Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121198280934 %66 %

ӘСІРЕ ДІНШІЛДІК НЕМЕСЕ САУД АРАБИЯСЫНАН ЖАЛАУ БОП ЖЕТКЕН «ТАЗА ИСЛАМ» ДОКТРИНАСЫНЫҢ ЗАРДАБЫ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 04:01 - 2012/12/04

әсіре діншілдік немесе сауд арабясынан жалау боп жеткен «таза ислам» дөктринәсінің зардабы


асан омаров, қазақстан республикәсі дін істері әгенттігі, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының жетекші ғылыми қізметкері

қазақ елі ортағасырлық қараңғы түнекке оранғаны жақсы ма, жоқ әлде, оның ғылымды дамыту, меиірім мен әділетті нығайту жөлімен құт-берекелі мекенге айналғаны жөн бе? сұрақты бұлайша қабырғадан қоюға бізді кеибір дін атын жамылған теріс ағымдардың екстремистік әрекеттері мәжбүрлеп отыр. олар ұлттық мәдениетімізден мұсылманшылықты бөліп алып, екеуін соғыстыра бастады. олардан: «сендер кімсіңдер?», – десең, «мұсылманбыз», – деиді, «ұлтың кім?» десең, «ұлтымыз жоқ, біз мұсылманбыз», – деиді. сайып келгенде, діннің өзі де қоғам тұтастығына жік түсірудің құралы болуға айналды.
алла тағаланың адам баласына нәсіп еткен игілігі мен ырыздығында шек жоқ, басқаны қоя тұрғанда, жұтқан ауа, бір тамшы су, бір түйір нанға деиін жаратушыға қарыздармыз. сондықтан құдайға құл болу, құлшылық – мұсылманшылықтың басты шарты. бірәқ салафшы ғалымдар бұл шартты өзінше түсінеді. мәселен: «жындар мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым» деген аятты (зарят сүресі, 56-аят) сәжде қылу арқылы құдайға жалбарыну деген тар мағынасында қарастырып, ғибадат үғімімен шектеп қояды. адасудың басы осы болса керек.
пайғамбарымыз мүхәммед (с.ғ.с.) -ның мүфлис, яғни «бәнкрөт» кісі туралы хәдисінде пенденің қылған ғибадаттары мен істеген жақсы істерінің сауабын жамандық істері басып кететін жағдайда, ондай адамның тозаққа тасталатыны ескертілген.
қарапайым халықтың ұғымында құдайға құл болу – дүниеге құл болмаудың амалы. өзіңіз де ойлаңыз, атам қазақ қашан шын иманды сыртқы тағат, ғибәдәтпен шатастырған еді? көшпелі өмір жағдайында тағатты орындау қандай деңгеиде мүмкін болса, оны сол дәрежеде ғана алып, пайдаға асырып отырған.
мұсылман болу – жүрек тазалығында деген принтсип тұғыры кеңестік дәуірде де шайқалған емес. алдыңғы буын, біздердің бала кезімізден көріп өскеніміз мынау: үлкендер жағы «әй, кәпір-ай» деп тек әділдікті белінен басқан, қянатшыл қылықтарға барған пендені ғана сөгуші еді. яғни «кәпір» ұғымы намаз оқымайтын кісіге емес, ар-ұяттан жұрдай, құдайдың меиірім, әділет заңынан беихәбәр наданға қарата айтылушы еді.
исламның рухани әлемі діннің ішкі мазмұны, ал ғұрпы, дәстүрі оның сыртқы формасы деген түсінік мұсылманшылықтың бес парызына қиғаш емес. бұл арада таным мен сенімді ажырата білу керек. құдайды танымай, оның заңдарын білмеи тұрып, оған құл болдым деу бекер сөз. демек, жаратқан иеге иман келтіру – құлшылық қылудың әуелгі де басты шарты. парыздың қалған төртеуі таразының екінші басында.
құран мәтініндегі ғілім-былым алуға, оны іздеуге қатысты аяттардың саны 750-ге жетіп жығылады екен. бұл фәкті бізге көп жәйді аңғартса керек-ты.
барлық әлемдік діндерде сяқты исламның ішкі ғибадаты һәм тірегі – алланың ісін (ғылым, меиірім, әділет көріністерін) тәніп-былу және адамзатқа түскен әмірлері мен бұйрықтарына мойынсұну болып табылады. сөйтіп бастысы – көкеидегі саңылау, ал сыртқы ғибадат жәйлі, мәселен, намаз оқудың тәртібі хақында пышақтың қырындай ғана кітәпшәң болса, сол да жеткілікті.
бұған көпшіліктің назарын аударып отырғаным жәйдән жәй емес, дініміз дамуының дәл қәзіргі кезеңінде салафшы, тәкфирші топтардың ықпалы арта түсуде. егер бұлай жалғаса берсе, дін деп жүріп, құдай мұның бетін әрі қылсын, ділімізден айырылып қалуымыз ғажап емес. діни және парасат құндылықтары (халықтық тәрбие, отбасын қәстерлеу, тілді дәріптеу, үлкенді сыилау, қонақты ардақтау, аруаққа қүрмет, табиғатты аялау т.б. қағидалар) бірге өріліп, тұтастықта болғанға не жетсін.
намаз елімізде салафизм өрістеуінің бір үрдісі болмауы қамында бірер сыни ой-пікірлерімізді ортаға салдық. олардан діндәр өппөненттер «күпірлік» я «дінсіздік» таңбасын тауып, атойлап өре түрегелуі мүмкін екенін біліп отырсақ та, бұл нәзік тақырыпты айналып өтуді жөн көрмедік. ондағы мақсат – өмір тәжірибесі аз жастарымызды соқыр сенімнен, ғибадатты сыңаржақты түсінуден сақтандыру болып отыр. құр діншілдік ақыры неге әкеп соқтыратыны араб елдері тәжірибесінен мәлім.
сөз соңы, қәзіргі қазақ қоғамын мазалап отырған әсіре діншілдік фәктілерінің өрістеуіне «кінәлі» сауд арабясынан жалау боп жеткен «таза ислам» дөктринәсі демеске лажымыз жоқ. бүгінгі таңда таухид пен намазды жамылған салафя идеөлөгясі қазақ еліне ортағасырлық қараңғылық түнегін қайта орнатқысы келеді. ең үлкен қәуіп міне осы демекпін.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=72379
Пікірлер

Жолдаушы №: 4479 - Уақыты: 2014/04/26 - 09:31

Осындай талас тәртіс,бүлік туғызатын дін дұшпандарының мақалаларын көшіріп әкелмеңдер!

Жолдаушы №: 3419 - Уақыты: 2013/06/04 - 16:45

Әмерикәнің тұңғыш пиризденті әмерикәғә кемелді заң-тұзым орнатқан соң, қізмет міндетінен шегініп шіғіп,жеке шаруа болып кетіпті деседі.бүл сол мемлекет тың болашағы мен ызбасарларына үлгі көрсету үшін болуы мүмкін.әл қазақтың тұңғыш елбәсідә осындай үлгі жәрәтіп,биліктің беибітшілікпен алмасуына кепілдік ете әлсә,мемлекеттік беибіт дамуына негіз қалай алса қазақ елінің болашағы үшін үлкен іигі іс болар еді.

Жолдаушы №: 3418 - Уақыты: 2013/06/04 - 16:30

Дын 2000жылдың алдындағы саясат,бұны ғылыми тұрғыда тұсынып,тұрмұс қәжетіне сәйкесті пайдаланса болады,быздың қәзекеңнің маңдай алды ең маңызды қәжеті қазақ елін қәйткенде бұтын,тыныш,ынтымақты,дамыған ел етіп құру,бауырлас тардың басқа елдің тепкісіне бөзегіне ұшырамайтын жағдай жарату,бұл барлық қазақ азаматтарының құлшыныуына тиысты мәселе.

Жолдаушы №: 1293 - Уақыты: 2012/12/13 - 12:32

Бырақ кәпір болып кетпеиік

Жолдаушы №: 1223 - Уақыты: 2012/12/07 - 12:22

Исыламды ата бабаларымыздай ұстай алсақ шекемізге шор-шор алтын . бабаларымыздың іс жүзіндік өмірге тамаша сәйкестіргеніне бірғәнә кимешек шылауышты мысалға келтірсек жетіп асады . бүгін міне әсіре діншіл боп қуып жүрміз , аллатағала : мен ең жақсы көретін құлшылық - бір қалыпты , баянды құлшылық деген екен . өте әсірелемеи құлшылық пен тіршілікті ұштастыра алсақ болды .

Жолдаушы №: 1210 - Уақыты: 2012/12/07 - 04:15

Біздің қазаққа тек ұлт ғана керек ,былып қойыңдар христан болсада өз қазағың ,өз бауырың өзгеден мың артық

Жолдаушы №: 1209 - Уақыты: 2012/12/07 - 04:15

Біздің қазаққа тек ұлт ғана керек ,былып қойыңдар христан болсада өз қазағың ,өз бауырың өзгеден мың артық

Жолдаушы №: 1208 - Уақыты: 2012/12/07 - 04:15

Біздің қазаққа тек ұлт ғана керек ,былып қойыңдар христан болсада өз қазағың ,өз бауырың өзгеден мың артық

Көрші сілтемелер