Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұрғындарды эвакуациялау, су тасқыны орын алған жерлерде қосымша каналдар салу және инертті материал төсу жұмыстары жүргізілді.
Көктемгі қар еру басталғаннан су тасқыны орын алған Ақмола облысында 86 адам құтқарылып, 8527 түрғын эвакуацияланса, тасқын су бірқатар маңызы бар республикалық автожолдарды шайды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.