Ыза?
Сұрақ?
Қазақ қызы 1
Темекі тартып сүйіп тұр ернің,
Шиедей ғана үлбіреп тұрған.
Аспанға қарап үріп тұр демін,
Тіліңді қайтем шүлдірлеп қалған.
Құрсақта балаң, құрып тұр хәлің,
Улап бітірдің шарана күйде.
Жастығыңда бір жүріп тұр дәуірін,
Қосағың жоқ пе еді күтетін үйде?
Көріп жүргенім барлығы рас па?
Қыздарымыз көп темекі тартқан.
Көзінен аққан шынайы жас па?
Бұлай жүрісің жаныма батқан.
Авторы - Әселхан Торбаева.