
жолдас нұрсұлтанұлы
жуырда «феисбук» әлеуметтік желісіндегі қисапсыз ой-пікірлердің арасындағы жолдас нұрсұлтанұлы деген жігіттің жазғаны елең еткізді. өз жазбасын латын әліпбиінде ұсынып отырған ол алаш арыстары, қазақтың ұлт қәйрәткерлері туралы бастырмалата сұрайды. соның ішінде «кешегі өткен мұстафа шоқайдың, міржәқіп дулатовтың, тағы басқа тұлғалардың ұрпақтары бар ма, олар қазақ па, әлде, өзге ұлтқа сіңісіп кетті ме, бар болса, қайда тұрады?» деиді ол… артынша «быздың басылымды сатып алып, оқыңыз, сонда барлығы жазылған» деген журнәлистке өзінің қазақстандағы бәспәсөз құралдарын оқи алмайтынын, шет елде тұратынын айтыпты…
қиырда жатып, қандасын іздеген бауырымызды интернет арқылы әңгімеге тартып, аз-кем ой бөлістік.
– жолдас, сіз жаңа «феисбук» арқылы алаш арыстарының ұрпақтарын сұрап, хат жазып жаттыңыз…
– иә. өйткені, кешегі өткен асылдарымыздың ұрпақтары қайда, қалай өмір сүріп жатқанын шінімен білгім келеді.
– біз сізбен «астана ақшамы» гәзетіне сұхбат алсақ деп отырмыз.
– сіздердің гәзеттеріңізді мен жақсы білемін. сайттарыңызды қарап отырамын. бізде сіздердің гәзеттеріңіздің төте жазудағы нұсқасы да бар. ол www.elarna.com мекен-жәйіндә орналастырылған.
– сонда қалай? сіз сонау пәрижде тұрып, алыста жатқан әтәмекендегі ақпарат құралдарын назарда ұстап отырсыз ба?
– иә, шамамның жеткенінше. кеңірек тоқталсам, «астана ақшамының» кирилл жазуындағы нұсқасын да шығарып отырмыз. мұнда қазақстанда тарап жатқан 40-қа жуық ақпарат құралдарынан іріктеліп алынған маңызды мақалалар салынып тұрады. «астана ақшамы» солардың ішіне кіреді. ал, қытайдағы бар қазақ осы сайт арқылы әтәмекен жәңәліқтәрімен онда қандай мәселелер көтеріліп жатқанынан хабардар болып отыр.
– жөн екен. бұл бастаманы қашан қолға алдыңыздар?
– қытайда қазақша сайттар жақсы дамыған. бұл сайт әзірге менің өз жобам болып қалып отыр. өткен жылдың наурыз айында қолға алғанмын. қәзір қытай қазақтарына қолайлы болу үшін осылай екі түрлі әліпбимен күніне орташа есеппен алғанда 300-500-ге жуық хабар таратып отырмыз.
– осыған қарап, шетелдегі қазақ дяспорасының қәзәқстәнмен ақпараттық-рухани байланысы жақсы деп айтуға бола ма?
– солай деп ойлаймын.
– «туған жерім – қытай, шыңжаң өлкесі» деп көрсетіпсіз. қытайда соңғы жылдары қазақ мектептері жабылып жатыр дегенді естіп қаламыз. сіз туған өлкеде қазақ мектептері бар ма?
– иә, мен қытайдың құлжа қаласының үлкен-бура ауылында туғанмын. туған жерім қәзәқстәнмен шекәрәләс жатыр. ол жерде мектептер көп. бәрі қазақ тілінде сабақ береді. өйткені, онда қазақтар көп тұрады. мәселен, менің үлкен-бура ауылымда біз оқып кеткен мектепте әлі күнге тек қазақ тілінде сабақ беріледі. қытай тілі арнайы пәндерде ғана оқытылады. ондай ауылдар көп. сондықтан да, біз көбіміз мектепті қазақша оқып, университетте қытайша білім алдық. ал, қәзір баласының болашағын ойлап, қытай мектептеріне беріп жатқан ата-аналардың бар екені рас.
– пәрижге қалай барып жүрсіз?
– мен мұнда University of Paris-Sud (University of Paris XI) деп аталатын жоғары оқу орнында физикә-химя саласы бойынша мәгистрәтурәдә оқып жатырмын.
– франтсуз жұртында тұратын қазақтар көп пе екен? өләрмен араласып тұрасыз ба?
– иә, пәрижде тұрақты тұратын 300-деи отбасы бар екен. олардың көбі – бұрын түркядән келгендер.
– өләрмен қай тілде сөйлесесіз?
– негізінен, ағылшынша сөйлесеміз. өйткені, мұндағы қазақтың көбі қазақша білмеиді. әрине, оларды ана тілін ұмытып кетті деп кінәләуғә болмайды. бәрі ортаға байланысты. мұның ең басты себебі, бұл елде тұратын қазақтың аз болғаны деп те ойлаймын.
– өзіңіз қазақстанға, астанаға келіп көрдіңіз бе?
– бұрынғы бір жылдары алматыға барып көргенім бар. ал, астананы әлі көрген емеспін. алаш жұртының айбынды қаласына айналып келе жатқан астана, азат қазақстанның жаңа елөрдәсі жәйлі көп естиміз мұнда. барғымыз келеді…
– сіз қазақстандағы замандастарыңыздың кириллитсәмен жазғандарын оқып, өзіңіз латынша жазсаңыз да, байланыс орнатып отырсыз ғой. кириллитсәні қалай үйрендіңіз?
– біз қытайда көне төте жазуын, яғни, араб қәрпін қолдандық. университетке оқуға түскеннен кеиін интернетке кіріп жүретінбіз. қазақ тіліндегі сайттарды ақтарып, әтәмекендегі болып жатқан оқиғалар туралы мағлұматтарды оқуға құмартушы едік. бірәқ, ештеңе түсінбеитінбіз, әліпби бөлек болғандықтан, оқи алмаймыз. содан атажұртқа, қазақстанға деген бір аңсар бізді алға жетелеи берді. ақыры өз бетімізше ізденіп, қайта-қайта оқып, танысып, кирилл жазуын үйреніп алдық.
– қазақстанда санаулы жылдардан соң латын әліпбиіне көшетін болып шешім қабылданды. көзқәрәсіңіз қалай?
– бұл туралы елбәсі көтергенін, ол ғалымдардан қолдау тапқанын естіп, қуанып жатырмыз. әрине, өте құптарлық бастама. қәзір шетелдегі біздердің өздеріміз «қазақстан қашан латын әліпбиіне көшер екен» деп, елеңдеумен жүрміз.
– қазақстанның болашағын қалай елестетесіз?
– қазақтың болашағы зор деп білемін. аяқтан тік тұрып келе жатқан елімде жақсы бастамалар жүзеге асырылып жатыр. еліміз қарқынды дамып келеді. бұған өте қуаныштымыз. біз сырт елдерде жүрсек те, әтәмекеніміз қазақстанды ойымыздан шығарған емеспіз. әрдәйім еліміздің тілеуін тілеп, тілекші болып отырамыз. қазақстанның болашағы нұрлы боларына сенемін!
әңгімелескен:
гүлмирә әймәғәнбет, нәзирә бәйірбек