Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

Екі қолсыз туған тараздық әйел тігін шебері (фото). Нарық. Alashainasy.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: КЗ наным торы

Жолданған уақыты: 12:48 - 2015/11/16


Екі қолсыз туған тараздық әйел тігін шебері (фото)

  • © kaz.caravan.kz

    © kaz.caravan.kz

Менің қолымнан бәрі келеді, - деді Таразда «Анар» ЖК басқаратын 37 жасар әйел Анар Бексұлтанова әңгімелесу барысында.

Шынымен, тігу, кестелеу, техниканы басқару, сурет салу, әзірлеу, кез келген үй шаруасымен айналысу оған еш қиындық тудырмайды. Сонымен қатар ол екі қыз тәрбиелеп отыр, суреттерінің көрмесін өткізіп тұрады, өз ісін ашып, әйелдерге жұмыс орнын ашуда.


Мұның бәрін жасап отырған Анар Бексұлтанованың туғаннан бері екі қол жоқ, бұл жұмыстың барлығын ол аяғымен жасап үйренген.

«Талас ауданында, үлкен, тату отбасында дүниеге келдім, жеті баланың бесіншісімін, - деді Анар Бексұлтанова. - Анам маған жүкті кезінде қатты ауырған екен, сондықтан да осы диагнозбен тудым. Ауылда 11 жылдық бітірдім. Төрт қабырғаға қамалып қалуды жөн санамадым, мектепке бардым, сүйіспеншілікке бөленіп, толыққанды отбасыда дүниеге келдім. Сондықтан да өзімді бақытты сезінемін», - деді ол.

Оны кез келген уақытта дәріс оқуға, таныстырылым ұйымдастыруға, түрлі тақырыптар (Жеңістің 70 жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы) бойынша көшпелі көрмелер ұйымдастыруға шақырады.

Үш жыл бұрын Анар барлық жинағын іске салып, тапсырыстарға орай тігін тігумен айналыса бастады.

«Тауар сатып алу үшін Бішкекке барамын. Өз үйім бар, әпкеммен, қыздарыммен үйдің бір бөлігінде тұрамыз, бір бөлігін шеберхана қылдық. Алла қаласа, қосымша ғимарат, қойма салу жоспарымызда бар. «Дамудан» алған 3 миллион теңгеге екі өнеркәсіптік машина, бір тұрмыстық, бір компьютерлендірілген тігін машинасын сатып алдым», - деді ол.

kaz.caravan.kz 










Көрілген: 624    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=13&id=531309
Пікірлер

Жолдаушы №: 6024 - Уақыты: 2017/10/11 - 21:58

Анар, айналайын, сенің мына жасап жатқан дүниелеріңе бескеттім. Жарайсың! Әрқашанда өстіп күліп, жайнап жүребер! Істеп жатқан жұмысыңның рахатын көр! Екі қөлқәнәтің,тәп-тәтті қыздарың бақытты болсын! Дендерің сау, аман болыңдар!

Көрші сілтемелер