Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-06-16464218247 %53 %
2019-06-17595188948 %52 %
2019-06-18333109846 %54 %

Латынға көшсек – сырттағы 5 миллион қазақпен жақындасамыз



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 12:40 - 2017/09/14


Еліміздегі бірқатар үкіметтік емес ұйым өкілдері латын қарпіне көшуді қолдайтынын айтып, мәлімдеме жасады. Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова латын жазуына көшу бізді әлемнің әр түкпіріндегі 5 миллионға жуық қазақтармен жақындастыра түседі деген пікір білдірді.

Қор басшысының айтуынша, бүгінгі таңда кирилл жазуын әлемнің 12 мемлекеті ғана пайдаланады. Ал қалғандарының көпшілігі латын әліпбиін қолданады. Демек, бұл кең таралған жазу. «Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Олардың 80 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Яғни, біз болашақта латын әліпбиіне көшсек, сол қандастарымызбен жақындаса түсеміз. Бұл – сырттағы ағайынның көптен күткен арманы. Біз, қазақстандықтар көпшілік болып латын қарпіне  көшуге дайын екенімізді көрсетіп, осындай маңызды қадамға баруға ауызбіршілік танытқанымыз жөн болады»,- дейді ол.

Сонымен қатар, «Жанашыр» қорының президенті латын әліпбиіне көшуге қатысты халыққа жүргізілген сауалнама қорытындыларын да жария етті. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес мекемесінің гранттық бағдарламасы аясында «Халықтың ұлттық мәдени-бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» деп аталатын жоба бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер, мектеп және колледж оқушыларымен кездесулер өткізілген. Осы басқосуларда латын қарпіне көшу туралы сауалнама жүргізілген. Сайып келгенде, сұрау салынғандардың 80-90 пайызы латын жазуына көшуді бірауыздан қолдайтындарын айтыпты.

Елбасының бастамасын ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы да толығымен қолдайтынын мәлімдеді. Қауымдастық төрағасы Бақытбек Смағұлдың айтуынша, латын қарпі арқылы еліміз қазіргі заманғы технологиялық ортаға, коммуникацияға, сондай-ақ, ғылыми және білім беру үдерісіне тереңірек кіріге түседі.

«Мемлекет бұл іске барынша байыптылықпен, дәйектілікпен және дайындықпен кірісуде. Қазақтың жаңа жазуының сыншысы да, тілекшісі де, төрешісі де халық болмақ. Демек, әліпбидің соңғы нұсқасының қандай болатыны да барша қазақстандықтарға болуға тиіс. Бұл бастама бөлініп-жарылуға емес, ескіден арылуға, сананың жаңғыруына, мемлекеттік тілдің жаңаша дамуына бастайды. Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарына әлденені сырттан таңуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл – біздің, тәуелсіз Қазақстанның өркениеттік таңдауы. Бұл таңдауда да барша қазақстандықтардың кезекті рет ырыс пен ізгілікке ұштасар бірауыздылық танытарына сенім білдіреміз»,- дейді Бақытбек Смағұл.

Abai.kz

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=816970
Пікірлер

Жолдаушы №: 6011 - Уақыты: 2017/09/14 - 06:46

Hayamdi jepsingder!!!sirttagi hazahpen jahindashish bolsang azamattihti tez ber!!!daukimetpen zarlatpa!!!halganin ozderi ah istep aladi!!! Azamattihti tez bermey ...daukimet pen hinaudi tohtatpay aytan baska nor engning bari huri hayamdi jegendik!!!

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматы облысында үш ауы 1 min
Жерсерік атмосферада қ 3 min
Қазақ "сауатсыз с 3 min
«Астана медресесінде» р 3 min
АҚШ Таяу Шығысқа қосымш 3 min
Ұлытауда өткен «Көкмайс 7 min
Сиқыршылар туралы 5 фи 8 min
Досхан Жылқыбай. Квант 12 min
Алматы облысында жастар 13 min
Түйенің зәрін ішудің үк 13 min
Андрей Кучерявых ресейл 13 min
Жасанды интеллект дәріг 13 min
Атырау тұрғынының пәтер 16 min
ЖОО-ларға 53 мыңнан аст 19 min
Қазақстандық дәрігерлер 22 min
Асқар Мамин жаңадан құ 23 min
Ақтөбеде танымал адамда 23 min
Алдағы үш күндік ауа ра 23 min
Министрлікке жас маманд 23 min
Ши жинпиң тәжікстәннің 23 min
Қазақстанның түрмелерін 23 min
Балалардың тұлғалық дам 28 min
Түркістанға бір жыл | D 28 min
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр 1 sagt
Халықаралық ретро ралли 1 sagt
Имамдардың аймақтық фор 1 sagt
Қазақстандықтар ай сайы 1 sagt
Ерлан Қарин: Ұлттық кең 1 sagt
Қазақстанда ана өлімі 9 1 sagt
Бейнеттің зейнетін көрм 1 sagt