Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121198280934 %66 %

Ауыл баласы әлжуаз болмасын! – "Айқын" газеті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 00:30 - 2017/02/24


Ауыл баласы әлжуаз болмасын!
12
0
Бөлісу:

Денсаулық, білім жөнінде әңгіме қозғала қалса, таяқтың бір ұшы ауыл баласының маңдайына тиіп жатады. «Ауыл баласының денсаулығы нашар, ауыл баласының қала баласынан білімі төмен» деген сөздерді естігенде, осы пікірді айтып отырған ағаларымыздың өздері ауылдан шыққанын, кіндік қанының ауылда тамғанын естен шығарып алатын болуы керек. Ауылда туып, ауылда өсіп, сол жерде орта білім алып, одан қайта келіп қызмет атқарып жүрген мен – бұл пікірмен келісе қоймаймын.

Ауыл баласының әлжуаз, білім деңгейінің төмен болуы мүмкін емес. Беске келіп, есін білген күннен бастап еңбекпен тәрбиеленетін, ата-әжесінің жанында жүріп, еліміздің кешегі тарихын естіп, ертегісіне құ­лақ түріп өскен перзенттің бо­йын­да ұлтжандылық қасиет басым болар еді.
Біз үштілділіктен, ІТ техноло­гиядан кенже қалып жатқан болар­мыз, бірақ ол да қазір ауылға таң дүние емес. Үш тілділікке бүлдір­шіндеріміз бірінші сыныптан-ақ кірісіп кеткен. Панфилов ауданын­дағы «Аққұдық» ауылында «Алғашқы әскери дайындық» пәнінен сабақ беремін. Сабақ барысында оқушылардың бойынан отанына, еліне деген сүйіспеншілік пен намысшылдық қасиетін, олардың ертеңгі күніне деген сенімін байқағанда қуанамын. Кейбір ере­сек жастағы азаматтар қадірін біле бермейтін тәуелсіздігіміздің құндылықтарын солар қадірлей алады. Олар көк туымыздың көкте желбірегенін мақтан тұтады. Оны да әскери дайындық пәні бойынша аудандық, облыстық, республикалық бай­қауларға барғанда байқаймын. Біздің мектептің «Жас инспек­торлар», «Патриоттар» командасы – Қос­танай, Алматы облыстарында, Талғар қаласында өткен байқауларда жүлделі орындарды иемденіп, рес­публикамызға «Аққұдық» ауылын танытып жүр.
Мектебімізде біліммен қатар тәрбие мәселесіне де ерекше мән беріледі. Ұлы әл-Фарабидің өзі тәрбие мен білімді қатар алып жүруді айтқан емес пе?! Ауылдың абыройын ойласақ өңірге, Н.Назарбаев зият­керлік мектебі сияқты білім орда­ла­ры тек Астана мен Алматы қала­лары­на ғана емес, аудан орта­лық­­тарынан да ашуымыз керек. Дарынды балаларға арналған мектептердің облыс, аудандарда фи­лиалдарын ашып, институт бітірген жастарға өз елі­мізде қызмет істей ала­тын жағдай жасасақ, ауыл баласы әлжуаз деген сөзді естімеген болар едік.
Биылғы оқу жылынан бастап жұмысшы мамандығын даярлайтын кәсіптік-техникалық колледждерде тегін оқыту қолға алынады. Сол орта білімді мамандар даярлайтын оқу орындары оқыту бағдар­лама­сына сәйкес ауылға қажетті маман­дықтар тізбесін жасаса нұр үстіне нұр болар. Мәселен, қазір ауыл­дар­да мықты слесарьлар, ме­ханизатор­лар, тұрмыстық тех­никаны жөн­дей­тін және құры­лыстағы әрлеу жұмыс­тарын жүргі­зетін мамандар, мал дәрі­герлері мен агрономдар жетіс­пейді. Әр шаруақожалығының өз агрономы, өз мал дәрігерлері болса шаруашылықты дамытудың мүм­кіндігі мол болар еді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ауылды әлжуаз дей берге­німізше, оны әлжуаз етіп тұрған не?» деген мәселеге көңіл бөліп, ауыл – еліміздің алтын тамыры екендігін ұмытпасақ деймін.

Жандос ОСПАНОВ

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=729030
Пікірлер

Жолдаушы №: 5959 - Уақыты: 2017/02/24 - 03:06

Ауыл баласы әлжуәз болмайды, таза ауа, таза тағамдар қоспасыз, олардың денсәуліғі меніңше қала баласынан жақсы, төзімді, иммунинтеттері мықты. Ал білім жағы қәләнікі жоғары!

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар