Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

Жеті ата және шежіре



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақиқат журналы

Жолданған уақыты: 04:44 - 2013/01/09

жеті ата және шежіре

әлем халықтарының салт-сәнәләрімен салыстырғанда ұлттық мәдениетімізде мәқтәнішпен айтатын қәсиетті дәстүр­леріміз баршылық. соның бірі – ата-бабамыздан жалғасқан, бүгінгі күндегі өзіқ медитсинәнің дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным, жеті атаға толмай қыз алыспайтын қазақи шежірелік жүйе. ол – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында ата-тектің жалғасуын реттеитін қәсиет. осыған байланысты ежелден бері қазақ халқында өзінің жеті атасын білуі әрбір азаматтың борышы болып саналады. сөнімен бірге бұл – ата-ана үшін отбасылық үлгі-өнегенің әліппесі. тек ата-анасынан жастай айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден мақұрым қалатын. «жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» деген сөз де осыдан шыққан болса керек.
халқымыз баласын кішкентәйінән жеті атасын тануға үйретеді. біріншіден, бабадан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. ал, екіншіден, баладан тарайтын ұрпақ әкеден бастау алып, жалғаса береді. жеті аталық рулық жүйенің маңызы мен мәні, қоғамдық рөлі мен өнімі жәйлі «қазақ ұлттық ентсиклөпедясіндә» былай делінген: «…оз ата-бабасын жеті атасына деиін білу әрбір қазақ азаматы үшін міндет болған. мұның өзі қазақтардың етнөерекшеліктерін танытуда. бұл жетіәтәліқ жүйе ел басынан өткен қиын-қыстау кездерде тегінен көз жазып қалмауына және басқа хәліқтәрмен ассимилятсяға түсіп кетпеуіне себепші болды. жеті ата мен ру шежіресін білу көшпелі қоғамда өмір сүрген халықтар үшін өмірлік қәжеттілік еді. жеті атадан үш жүзге деиінгі біртүтәс туысқандық бітім бірнеше ғасырлар бойы «қазақ халқы бір атаның баласы, бір тамырдан тараған» деген ұстанымды орнықтырған. жеті атасын тарата білу арқылы әркім көрші руләрмен байланысын білетін. сөйтіп бүкіл қазақтың біте қайнасқан туыстығына көзі жеткен. …жеті атасын, руын, жүзін білген соң, қазақтар туған жерінің кез-келген шалғайында өзін туысқандарының ортасында жүрген алып бір отбасының мүшесіндеи сезінетін. нәтижесінде, үлкен бір отбасы секілді ұлттың біртүтәс зердесі қалыптасты. жер басып жүргендер ғана емес, жадында сақталған баяғы ата-бабасы да тірілердің санасында тірілгендеи, жалғасын тапқан. жеті аталық ұстаным бүкіл халықтың бойында еш мәжбүрлеусіз, меилінше тегеуірінді рухани бірлік сезімін терең сіңдіреді. ол – етнөтуістіқтің қуатты, арқаулы темір қазығы болды». халық жадында берік сақталған жетіәтәліқ ұстанымның ұлт болып ұйысуымызға, ұлттық құндылықтарымызды сақтап оны дамытуымызға әсері мол болды. тағдырдың талай тәуқіметін көріп, бұл күндері әлемнің отыздан артық елінде тарыдай шәшіліп жүрсек те, біртүтәс халық ретінде тарих сахнасынан көрінуімізге тигізген үлесі мен пайдасы, құны мен қымбаты, рөлі мен маңызы туралы мүнімен ғана тоқталуға болмайды. дүниедегі барлық халықтың таралу тегі болатынын, тіпті, өз ата-бабаларын нұх пайғамбардан бастап таратып көрсететін ұлттардың да барын білеміз (араб, евреи ұлттарының осындай «ұлттың тегі» деитін шежірелік таралу кестесін көргенбіз) . әйткенмен, әзірге жетіәтәліқ ұстаным әлемдегі қазақтан өзге ұлттарда бар екенін есті­медік. ол жеті ата немесе жеті ұрпақ атауына сәйкес атау-терминнің өзге ешбір халықтан шықпауынан да белгілі. жеті ата танымының қазақ халқында бағ­зыдан келе жатқан тамыры терең ұғым еке­нін арнаулы атаулары дәлелдеиді.
жоғарғы салыстырудан қазақтың жеті атаға деиінгі атауының толық екенін, бабадан кеиінгі атауларға ата сөзінің ал­дына ұқсамаған анықтауыш қосылып барып жасалғанын көреміз. ал, ханзу мен ағылшындардың ата атаулары тек 5-атаға деиін екенін, мұндағы 5-әтәтек, ата-баба деген жалпылама атауға сәйкес келеді. ал, жапон және ұйғырлардың ата тегі 3-4 әулетке деиін ғана айтылса, орыстарда арнаулы атаулар бөлғәнімен ұстаным жоқ. біз бұл салыстырудан қазақтың ұрпақ таратылуы ұзақ әрі атауларының да көп екенін көреміз.
жеті ата атауының қазақта тамыры те­рең, үлкен ұлттық ұлағатты шежірелік жүйе екенін, оның қазақ өміріндегі маңызын жоғарыда баяндап өттік. алайда, осы ұлы­лықтағы алалықтар, яғни, жеті ата атауын­­дағы бірізділіктің болмауы, біздің осы мақаланы жазуымызға түрткі болды. мақ­сатымыз, әр жерден шығып жатқан қазақ ру шежірелеріндегі түрлі атауларды өзәрә салыстырып, жалпыға ортақ бір жүйелі атауға тұрақтандыруға күш салу. олай етпеиінше, ұлттық болмысымыздың мызғымас тірегі болған ұлағатты ұғымы­мызды өзгелердің мойындай қоюы екітәләй. бұл орайда, әлдімен, қазақтың жеті ата, жеті ұрпаққа байланысты айтылатын атауларды жинас­тырып салыстырамыз. біріншіден, жеті атаға кімдер жататынын анықтап алған жөн. бүгіндері жеті ата десе болды көптеген адамдар «бала, немере, шөбере …» деп жеті ұрпақты тізбектеиді. бұл қәте ұғым. өйткені, қазақ әдетте, «руың кім?, ата-тегің кім?» деп сұрасады. әрине, бұл сұраққа әкеңнен бас­тап жеті атаңа, тіпті руыңа деиін жалғап жауап бересің. бұл деген – арғы тегіңнің кім екенін былу-білмеу мәселесі. өсі мәселе төңірегінде қазақ жазушысы, әрі ет­нөгрәфі  сеиіт кенжеәхметүлінің тұжырымдары көкеиге қонымды. ол жеті ата ұғымының қазақстан басылымдарында мүлдем қәте таныстырылып жүргенін айтады. с. кенжеәхметүлі: «жеті ата шежіресіне енетін атаулар туралы әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас-пікірлер гәзет-журналдарда да, басқа ортада да туындап отыр. мұның бір өкініштісі, сол пікірлер арқылы қәте ұғымдар мен ой-түйіндердің байыбына терең бойламай айта салушылық пен қәтеліктер бәспәсөз беттерінде де, оқулықтарда да жиы көрініп қалады. кеибір авторлар осы дәстүрді басқаша түсіндірмекші болып, өздері білмеитіндігімен қоймай, өзгелерді де шатастырып жүр», – деиді. сөнімен қоса, мектептік шараларда, «өзін-озы тану», «дастұр» сынды оқулықтар мен жур­налдарда жеті атаны бірде, ата, ба­ла, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат деп, бірде, ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене десе, енді бірде, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрекжәт, туажат деп санамалап жатады. мұның бәрі қәте ұғымдар. міне, осындай қәтеліктерді с. кенжеәхметүлі сынай келе, мұндай пікірлерді айтқанда әркім белгілі бір ұғымға немесе дәлелді дәйектерге, төле, қәзібек, әйтеке сынды аузы дуалы билердің сөзіне жүгінгені жөн екенін айтады.
халқымыз тілге, сөзге мән берген. сон­­дықтан да, қазақ қашан да аталы сөзге тоқ­тайтын. олай болса, әңгіме етіп отырған тақырыпта «ата» деген сөз бар. яғни, бұл «ата-баба» деген ұғымды көрсетіп, тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай айтып тұр. ал, бала, немере, шөбере деген – атамыз емес, ұрпағымыз. сөз жеті ұрпақ емес, жеті ата туралы болып отыр. олай бол­са, жеті ата шежіресі өзімізге деиінгі ата-бабаларымыздан бастап таратылады. яғни: өзің, әкең, атаң, арғы атаң, бабаң, түп атаң, тек атаң. рас, бұл атаулар кеи жерлерде басқаша айтылуы да мүмкін. бірәқ, қалай дегенмен де, жеті ата жолы осылайша таратылатынын бұрынғы би, шешендер айтып кеткен.
қәзіргі уақытта әр елдегі қазақ қәләм­герлері мен тарихшыларының жеті атаны баяндауында үлкен алшақтық жатыр. олардың кеибірінде ғана ұқсастықтар байқалады. біз мұны ұқсас бір дерек көзінен алынған деп қараймыз. сондықтан да, жеті атаны жеті үрпәқпен шатастырып жүрген тарихшылардың пікірі қәте деген тоқтамға келеміз. кеи ғалымдар жеті атаны санамалауда қәте атаулар қолданған. атап айтсақ, үшінші атаны – үлкен әке, алтыншы атаны – чоң баба деп атап келеді. дегенмен, жеті ата туралы қай түсініктемеге де назар салсаң, бәріне ортақ ата-баба деген атауды кездестіре аламыз. мұндағы ата-баба ұғымы қәзірде қосарланып келеді. алайда, баба деген төртінші атаға сәйкес айтылады. осы тұрғыда ніғмет мыңжанидың жеті аталық ұстанымына бағынғанымыз жөн. ол қазақтың жеті ата атауын былайша: бірінші – өзің, екінші – әкең, үшінші – атаң, төртінші – бабаң, бесінші – арғы атаң, алтыншы – түп атаң, жетінші – тек атаң деп санамалайды.
зерттеуші ғалым ясиын құмарұлы өзінің «қазақ шежіресін зерттеу» атты еңбегінде: «өберенің ел ішінде «немене», «шөпшек» деген нұсқалары бар. бұл атаулар кеи деректерде бір-быр атау болып, төртінші және бесінші ұрпақ атауы ретінде қолданылады. сөнімен қоса, кеиде шөберенің баласын «немене» десе, ал немеренің баласын «немелтәй» және «мүдежәт» деиді», – деп жазып осы атаулардағы тұрақсыздықтарға тоқталып өткен. барлық деректерге көз жүгіртер болсақ, төртінші ұрпаққа деиінгі атауларда көптеген ғалымдардың дәлелдеулері быр-біріне сәйкес келеді. бәрінде де төртінші ұрпақ шөпшек деп аталады. тек бірен-саран ғалымдар төртінші ұрпақ өбере, кеиін барып шөпшек болуы тиыс деиді. бірәқ, біз өбере атауын шөпшектің бір нұсқасына балап, екеуін бөліп-жармай бір ұғымға сыидырдық.
сондай-ақ, мәқсүтбек нязбекүлі өз зерттеуінде жеті ұрпақ жүйесінде ұрпақ атауы бесеуден аспауы тиыс деиді. оның айтуынша, адамның өзінің бел баласы − ұлы мен қызы, ұлдан туған баласы − немере, қыздан туған баласы − жиен, немереден туған баласы − шөбере, жиеннен туған баласы – жиеншәрі болады. осылайша үшінші ұрпаққа деиін санамалай келіп, шөбере мен жиеншәрдән туған төртінші ұрпақты − немене, шөпшек және туажат деп атаған болатын. ал, одан кеиінгі бесінші, алтыншы тағы сол сяқты ұрпақтардың атауы жоқ. м. нязбекүлі бұған себеп ретінде, қаншалықты ұзақ өмір сүрсе де бесінші ұрпағын көруге адамның ғұмыры жете бермеитінін айтады. бұл ғалымның мұндай зерттеуін жеті ұрпақ жүйесіне қосқанымыз ағаттық. себебі, аты айтып тұрғандай, мәселе бес ұрпақ емес, жеті ұрпақ жүйесіне қатысты болып отыр.
осы жеті ұрпаққа келгенде көбіне төр­тінші және бесінші ұрпақ атауында тұрақсыздық байқалып жатады. әрине, бұған белгілі өбективтік жағдай себеп болса керек. десе де, туыстық қатынас мәдениеті атауларының мұндай шатастықтары тіліміздің өрелігіне кері әсер етері сөзсіз. тіп­ті, ұрпақтардың туыстық атауларының тя­нақтылығына, ұғымдылығына кесірін тигізбеи қоймайды .
қазақ әрқәндәй затқа, құбылысқа ат қойғанда өте іждәхәтпен қараған. сондықтан да, қойылған аттардың өзіндік қисыны, дәлелі бар. ұрпақ атауы да осындай. мәселен, бала, немере, шөбере, шөп­шек атаулары тұрақты, бұлар – етене жақындықты көрсетеді. туажат – бірге туысқан, бірәқ аралығы алшақтап, жат болып бара жатқан ұрпақ болса, жүрежәт атауы да аты айтып тұрғандай, түбі бір болса да тұрмыстары бөлектеніп, жүрістері де жаттаса бастаған дегенді білдірсе керек. әйткенмен, жүрежәт – жүре-жүре жатқа айналып барады дегенді, туажат – туғаннан-ақ жат дегенді білдіреді деп жүрежәтті туажаттың алдына қоятындар бар.
қазақ рулары жеті атаға толғаннан кеиін ғана қыз алысады. енді «жеті ата толғаннан соң сегізінші атадан қыз алысу керек пе, әлде жетінші атадан бастап рұқсат етілген бе» деген мәселе төңірегінде ой өрбітеиік. кеибір көнекөздеріміздің жекжәт деген атауды құда-құдағилықтан келген атау дегенін ескерсек, сегізінші атаның жекжәт, тоғызыншы атаның жұрағат (құда-жұрат) аталуының сырын білгендеи боламыз. демек, бұл сегізінші буын быр-бірімен құда­ласып, жұраттаса алатынын білдірсе керек. аталас рулар жеті атаға тола салып емес, қайта жетінші атаны толтырып, сегізінші ұрпаққа жеткенде ғана құдаласады.
жеті ұрпақ атауларындағы ендігі бір басын ашып алуға тиысты ісіміз бесінші ұрпақ атауы. барлық санамалауда бесінші ұрпақ – немене деп аталады. дегенмен, «немене» деген сөздің түп мағынасы қандай? бұл сөз сұраулы мағынада, көбінесе ұнамсыз күйде қолданылады. «жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады», – деген қазақ осындай мағынасыз сөздерді айтса керек. бұл сөзден ешқәндәй жүйе байқай алмағанымызды жасыра алмаймыз. немене атауы туыстық атауға сіңіп кеткенімен, біздің көзқәрәсімізшә бұл ешқәндәй қандастықты, туыстықты беинелемеиді және басқа ұрпақ әтәуләрімен қабыспайды да, яғни, жаңсақ қолданылған атау болмақ. бәлкім бұл атау «түсіндірме сөздікке» жаң­сақ берілуі де мүмкін. сондықтан да, «не­мене» сөзінің орнына беинелі ұғым – «көгенжәт» атауын қолдансақ болады. көген дегеніміз – шаруашылық тұрмысынан туындаған қазақтың төл сөзі. «көк лағым көгенде жатып семіреді», – деген жұмбақты бәріміз білеміз. демек, мұндағы көген сөзі арқылы туыстық байланысты сипаттасақ, жат деген алыс, бөлек не болмаса, көгені бөліне бастаған деп қарастыруға болады. ең бастысы, мұндай жаңа атауды санаға сіңіру керек. кеиін, бұл атау сөйлеу дағдымызға түседі де, қолайлы әрі беинелі атау болып басқа ата әтәуләрімен қабысады. олай болса, қазақтың жеті ұрпақ атауын былай: бірінші – бала, екінші – немере, үшінші – шөбере, төртінші – шөпшек, бесінші – көгенжәт, алтыншы – туажат, жетінші – жүрежәт деп топтастырайық.
бұл күнде ата жолын ұстанған әр қазақтың баласы өз тегін ата-баба шежіре­сінде көрсетілгендеи, өзінен бастап қазаққа немесе қазақтан бастап өзіне деиін атап бере алады. бірәқ, жеті ата ұстанымы туралы бұл күнде көптеген ғалымдар жағынан теріске шығарылып, шындығына, ғылымилығына күмәнді көзқәрәстәр сақталып жүрген «шипәгерлік баян» еңбегінде құнды деректер сақталған. бұл дерек, жеті ата ұстанымының қазақта қашаннан пайда болғандығын білуімізге анық бағдар сілтеиді. аталған кітәптің 11-бетінде: «жеті атадан ілгері қыз алысқандар бүгіннен бастап болмауы шарт. егер, олай болса, болғанына көз жетсе, жұбайларды тең бас қылыштамақ керек», – деген сөз бар. кітәптә келтірілген бұл жарлық жәнібек хан жағынан түсірілген екен. жарлық болғанда да – қатаң жарлық. бүкіл қазақтың бұлжытпас заңына айналған осы қағиданың бір кездері қолында заңдық күші болған, қаһарлы хан жағынан қарар қылынып, қалт жібермеи атқарылғаны шындыққа жанасымды әрі қисынды.
«қасым ханның қасқа жолы», «есім ханның ескі жолы», әз тәуке ханның «жеті жарғысынан» хабардар екенін білдірген ұлы абай: «мен егер зәкөн қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – деген екен. сөнімен қоса, тағы бір сөзінде: «қазақты ақылды етіп түзеимін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: әуелі – бек үкімет, яғни қолында жарлығы болмақ керек; екіншіден, ол адам есепсіз бай болуы қәжет», – деиді. жәнібек хан міне, осындай қолында заңдық күші бар, бек үкіметтің иесі болған. сөйтіп, қатаң жарлық арқылы жеті ата ұстанымын бүкіл қазақ халқына дәріптеген, тек дәріптеп қана қоймай іске асырған деп қорытынды шығаруымызға әбден болады.
пайымдағанымыздай, қазақтың бүгіні, ата-бұтар шежіресі қазақ хандығынан кеиін бастау алса, жеті ата ұстанымы да сол кезден бастап іске қосылған. әр екеуінің мақсаты да – халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру болған. сол арқылы тұтастықты сақтап, халықтың сапасын көтерді.
меилі «жұз» құрамына кірсін, кірмесін, қазақ атына ұйысқан әрқәндәй ру мен ұлыс осы ұлттың тең дәрежелі мүшесі ретінде қаралуы керек. өкінішке орай, ұлт шежіресінің бірлік үшін екені қаншама дәріптеліп жатқанына қарамастан, осы ұстанымды берекеге емес әрекеге пайда­ланғысы келетіндердің болғаны адамды ашындырады. «үш жүзде» жоқ деп төре мен қожаны қазақтан бөлектегісі келетіндер осы айтқанымызға дәлел болмақ. қазақтың бұрын-соңды тарихының төре мен қожасыз қаншалықты тұл дүние болатынын біле ме екен солар? қазақ хандығы құрылғаннан тартып, құрдымға кеткенге деиінгі ел тізгінін ұстап, елім деп еңіреген кереи ханнан кенесәріғә деиінгі хандарды бөлектеп біз кіммен тарих жасамақпыз? сондықтан да, «жұз» дегенге қаншама қазақы тұқымдық, генетикәліқ сипат бергенімізбен, онда аталық негіз жоқ. бұл – атты көшпенділердің әскери құрылымынан шыққан құбылыс. мәселен, ғұндар мен скифтердің үш құрамдас болғанын білеміз. сәбетқәзі әқәтәев: «жұз» сөзінің мәні – «жақ», «бөлік», яғни соғыс ұғымы. бұл ұғым әз тәуке ханның құрылымынан бері қарай қолданылып келеді», – деп анықтама береді. жүзіне қарай ешкімді де «қазақ емессің» деп айтуға еш адамның негізі, құқығы жоқ екенін осы анықтамадан-ақ байқауға болады.
думан жақыпұлы,
қхр «шынжаң қоғамдық
ғылымдары журналының»
редәктөрі

Пікірлер

Жолдаушы №: 2766 - Уақыты: 2013/03/15 - 17:43

шинжяң қазақтарының аты - жөн мәселесін қайтадан арнаға тұсыру туралы қатысты мемлекеттік құзырлы орындарға өтініш ету керек. сол арқылы аты - жөн мәселесін шешпесе құрғақ сөзбен мәселе әл болмайды. ол үшін әлдімен аты - жөн, тек мәселесіне бірлікке кәлу керек. қазыр бізде көтеріп шығатындай ортақ бірлікке келген ортақ пікір мен көзғәрәс жоқ. қазақ тек ( фамиля) үшін жеті атасын алу керекпе, руын ба , жоқ әлде өзінен жоғары санағандағы үшінші атасы яғыни атасын тек етіп алу керекпе деген мәселе туралы ортақ таным, пікір бірлігін алып шығу керек. қазаққа фамиля керек емес үйткені қаақта рулық тек ба сол ру қазақтың тегі ( фамилясы) деитін көзғәрәстәрдә бар.

Жолдаушы №: 2481 - Уақыты: 2013/02/28 - 09:13

Ендігі жерде осы жеті ата және шежіре ұғымын біртіндеп фамиля ұғымына айналдырып, түлқүжәтқә түсіру керек, әйтпесе көп өтпеи-ақ ұмыт болады . ...

Жолдаушы №: 2272 - Уақыты: 2013/02/17 - 19:12

Мақала авторы бұл мақаланың қай санға шыққанын сұрайды...

Жолдаушы №: 2271 - Уақыты: 2013/02/17 - 19:10

Мақаладағы салыстырма крәппәләр қалып қалыпты ... автор...

Жолдаушы №: 2270 - Уақыты: 2013/02/17 - 19:00

Тамаша мақала....

Көрші сілтемелер