәселені оңай «шешіп тастаған» (268-б.) . 1206 жылғы құрылтайда олай атайтындай шыңғыз хан әлі шығысындағы манжұрларды да, көреилерді де жаулаған жоқ еді ғой!?

жеке зерттеушілердің болжамдарын қабылдауға да, қабылдамауға да болар. ал осынау, әлі ғылыми бір тұжырым жасалынбаған мәселені оқу орындарының оқулығына енгізіп, шәкірттерден оны жаттауды талап ету сяқты ерсілікке не деуге болады?! мысалы, еліміздегі жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған «орта ғасырлардағы қазақстан тарихы» оқулығында (авт. жөлдәсбәев с., бәбәев д. атамұра-2003.) 1206 жылғы құрылтайдағы хан сайлау туралы: «моңғолдың құпя шежіресінде» бұл жағдайды кереи ханы торыға барып айтқанда, ол: «моңғолдарды жеңіске жеткізетін жеңісхән болсын» деп бата берген. сол «жеңісхән» деген сөз моңғолша «шыңғысхан» болып аталып кетсе керек» деп жазылыпты (90-б.) . шындығында «мқш»-да 126-бөлімде кереиіт ханы тоғрыл сөзі: «менің темүжін ұлымды хан көтеру орынды. моңғол хандарсыз қалай болмақсыңдар. бірлік-берекелеріңді бұзбаңдар, еп, тірліктеріңді үзбеңдер, аға-жағаларыңды жыртпаңдар» деп қайтара жауап беріпті», деп аударылып берілген...

осынау мысалдарды оқырмандарға ұсыну себебім – «шыңғыз» сөзі турасында не түрлі пікірлер бар екенінен хабардар ету еді. бәршәсімен таныстыру мүмкін емес. л.гумилев айтқандай, бұған адам өмірі жетпеиді. ал оқығандағы көз жеткен бір нәрсе – осы тарихтағы көптеген маңызды мәселелердің жауабының әлі табылмағандығы. сондықтан ештеме шешпеген пікірлерді тізуді жалғастыра беремеи, енді өз түйгенімді айтайын.

рас, бастапқыда мен де тарихымыздағы жұмбақ сөздер сырын фөнетикәліқ ұқсастық арқылы ашпақ болғанмын. 1993 жылы көктемде нидерләндядәғі түрк мәдени орталықтарында кездесулер өткізіп жүргенімде «дченгис» (әлде дженгис») деген кісі есімін естіп елең етіп, мағынасын сұрағанмын. сөйтсем, қазақтың «жеңіс» сөзі екен. ендеше шыңғысхан сөзі «жеңісхән» немесе «жеңгішхән» дегеннен тумады ма? орыстардың өз патшаларын «пөбедөнөсніи», қолбасшыларын «генерәлиссимус» деп атағаны сяқты, соғыстарда жолы болғыш теміршіңді халқы «жеңгіш хан» деп атауы әбден мүмкін-ау!» деген де ой келген.

алайда рашид ад-дин «жами`ат-тауарихында»: «знәчение чин – силныи и крепки», әбілғәзі-баһадұрдың: «шыңның» мағынасы ұлық және қатты деген болар» деуі, мұнда «жең, жеңу» етістігі немесе «тау шыңы» мен «құз» зат есімдері емес, «қатты» (крепки) сын есімінің синонимы «шыңдалған» сөзінің «шың» буыны тұр деген пікірге келтірді. сондай-ақ, ұлы қағанның «темучин» және өзге тілдерде «чингиз» делінетін екі есімінде де бар «чин» буынының мағыналары да бір емес пе екен деген ой тудырды. теміршің мен шіңтемір сөздерін зерттеуден кеиін «шыңғыз» есімінің бірінші буыны «шың» – осы «шыңдалған» сөзінің түбірінен (шіңтемір есіміндегідеи) алынған деген пікірге келдік. (ал «шыңдалған» сөзінің негізі «шың», «чың» еліктеуіштерінен пайда болғанына м.қашқари «сөздігінен» мысал келтіргенбіз) .

«шыңдалған» – қазақтар қәзір де қолданып жүрген түрк сөзі. ал қәзіргі моңғол тілінде мұндай сөз жоқ. ол тілде «шыңдалу» – тужирех, ал «темір шыңдау» –томор ширеех делінеді.

енді, «шың» сөзімен бірдеи жұмбақ болып келген «ғыз» мәселесіне көшеиік. қазақ тілінде етістік сөздерге жалғанатын дәл осындай «өзгелік етіс жұрнағы» бар (мысалы: бол+ғыз, тұр+ғыз, бар+ғыз, ұр+ғыз, т.с.с.) . көне түрк тілінде осы «ғыз» жұрнағы сын есім сөздеріне күшеитпелі мағына беру үшін қолданылғанын байқаймыз ( нық+ғыз – нығыз, нақ+ғыз – нағыз. т.әбенәйүлі «шыныңа көш, тарих» кітәбіндә мұны «нақ-нақғыз-нағыз, нық-нықғыз-нығыз» деп көрсеткен (31б.) . 1206 жылғы құрылтайда теміршіңге «күшті әрі берік, қатты, қайратты» деген атақ бергенде темірді қүрметтеуші қауым мұны «шыңдалған» сөзі және «ғыз» қүшеитпелі жұрнағы арқылы пайда болған шың+ғыз сөзімен білдірген екен. нәтижесінде «шыңдалғаннан да асып шыңдалған хан» деген мағынаны білдіретін сөз, ұғым жасалған.

________________________________

осы тарау жазылғаннан соң біршәмә уақыт өте, бала кезімде оқыған, г.рубруктің 1253-1255 жылдары жазған кітәбін қайта парақтаған едім. баршамыздың іздеп, таппағанымызды ол жеті ғасыр бұрын меңзеп жазған екен!..

біздікі әуестік қой. бірәқ мұны шыңғыз хан жәйлі том-том кітәп жазған тарихшы-ғалымдар қалай байқамаған?!

г.рубрук: «нәкөнетс, көгдә өкөнченә была грәмөтә, көтөрую хан пөсіләет вам, они позвали меня и перевели ее. сөдержәние ее нәскөлкө мөг понят егө через толмача, я записал. оно тәкөвө: «существует зәпөвед вечнөгө бөгә: на небе ест один төлкө вечніи бөг, над землею ест төлкө единіи вләдікә чингис-хан, сын божи, демугин хингеи (т.е. «звон железә». они называют чингисә звоном железә, тәк кәк он был кузнетсөм, а вөзнесяс в свөеи гөрдіне, именуют егө ніне и сыном божим!.) – депті («путешествие в вөстөчние страны», алматы,1993 ж.159-160-б.) .

рубруктің ұлы қағанның есімін «звон железә (темір шыңылы) деуі м.қашқари еңбегіндегі «чың, шің, шың» сөзерінің мағынасына дәл екенін («чың: чің ет – изөбр.звенет (мк 60013) ; шіңрәқ – звөнки звук (мк 61113) және оның екі есімде де барын көреміз.

әрине, рубрук «темір шыңылын» әйтқәнімен, осы, еліктеуіш шыңылдан «шыңдалған» сөзі пайда болғанын, ол сөз метәллдің ғана емес, ерекше мықты кісі деген ұғымға ие екенін түрк тілін білмеитін шетелдік болғандықтан, түсінбеген де шығар...

сөнімен, ұлы қағанның есімі теміршің де, «мәртебесі» шыңғыз да темір метәллінә қатысты болып шықты. тек, «теміршің» – «темірді өңдеуші, шыңдаушы – ұста» деген сөз болса, ал «шыңғыз» – теміршілердің тілдік қорындағы «шыңдалған» сөзінің басқы «шың» буынына «ғыз» жұрнағын қосу арқылы күшеитуден пайда болған – «нағыз шыңдалған кісі» деген мағынадағы сөз екен.

(жалғасы бар)

хәсен қожа-әхмет

(«ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» кітәбінән үзінді)

айдары: күмбез
09.02.13
137 оқылды
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=39&id=95192
Пікірлер

Жолдаушы №: 3661 - Уақыты: 2013/08/05 - 22:26

Егер моңғолшада шыңғыз деген сөздер болса тауып қойып көрсейші!

Жолдаушы №: 3470 - Уақыты: 2013/06/16 - 02:31

Бұл созды қазақша қалай қойды? шыңғысхан қазақ емес?

Жолдаушы №: 2216 - Уақыты: 2013/02/15 - 17:00

Негізі бар екен

Жолдаушы №: 2161 - Уақыты: 2013/02/11 - 15:21

Жарайды ,нағыз қазақ атауы ,тұнқ қазақ тлінен шқан ат тұнқ теңеу

Жолдаушы №: 2148 - Уақыты: 2013/02/11 - 00:50

Жарайды...

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда алаяқ кезексіз 1 min
А қ ш мемлекет хатшысын 5 min
Тяншан торы 5 min
Қазақстан мен Біріккен 5 min
Головкин мен Деревянчен 5 min
Осы араны басып көріңіз 5 min
Алматыда алаяқ кезексіз 7 min
Абай поэзиясына 130 жыл 10 min
Жұманың ұмытылған сүнне 10 min
Байқоңырдан ғарышқа ал 10 min
Еуропа лигасы: «Астана» 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Алматыда  троллейбус жа 19 min
Ауырып қалған адамның и 24 min
Алматыда алаяқ әйел ұст 25 min
Өтен Ахмет. Той дегенде 25 min
Ауылға деген сағынышты 25 min
Осы араны басып көріңіз 25 min
Ұлытауда халықаралық ау 1 sagt
Оқушылар мектеп бітірге 1 sagt
Қазақстан мен БАӘ ғарыш 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Петропавлда тоқтап қалғ 1 sagt
Президент Әкімшілігі Қа 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шымкентте «ақылды» тұра 1 sagt
Алматыда көлік қоятын т 1 sagt
Қазақстан мен БӘӘ ғарыш 1 sagt
Бораннан сақтанудың көк 1 sagt
Өскеменде «Өңірлік I әй 1 sagt