Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

"Латын" әліпбиінің соңғы нұсқасы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 21:15 - 2017/10/10


«Латын» әліпбиінің мына соңғы нұсқасы көңілімнен шыққан жоқ. Біз жаңа әліпбиге – жаңа әліпби деп қана қараппыз да, оның идеологиялық астарына тереңдеп мән бермеген екенбіз. Орыс тілінің шекпенінен шыққан сөйлеу мақамын дәл сол күйі жаңа қаріпке әкеліп тыға салған. Жаңа әліпби - орыс грамматикасы күштеп танған сөйлеу (оқу) мәнерінен, құлдықтың қамытынан құтылуға көмектесіп, осы ғасырдағы біздің отарсыздануға бағытталған ең үлкен реформамыз болып шығуы тиіс еді. Бірақ одан осындай революциялық сарынды, жаңашылдықты байқай алмадым. Бізде көбіне билікте тамыр-танысы барлардың ғана «соңғы нұсқасы» қабылданып кетіп жатады. Бұл вариант та соның кебін кигендей болып көрінді маған. Мысалы қытай тілінде «р» әрпі, жапон тілінде «л» әрпі жоқ. Әрқайсысы өз мақамымен ғана сарнап жүр. Көштен қалып қойған тағы ешқайсысы жоқ. Кириллица да орыстың сөйлеу мәнеріне арнап жасалған алфавит. Онда да ә, ү, ғ секілді «халықаралық» әріптердің «көңіліне» қарамаған. Орысқа оның керегі де жоқ. «Қой көрмеген қуалап жүріп өлтіреді» дегендей, біз болсақ кириллицадан көрген осы «орыс» әріптерін тағы да жаңа жазуға әкеп тықпалап жатырмыз. Сауатымызды ашқан кириллица бізге соншалықты қатты ыстық болып көріне ме, білмеймін. «В», «ф» сияқты қазақ тілінің мақамын бұзатын кірме дыбыстарды таңбаламасақ, жаһанданудың көшінен қалып қоямайтын шығармыз. Неге жаңа жазуда осындай «кем-кетіктер» ескерілмеген, түсініксіз. Әлде біз әліпби ауыстыруға әлі дайын емеспіз бе?!

Жолымбет Мәкіштің Фейсбуктегі жазбасынан

CаттарCаттар
29 минут бұрын 10
0 пікір
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=833736
Пікірлер

Жолдаушы №: 6022 - Уақыты: 2017/10/10 - 15:44

Durs aitqan

Жолдаушы №: 6021 - Уақыты: 2017/10/10 - 15:44

Durs aitqan

Көрші сілтемелер