Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2317994662 %38 %

«НҰРСҰЛТАН САЛҒАН НҰРЛЫ ЖОЛЫ» МӘҢГІ АШЫҚ БОЛСЫН ДЕСЕК...



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 00:00 - 2017/02/12


ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі

Ә.Р. Жақсыбековке

                                                                                               және

Қазақстан Республикасы

Президенті Әкімшілігінің

Мемлекеттік құқық бөліміне

 

Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы!

Арғы тарихты айтпағанда, өткен жиырманыншы ғасырдың қазаққа салған азабы мен тозағы аз жоқ. Қазақты қойып, адамзат баласының өзі жаралғаннан бері дәл осы ғасырдай лаңы ең ауыр ғасырды көрмеген шығар. Бүкіл дүниені шарпыған екі үлкен соғыс, сциялистік төңкеріс дүниені екі үйекке бөліп тынды. Және ол екі үйек бір-біріне ата жау болып, шекарасынан ұшқан шыбын өте алмастай тұмаға-тұйық заманды басынан кешірді. «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көр!» деген мақал дәл осы жерде еске түседі. Қолында от қаруы бар халықтар алып алып құрлықтың өзін пышақ үстінде бөліске салып жатқанда, қазақ байқұстың не күйде болғанын айту – бұл күнде ескі жараны тырнағанмен бірдей, жүрек ауыртады.

Айтпасқа тағы малымыз жоқ, байтақ қазақ жерін алып империялар бөліп-бөліп алғаннан бергі қазақтың көрген күні не болды?!

Бодандық! Жан сақтау үшін бір мемлекеттен екінші мемлекетке ауу! Бөліну мен жарылу!!!

Бергі жағын ғана шолып өтейік, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1928 жылғы кәмпескелеу, 1932-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық, 1937-1938 жылдардағы жаппай сталиндік репрессия, 1955, 1962 жылдарда шетелдік қазақтардың Қазақстанға оралуы, Тәуелсіздік жылдарындағы Атажұртқа оралу – осының бәрі қазақты тумаларынан алыстатып, екі елде қалдырумен келеді.

Әрине, 1991 жылы 18 қарашада «Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарының басқа республикалардан және шет елдерден Қазақ КСР-ына көшіп келуі тәртібі мен шарттары туралы» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шығартқан ақжолтай қаулыдан соң жаңа Қазақстанның тасын бірден өрге домалатқан ҰЛЫ КӨШТІҢ жөні бөлек! Бұл – зорлық-зомбылықпен емес, қайта Көк Тудың, Қара Шаңырақтың астына бірігу мақсатында саналы түрде болған  бөліну мен жарылу!

Құдайға тәубе, Алла ғасыр тоғысында қазақтың маңдайын жарқыратты. Нұрсұлтан Әбішұлындай ұлы тұлғаны көшбасшы етіп сыйлады. Міне, небәрі 25 жылда әлем әлем картасында «Қазақстан» деген шыт-жаңа мемлекет пайда болды. Бұдан асқан бақыт жоқ!

Тәуелсіздіктің аты – тәуелсіздік! Қолына билік тие қойып еді, Нұрсұлтан Назарбаев бірден қазақты және оның кеткен ұпайын түгендеуді қолға алды: Қаулы қабылдатып, көші-қон саясатын жолға қойды (1991 жылы 18 қараша); төңіректің төрт бұрышына тарыдай шашыраған қазақтың қаймақтарын Қара шаңыраққа шақырып, Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізді (1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында); арнайы «Халықтың көші-қоны туралы» Заң (1997 жылы 13 желтоқсан) қабылдатты...

Соның бәрі бүгінгі ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ болашақ тағдыры үшін жасалған ҰЛЫ ЕҢБЕКТЕР!!!

Соның арқасында 25 жылда бір миллионнан астам қандасымыз Атажұртына оралды.

Осы жерде бір мәселенің басын ашып айта кеткен жөн. Дүниенің төрт бұрышынан Қазақстанға өз бетімен көшіп келген қандастарымызға деген көзқарас түбегейлі өзгеру керек! Олар бірдеме алам деп келіп жатқан жоқ!! Ұлы Дала Елінің болашағы үшін оралуда!!! Бір-ақ мысал айтайын, 2016 жылы 16 мың 417 отбасы немесе 33 мың 754 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Үкімет Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2016 жылға арналған өңірлік квотасын бекітіп, 1259 отбасыдан тұратын оралмандарға ғана бір жолғы көшіп келу қаражатын берді. Ал, қалған 15 мың 158 отбасы бір тиын дәметпестен, өз бетімен келіп қоныстанып, тіршілігін бастап кетті.

Демек, қазіргі таңда көшіп келген этникалық қазақтар үшін ең қажетті нәрсе – тездетіп Қазақстан Республикасының азаматтығын алу. Құдайға шүкір, бұл жағы да шешілген, қолданыстағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 16-1- бабына сай, шеттен оралған қандастарымыз Жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуда.

Әрине, осы Заң жобасының 16-1- бабы бойынша да шеттен келетін қандастарымыз азаматтығын алып, көш жалғаса береді деп бойды кеңге салып жүре беруге болатын еді.

Бірақ, аталмыш «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 2013 жылы 15 желтоқсанда төрт жылсыз азаматтық берілмейтін етіп күтпеген жерден қатаңдатылып қабылдануы – бұл сенімімізге селкеу түсірді. Селкеуді қойып, аталған Заң жобасының алдында бес жылсыз деп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісіндегі санаулы ғана депутаттардың қарсылығымен бұл тәртіп төрт жылға түсіріліп қас қағымда өзгертіле салғанын ойласақ, төбе шашымыз тік тұрады.

Жасыратын түгі жоқ, болашақты болжау қиын. Дүние қысқа күнде қырық құбылуда. Екі алып империяның ортасында бір-ақ уыс халықпен «Шықпа, жаным, шықпалап» келе жатқанымыз да жасырын емес. Оның үстіне, елдің бәрі қиядан жол, қиыннан даңғыл сала білетін  Нұрсұлтан Назарбаевтай кемеңгер, көреген бола алса жақсы. Ертең  «әлдебіреулер кез-келген уақытта Қазақ көшінің келуін қиындатып, этникалық қазақтардың да азаматтық алуын өзге келімсектердікімен теңестіре салмай ма?!» деген қауіп қандастарымыздың көңілінен кетер емес! Шеттегі бес миллион қазақтың Құдайдан кейінгі сүйенері де, атбасын тірейтін панасы да осы жалғыз Қазақстан!

 «Ата Заң» күнде өзгере бермейді. Ал, өзгерту мүмкіндігі туған  жағдайда оған ел болып үн қосу, ұтымды, сәлихалы ұсыныстар беру, ол ұсынысты жүзеге асыру – Еліңнің болашағы, ұлтыңның тағдыры үшін жасаған ерлік болмақ. Ең бастысы әрі қуаныштысы, өзгеретін де, толығатын да өз «Ата Заңымыз». Өзгертетін, толықтыратын тағы өзіміз – қазақтар!

Міне, Елбасы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу туралы бастама көтеріп, сол өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға бір ай уақыт берді. Көзді ашып, жұмғанша оның да жаымы өте шықты. Халық бұл бастаманы қуана-қуана қолдағанымен, ең керекті ұсыныстарды беруге келгенде бойкүйездік байқалады. Әсіресе, тағдыры талапайға көп түскен, тумалары тыс жерде қалып отырған, көздерін аша салып Тәуелсіздікті сарғая күткен азаматтар орайды мықты ұстауға шабандық қылуда...

Сондықтан, алдағы замандарда да Қазақ Еліне оралғысы келетін шетте жүрген қандастарыңыздың «Нұрсұлтан салған Нұрлы Жолы» мәңгі ашық болсын десек, Сіздерден Қазақстан Республикасының Конституцияның 10-бабын «Республика шегiнен тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар Қазақстан Республикасына кедергізсіз оралады және тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) алады.» - деген жаңа бір тармақпен толықтыру керек!

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жыла «Егемен Қазақстан» гәзетінде жарық көрген «Ұлы дала ұлағаттары» кітабының «Қиырдан келсе қандастар» атты тарауындағы «Ағайынға арнап көп нәрсені айтқым-ақ келеді. Алайда, іштегінің бәрі сыртқа шыға бермейді ғой. Ел тірлігі, көпұлтты Қазақстанның бірлігі мен тыныштығы жатсам-тұрсам көкейімнен кетпейтін маған жалғасып жатқан қазақ көшінің тағдыры тіпті де оңай сезіліп тұрмағанын айтқым келеді. Жырақтағы жұртың туған жерге жаутаңдап қарап отырса, кісінің жаны қалай жай табады?!» деген ұлағатты сөздерін біз естен шығармауымыз, астарын терең түсіне білгеніміз жөн!

Мен азамат, ақын, Қазақ көшінің жанашыры ретінде осы ұсынысты батыл қабылдауды, оған ЕЛ БОЛЫП қолдап, жүзеге асуына ықпал етулеріңізді өтінем!

Құрметпен,

Ауыт МҰҚИБЕК

Астана 

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=720897
Пікірлер

Жолдаушы №: 5951 - Уақыты: 2017/02/13 - 06:03

Namesemez..bir..hazahpez..jumela..alaten..juderehpez

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қасым-Жомарт Тоқаев Қар 2 min
Асқар Мамин Татарстанда 5 min
Қуатты партия – жігерлі 5 min
СҚО-да полиция қызметке 8 min
Алматыда алаяқ кезексіз 11 min
А қ ш мемлекет хатшысын 15 min
Тяншан торы 15 min
Қазақстан мен Біріккен 15 min
Головкин мен Деревянчен 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Алматыда алаяқ кезексіз 17 min
Абай поэзиясына 130 жыл 20 min
Жұманың ұмытылған сүнне 20 min
Байқоңырдан ғарышқа ал 20 min
Еуропа лигасы: «Астана» 25 min
Осы араны басып көріңіз 25 min
Алматыда  троллейбус жа 29 min
Ауырып қалған адамның и 1 sagt
Алматыда алаяқ әйел ұст 1 sagt
Өтен Ахмет. Той дегенде 1 sagt
Ауылға деген сағынышты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ұлытауда халықаралық ау 1 sagt
Оқушылар мектеп бітірге 1 sagt
Қазақстан мен БАӘ ғарыш 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Петропавлда тоқтап қалғ 1 sagt
Президент Әкімшілігі Қа 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шымкентте «ақылды» тұра 1 sagt