Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121198280934 %66 %

Қазақстанның БЖЗҚ алдындағы қарызын Әзербайжан құнды қағаздармен қайтарады - Соңғы жаңалықтар, Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:50 - 2017/07/19



Әзербайжан банкінің Қазақстан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы қарызы елдің «мемлекеттік берешегі» деген разрядқа ауыстырылды.

Осылайша қомақты қаржыны енді мемлекет қайтарады. Халықаралық Әзербайжан банкі банкротқа ұшыраған соң, кредиторлардың көпшілігі қарыздың үкімет есебінен төленуіне келісім берген. Енді бұл жүйе заңды күшіне енуі үшін Әзербайжан нарығындағы қаржыны бақылау палатасының келісімі мен сот шешімі керек. Халықаралық банктегі дағдарыстың кесірінен мамыр айынан бері шетелдік кредиторлар пайыздық үстемақысын ала алмай келеді. Олардың арасында Citibank арқылы әзербайжандық банкке 250 миллион доллар салған Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да бар. Қаржы мемлекеттік құнды қағаздармен қайтарылады. Оны өтеу 15 жылға арналған. Сыйақы мөлшерлемесі – 3,5%. Ал мамыр мен қыркүйек аралығындағы пайыздық үстеме Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қолма-қол ақшамен қайтарылады.

Вугар Байрамов, сарапшы:

- Жоба қарызды жаба салуды көздемейді. Бұл берешекті қайтарудың жаңа жолдарын көрсетеді. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорының қаржысын мемлекет құнды қағаздармен қайтаруды өз мойнына алады. Қор мамыр мен қыркүйек айлары аралығындағы пайыздарын биыл алатын болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=793509
Пікірлер

Жолдаушы №: 6004 - Уақыты: 2017/07/19 - 20:13

Ah boldi...kok boldi ....eng songinda joh boldi deyin dep tur goy .....

Жолдаушы №: 6003 - Уақыты: 2017/07/19 - 20:13

Ah boldi...kok boldi ....eng songinda joh boldi deyin dep tur goy .....

Көрші сілтемелер