Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18410214243 %57 %

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық (Қазақстан тарихы) — Егемен Қазақстан



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:21 - 2017/03/16


1. Палеолит пен неолит аралығын қамтитын дәуір:
A) Мустье
B) Мезолит
C) Олдувэй
D) Энеолит
E) Ашель

2. Ерте темір дәуірінің Берел кезеңі­нің хронологиясы:
A) Б.з. б. 8-7 ғасырлар
B) Б.з. 2 ғасырлардың соңы
C) Б.з. 3 ғасырдың соңы
D) Б.з.б. 3-2 ғасырлар
E) Б.з.б. 5-4 ғасырлар

3. ХІІІ ғасырдың басында жойылып кеткен мемлекеттер:
A) Қарахан, Ақ Орда, Қыпшақ
B) Оғыз, Қимақ
C) Қарлұқ, Түргеш
D) Қарахан, Қарақытай, Қыпшақ
E) Қыпшақ, Қарлұқ, Моғолстан

4. XI-XII ғасырларға жататын Тараз маңындағы ескерткіш:
A) Ақыртас кесенесі
B) Көккесене
C) Боран мұнарасы
D) Айша бибі кесенесі
E) Алаша хан кесенесі

5. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық:
A) Сібір хандығы
B) Моғолстан
C) Ноғай Ордасы
D) Алтын Орда
E) Көшпелі өзбек мемлекеті

6. Тәуекел хан Мауараннахрға соң­ғы жорық жасаған жыл:
A) 1588 ж.
B) 1596 ж.
C) 1598 ж.
D) 1599 ж.
E) 1590 ж.

7. XVIII ғасырдың 40-50 жылдары пат­ша үкі­метінің солтүстік-шығыс Қа­зақ­­­стан жерінде орнатқан бекініс шебі:
A) Сібір шебі
B) Алтай шебі
C) Жайық шебі
D) Омбы шебі
E) Ертіс шебі

8. 1867-1868 жылдары әскери губернатор бекіткен Қазақстандағы отар­шы­лдық сот жүйесінің төменгі буыны
A) Округтік сот
B) Билер мен қазылар соты
C) Қылмыстық сот
D) Ақсақалдар мен старшындар соты
E) Шекаралық сот

9. 1771 жылы қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланған хан:
A) Нұралы
B) Айшуақ
C) Әбілқайыр
D) Қасым
E) Абылай

10. Екі мәрте Кеңес Одағының Баты­ры атағын алған қазақ ұш­қышы:
А) Қарсыбай Сыпатаев
В) Сұлтан Баймағамбетов
С) Төлеген Тоқтаров
D) Нүркен Әбдіров
Е) Талғат Бигелдинов

11. «Біржан-Сара» операсын қойған сазгер:
A) М.Төлебаев
B) Л.Хамиди
C) Н.Тілендиев
D) Е.Рахмадиев
E) В.Голубович

12. 1996 жылы сәуірде Шанхайда кездес­кен мемлекеттер:
A) Қазақстан, Ресей, Қытай,
Қырғызстан, Тәжікстан
B) Қазақстан, Ресей,
Қытай, Қырғызстан, Вьетнам
C) Қазақстан, Ресей,
Қытай, Қырғызстан, Ауғанстан
D) Қазақстан, Ресей,
Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан
E) Қазақстан, Ресей, Қытай,
Қырғызстан, Түркіменстан

13. Археологиялық қазба жұмыс­тары кезінде қаңлылардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлел­дейтін мәдениет:
A) Ұлыбай-Тасмола
B) Атасу
C) Отырар-Қаратау
D) Тасмола
E) Беғазы-Дәндібай

14. VII ғасырдың басында ұзақ уа­қыт­қа созылған тартыстан ыдыра­ған ел:
A) Шығыс Түрік қағанаты
B) Батыс Түрік қағанаты
C) Оғыз мемлекеті
D) Түрік қағанаты
E) Қарлұқ қағанаты

15. XV ғасырдың ІІ жартысында Қазақ хандығы, Шайбани хан, Темір ұрпақтары, Моғолстан билеушілерінің арасындағы талас-тартыстың негізі:
A) Мауараннахр
B) Жетісу өңірі
C) Сыр бойындағы қалалар
D) Ноғай Ордасының жері
E) Ертіс бойы

16. Орта ғасырлардағы Жетісу жеріндегі қала:
A) Жанкент
B) Жент
C) Отырар
D) Сығанақ
E) Талғар

17. 1886 жылғы Ереже бойынша болыс басқармаларын бекіткен:
A) Губерниялық басқармалар
B) Генерал-губернатор
C) Уезд басшысы
D) Әскери губернатор
E) Болыс басшысы

18. Сыр бойы қазақтарының Ресей­ге қарсы қарулы көтерілісі бастал­ған жыл:
A) 1851 ж.
B) 1859 ж.
C) 1841 ж.
D) 1856 ж.
E) 1848 ж.

19. 1993 жылы Республиканың саяси өміріндегі басты оқиға:
A) Парламент сайлауы өтті
B) Алғашқы Конституцияның
қабылдануы
C) Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері құрылды
D) Қазақстан халықтарының
форумы өтті
E) Мемлекеттің рәміздері қабыл­данды

20. Мәтінде қай тарихи оқиға сипат­тал­ғанын анықтаңыз.
«… Қырғыздар (қазақтар) … қол­дарына қару алып, бұрынғы тәртіпті ақырына дейін қорғауға әзір екенін мәлімдеп тұрып алды. Халықтың толқуы күн өткен сайын күшейіп, кеңінен етек жайды. Қырғыздар енді сөзден іске көше бастады: бұзақылардың қарақұрым қалың тобы құрылды. Орал облысында мұндай топтар барлық жерде, ал Торғай облысында – Елек пен Қобда өзендерінің бойында жиі кездесті…»:
A) 1837-1847 жж. көтеріліс
B) 1856-1857 жж. көтеріліс
C) 1886-1891 жж. реформалар
D) 1868-1869 жж. көтеріліс
E) 1822-1824 жж. реформалар

21. Ерте темір дәуіріндегі «мұртты» обалардың ерекшелігі:
A) Адам мен жылқыны қатар жерлеген
B) Биік тауларға орналасқан
C) Қыш ыдыстар қойылмаған
D) Қызыл бояумен мәйітті бояған
E) Тау шатқалдарында орналасқан

22. Ерте орта ғасырларда Жетісу жерін­де орналасқан мемлекет:
A) Қимақ мемлекеті
B) Қыпшақ мемлекеті
C) Түргеш қағанаты
D) Оғыз мемлекеті
E) Шығыс Түрік қағанаты

23. Ахмет Иүгнекидің шығармасы:
A) «Шыңғыснама»
B) «Түрік тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат-түрік»)
C) «Ақиқат сыйы»
D) «Құт негізі – білік» («Құтадғу білік»)
E) «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші»

24. Орта ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында өмір сүрген мемлекеттер:
A) Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы
B) Моғолстан, Әмір Темір
C) Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы
D) Қазан хандығы, Алтын Орда
E) Сібір хандығы, Ноғай Ордасы

25. «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан би:
A) Майқы би
B) Бала би
C) Бекболат би
D) Төле би
E) Боранбай би

26. Ресейдің орталық аудандарынан ша­руа­ларды қоныс аудартудың басталуы:
A) XIX ғ. 40-жылдарының аяғында
B) XIX ғ. 50-жылдарының аяғында
C) XIX ғ. 50-жылдарының басында
D) XIX ғ. 70-жылдарының басында
E) XIX ғ. 60-жылдарының ортасында

27. 1868 жылдың желтоқсанынан 1869 жылдың қазан айына дейін созылған көтеріліс өткен жер:
A) Жетісу мен Торғай
B) Маңғыстау облысы
C) Сырдария өзенінің төменгі ағысы
D) Орал мен Жетісу
E) Орал мен Торғай

28. Қимақ қағанатының құлау себебі:
A) Түргештердің шабуылы
B) Оғыздардың басып кіруі
C) Қыпшақ ақсүйектерінің билікке таласы
D) Қарлұқтардың шапқыншылығы
E) Қидандардың жаулап алуы

29. 1847-1857 жылдары қазақ жерін­де айдауда болған украин ақыны:
A) В.Н.Витевский
B) Е.П.Михаэлис
C) А.М.Богомолец
D) Л.Ф.Костенко
E) Т.Г.Шевченко

30. Ұлы Отан соғысынан кейін Қазақ­стандағы саяси қудалау шара­ларының бірі:
A) «Бекмаханов ісі»
B) «Ленинград ісі»
C) «Дәрігерлер ісі»
D) «Қазақстан ісі»
E) «Алматы ісі»

31. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі таратылған мерзім:
A) 1993 ж. желтоқсан
B) 1992 ж. желтоқсан
C) 1993 ж. қаңтар
D) 1994 ж. ақпан
E) 1993 ж. мамыр

32. Қазақстан тарихының ежелгі дәуіріне жататын қала:
A) Шірік-Рабат
B) Сайрам
C) Балықты
D) Қимақия
E) Шілікті

33. Найман мемлекетінің ханы болып табылмайтыны:
A) Инанч-білге
B) Күшлік
C) Бұйрық
D) Наркеш Дайын
E) Елюй Даши

34. Батый хан Алтын Ордада билік құрған жылдар:
A) 1230-1240 жж.
B) 1238-1250 жж.
C) 1232-1262 жж.
D) 1227-1255 жж.
E) 1240-1260 жж.

35. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығының өз алдына қойған тарихи міндеті:
A) Қазақ хандығын отырықшы им­перияға айналдыру
B) Қытай басқыншылығына тосқауыл қою
C) Қазақтың этникалық аумағын кеңейту
D) Ресейден қазақ жерін азат ету
E) Сібір хандығының жерін қазақ хандығына қосу

36. 1886 жылғы Ереже бойынша уезд орталықтарында пайда болды:
A) Билер соты
B) Халықтық сот
C) Облыстық сот
D) Полиция приставтары
E) Полиция басқармалары

37. 1989 ж. шілде айындағы Қара­ған­ды шах­тер­лерінің саяси негізгі талаптары­ның бірі:
A) Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру
B) Қарағандыда қазақша балаб­ақ­шаларды ашу
­C­)­ Қарағанды қаласын еркін эконо­ми­калық аймақ деп жариялау
D­) Семей ядролық полигонын жабу
E) Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығару

38. 1993 жылдың соңына қарай Қазақ­стан­да ресми түрде тіркелген сая­си партия:
A) Қазақстан Халық Конгресі
B) Қазақстан халық бірлігі одағы
C) «Невада-Семей»
D) «Әділет» партиясы
E) «Азат» партиясы

39. Мәтінде сипатталған еңбектің авторын анықтаңыз.
«Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көші-қон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу, оның малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екендігін жазған. Ал жазда жылқы малының семіріп, қымыз ішкен қазақтардың сән-салтанат құрып қуанышқа бөленетіндігін жазады. Еңбектегі бұл көріністер қазақ халқының өмірін суреттеп тұрғандай»:
A) Ахмет Махмұдұлы
B) Махмуд Қашғари
C) Усман Кухистани
D) Құтб
E) Өтеміс қажы

40. Садақ пен жебе ойлап табылған кезең:
A) Ерте тас ғасыры
B) Мезолит
C) Неолит
D) Энеолит
E) Қола дәуірі

41. Орталық Қазақстанда б.з.б. VIII-V ғасырларда «аң стилімен» қатар дамыған өнер түрі:
A) «Андрондық стиль»
B) «Геометриялық стиль»
C) «Полихром стилі»
D) «Сыналық стиль»
E) «Петроглифтік стиль»

42. VI-IX ғасырларда қалалық мәдениет ерекше дамыған өңір:
A) Батыс Қазақстан
B) Оңтүстік Қазақстан
C) Солтүстік Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Шығыс Қазақстан

43. Қазақ хандығын Тәуке ханның басқарған жылдары:
A) 1680-1715(1718) жж.
B) 1538-1580 жж.
C) 1582-1598 жж.
D) 1628(1629)-1652 жж.
E) 1580-1582 жж.

44. XVII ғасырдың аяғы – XVIII ғасыр­дың бас кезінде дүниеге келген заңдар жинағы:
A) «Жеті жарғы»
B) «Жасақ»
C) «Есім ханның ескі жолы»
D) «Шежірелер жинағы»
E) «Қасым ханның қасқа жолы»

45. Г.А. Колпаковский ұсынысымен «Же­­ті­­суға шаруаларды қоныстандыру тура­­лы» Уақытша Ереже қабылданған жыл:
A) 1860 ж.
B) 1863 ж.
C) 1862 ж.
D) 1861 ж.
E) 1868 ж.

46. Қасым хан дипломатиялық байланыс жасаған ел:
A) Ресей
B) Қытай
C) Иран
D) Ауғанстан
E) Моңғолия

47. Ұлы Отан соғысында ерлік көр­сет­кен ұшқыш:
A) С.Баймағамбетов
B) С.Луганский
C) М.Ғабдуллин
D) Т.Тоқтаров
E) Қ.Қайсенов

48. 1841 жылы мектеп ашқан Ішкі Орда ханы:
A) Нұралы хан
B) Айшуақ хан
C) Әбілқайыр хан
D) Қасымхан
E) Жәңгір хан

49. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі жазылған ғасыр:
A) Х ғасыр
B) ХІ ғасыр
C) ІХ ғасыр
D) ХІІ ғасыр
E) ХІІІ ғасыр

50. Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланды:
A) 1993 жылы қаңтарда
B) 1991 жылы тамызда
C) 1990 жылы сәуірде
D) 1992 жылы наурызда
E) 1991 жылы желтоқсанда

51. Ежелгі үйсіндердің шығыстағы көршісі:
A) Дауания
B) Қаңлылар
C) Ғұндар
D) Массагет
E) Сармат

52. Түріктердің Ұлы Дала қожасына айналуына әкелген оқиға:
A) Соғдыларды жаулап алу
B) Бумынның «елхан» аталуы
C) Солтүстік Кавказды жаулап алу
D) Иранды жаулап алу
E) Жужандардың толық жеңілуі

53. XVI ғасырдағы Қазақ хандары мен Өзбек хандарының арасын­­да­ғы ұзаққа созылған шайқас нәти­же­сін­де Қазақ хандығына қосыл­ған қала:
A) Үргеніш
B) Бұқара
C) Тараз
D) Ташкент
E) Алмалық

54. Қазақ хандығында бірнеше ұлысты құрған басқару құрылымы:
A) Ауыл
B) Ру
C) Аймақ
D) Жүз
E) Арыс

55. 1886 жылы маусымда бекітілген ереже:
A) «Орынбор қазақтары туралы»
B) «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы»
C) «Облыстарға бөлу туралы»
D) «Сібір қазақтары туралы»
E) «Түркістан өлкесін басқару және онда жер-салық өзгерістерін енгізу туралы»

56. Рейхстагқа ту тіккен қазақ­стан­дық жауынгер:
A) Т.Тоқтаров
B) Х.Көбеков
C) Х.Қайдауов
D) А.Еремеев
E) Р.Қошқарбаев

57. Бекмахановтың «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиялық еңбегіндегі көтеріліс басшысы:
A) К.Қасымұлы
B) Ж.Нұрмұхамедұлы
C) Б.Әшекеев
D) С.Датұлы
E) А.Иманов

58. 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді:
A) Қазақ КСР-індегі шетел инвестиция­лары туралы заң
B) Қазақ КСР-індегі еркін экономи­калық аймақ туралы заң
C) Қазақстан Республикасының Конс­титуциясы
D) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңы
E) Қазақстан Республикасының зей­нет­­ақы заңы

59. Қазақ хандығының әкімшілік басқару жүйесінде әрбір жүздің басында тұрғандар:
A) Қазылар
B) Ауылнайлар
C) Рубасылар
D) Ақсақалдар
E) Билер

60. Орталық Қазақстанның неолит тұрағы:
A) Арыстанды
B) Ботай
C) Шақпақата
D) Зеленая Балка
E) Шебір

61. Қарлұқ қағанаты өмір сүрген ғасырлар:
A) VІІІ-Х ғғ. аралығы
B) ХІ -ХIІ ғғ. аралығы
C) VІІ ғасырда
D) ІV ғасырда
E) V-VIIІ ғғ. аралығы

62. Орта ғасырларда егіншілік өр­кен­деген өңір:
A) Тарбағатай
B) Нарын
C) Қарақұм
D) Сарыарқа
E) Шу

63. ХІХ ғасырда Қазақстанда жәр­меңкенің басты дамыған өңірі:
A) Ақмола облысы
B) Өскемен уезі
C) Торғай облысы
D) Закаспий приставтығы
E) Атырау облысы

64. 1960 жылдары трансформатор зауыты салынған қала:
A) Алматы
B) Петропавл
C) Ақмола
D) Көкшетау
E) Кентау

65. Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуіне сәйкес 1995 жылы өткізілді:
A) сайлау
B) съезд
C) петиция
D) форум
E) референдум

66. Қай Жолдауда Н.Ә.Назарбаев­тың «Қазақстан-2050» Стратегиясы ат­алады:
A) «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»
B) «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
C) «Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
D) «Болашақтың іргесін бірге қалай­мыз»
E) «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»

67. XVII ғ. қазақ-бұхар соғысында жеңіске жеткен қазақ ханы:
A) Тәуекел
B) Абылай
C) Есім
D) Жәңгір
E) Тәуке

68. 1125 (1128) ж. қидандар басып алған қала:
A) Баласағұн
B) Сығанақ
C) Сарайшық
D) Сауран
E) Имақия

69. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтері­ліс кезіндегі Жетісудағы танымал тұлға:
А) Тоқаш Бокин
В) Оспан Шолақов
С) Жалау Мыңбаев
D) Амангелді Иманов
Е) Оспан Шоңов

70. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов генерал Г.Х.Гасфорттың экспедициясы құра­мында аралаған өңір:
A) Семей
B) Үстірт
C) Атырау
D) Жетісу
E) Маңғыстау

71. Ғұндар туралы дерек қалдырған Византия елшісі:
A) Диодор
B) Геродот
C) Ксеркс
D) Прииск
E) Страбон

72. XIX ғ. 70-80 ж.ж. кедейленген қазақ шаруалары мәжбүр болған жағ­дай:
A) мал шаруашылығымен айналысуға
B) тау-кен орындарына, қалаға, кәсіп­орындарға жұмысқа баруға
C) бау-бақша кәсібіне көшуге
D) Ресейдің ауылдарына жұмысқа баруға
E) шетелге кетуге

73. Дамыған орта ғасырларға жататын монша табылған ортағасырлық қалалар:
A) Басқамыр, Аяққамыр
B) Құлан, Мерке
C) Жент, Баршынкент
D) Отырар, Тараз
E) Алмалық, Талғар

74. 1943 жылы шыққан «Қазақ КСР тарихы» атты көлемді еңбектің авторларының бірі:
A) Е.Бекмаханов
B) О.Сүлейменов
C) А.Жұбанов
D) Ә. Ермеков
E) М.Әуезов

75. Тарихи очеркте берілген үзін­діде қандай оқиғалар туралы айтылады:
«….Қалмақтар Жайық өзеніне таяп қал­ғанда Орынбор губернаторы Непл­юев Нұралы ханға, қалмақтар сен­дер­ді, қазақ­­тарды шапқалы келе жатыр деп ха­­бар берді. Сондықтан да ол үкімет­тің аты­­нан қал­мақтарға қарсы соққы беру­ді ұсынды»
A) Бұланты шайқасы қарсаңындағы оқиға
B) Қалмақтардың Қытай шебіне көшіп кету әрекеті
C) 1643 жылы Батыр қонтайшының қазақ жеріне басып кіруі
D) 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасындағы шайқас
E) 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды оқиғасы

76. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлдары:
A) Жәңгір мен Тәуке хандар
B) Қасым мен Бұйдаш хандар
C) Хақназар мен Мамаш хандар
D) Уәли мен Кенесары хандар
E) Тәуекел мен Есім хандар

77. 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясы түсіріп шығарған қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі:
A) «Түрксіб»
B) «Жауынгер ұлы»
C) «Амангелді»
D) «Қыз Жібек»
E) «Саған, майдан»

78. 1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде ленинградтықтарға «Ленин­градтық өренім» жырын арнаған қазақ ақыны:
A) А.Құнанбаев
B) М.Ғабдуллин
C) Б.Момышұлы
D) Ж.Жабаев
E) Б.Бұлқышев

79. 1975 жылы жарық көрген «Аз и Я» кітабының авторы:
A) С.Мәуленов
B) Ә.Тәжібаев
C) М.Шаханов
D) Қ.Аманжолов
E) О.Сүлейменов

80. Ежелгі үйсіндердің астанасы:
A) Битянь
B) Мардан
C) Ақтас
D) Арқайым
E) Чигучен

81. 1990 жылдың жазында құрылған азаматтық қозғалыс:
A) «Азат»
B) «Социалистік партия»
C) «Славян»
D) «Қазақстан халық бірлігі одағы»
E) «Семей-Невада»

82. 748 жылы Қытай империясы жау­лап алған қала:
A) Суяб
B) Жент
C) Жаңакент
D) Сауран
E) Ашнас

83. Мәтінде көрсетілген қазақ хандарын анықтаңыз:
Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» еңбегінде жазғандай: «… сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай-қайсысы болмасын олардан пана тапты».
A) Тәуке мен Жәңгір
B) Қасым мен Хақназар
C) Мамаш пен Тахир
D) Тәуекел мен Есім
E) Керей мен Жәнібек

84. Қола дәуіріне жататын Батыс Қазақстандағы тұрақ:
A) Петровка
B) Шағалалы
C) Степняк
D) Мало-Красноярка
E) Алексеев

85. Түргеш қағанатының орталығы болған қалалардың бірі:
A) Мыңбұлақ
B) Баласағұн
C) Испиджаб
D) Сығанақ
E) Күнгіт

86. Есім хан билігі кезінде алғашқы қазақ-бұхар шайқасы болған жыл:
A) 1710 ж.
B) 1628 ж.
C) 1510 ж.
D) 1743 ж.
E) 1603 ж.

87. XIX ғасырдағы Солтүстік Қазақ­стан өңіріндегі жәрмеңке:
A) Шар
B) Ойыл
C) Қоянды
D) Қарқара
E) Тайыншакөл

88. Махмұт Қашқаридің еңбегі
А) «Диуани лұғат-ат-түрік»
B) «Құтты білік»
C) «Шыңғыснама»
D) «Жылнамалар жинағы»
E) «Шежірелер жинағы»

89. Қазақстанда Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастық ұйымының саммиті өткен жыл:
A) 2002 ж.
B) 2006 ж.
C) 2011 ж.
D) 2010 ж.
E) 2003 ж.

90. Зергерлік бұйымдар табылған үйсін қорымы:
A) Бесшатыр
B) Ақтас
C) Шілікті
D) Бесоба
E) Есік

91. 1988 жылы Қазақстан Компар­тиясы Орталық Комитетінің қаулысы­мен ақталған атақты ақын, белгілі сая­сатшы, педагог:
A) С.Асфендияров
B) М.Жұмабаев
C) Б.Майлин
D) С.Сейфуллин
E) І.Жансүгіров

92. 1993 ж. желтоқсанда болған тарихи оқиға
A) Теңгенің айналымға шығуы
B) Әнұран қабылдануы
C) Конституцияның қабылдануы
D) Халық бірлігі одағы құрылуы
E) Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы

93. Питекантроптың қаңқасы алғаш рет табылды:
A) Ява аралында
B) Олдувэй шатқалында
C) Кро-Маньон үңгірінде
D) Тесіктас үңгірінде
E) Тұран ойпатында

94. Сарматтар мекендеген аймақ:
A) Ертіс бойы
B) Оңтүстік Қазақстан
C) Сырдың орта ағысы
D) Шығыс Қазақстан
E) Батыс Қазақстан

95. Қарақытай мемлекеті құлаған­нан кейін билікті қолына алған:
A) Қимақ ханы Жанақ
B) Керей ханы Тұғрұл
C) Алтын Орда ханы Батый
D) Найман ханы Күшлік
E) Хорезм шахы әл-Арслан

96. Шыңғыс ханның заңдар жинағы
A) «Моңғолдардың алтын кітабы»
B) «Адат»
C) «Жасақ»
D) «Шариғат»
E) «Кодекс Куманикус»

97. 1837-1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс жетекшісі:
A) М.Өтемісұлы
B) Ж.Нұрмұхамедұлы
C) Е.Көтібарұлы
D) К.Қасымұлы
E) С. Датұлы

98. XVIII ғасырда Орынбор («қыр­­ғыз-қайсақ») экспедициясын басқарған:
А) П.Эссен
B) М.Сперанский
C) Г.Колпаковский
D) В.Радлов
E) П.Рычков

99. Алтын Ордада исламды мемле­кет­тік дін деп жариялаған:
A) Берке хан
B) Ұрыс хан
C) Өзбек хан
D) Жошы хан
E) Батый хан

100. Мәтінде сипатталған шайқасты анықтаңыз.
«Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты… Қаған … арабтарды біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы береді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады»:
A) Бұхарадағы шайқас
B) Тоқарстандағы шайқас
C) Атлахтағы шайқас
D) Самарқандағы шайқас
E) Навакеттегі шайқас

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=740433
Пікірлер

Жолдаушы №: 5984 - Уақыты: 2017/04/29 - 03:16

98 сұрақ қәте құрылған. 18 ғасырда (1734ж) Орынбор экспедициясін басқарған И.К.Кириллов. Ол қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясінің бастығы болып В.Н.Тәтищев тағайындалды.

Жолдаушы №: 5968 - Уақыты: 2017/03/31 - 16:33

Мына тест сұрақтарының жауабын кәйдән табуға болады

Жолдаушы №: 5967 - Уақыты: 2017/03/31 - 16:33

Мына тест сұрақтарының жауабын кәйдән табуға болады

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанда 19 тамызда 5 min
Индя мен пәкистәннің шұ 8 min
Шекарашылар күніне арна 11 min
Осы араны басып көріңіз 18 min
ҚР Президенті қазақстан 1 sagt
Иран мұнай кемесі енді 1 sagt
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 1 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 1 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 2 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Африкада арыстандар аза 2 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елордада ауа райына бай 2 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 2 sagt
Африкада арыстандар күр 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 3 sagt