Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

Өзге тілдегі сөздерге неге әуеспіз?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ана-тіл газеті

Жолданған уақыты: 08:35 - 2015/11/16


Өзге тілдегі сөздерге неге әуеспіз?

Мен қазақ тілі мен әдебиетінен оқушыларға сабақ беретін болған­дықтан, білім жүйесіндегі тіл қолданыстары мен олқылықтарына үнемі назар аударып отырамын.
Қазір білім беру жүйесінде Кеңес заманында енген сөздерге қоса, соңғы кезде орыс және басқа тілдерден енген сөздер қаптап кетті. Олардың кейбірін санаулы ғалымдар мен көкірегі ояу ұстаздар қауымы жатық тілде қазақшалап та жатыр. Бірақ оларды күнделікті өмірде пайдалануға келгенде көбіміз енжарлық танытып келеміз. Осы енжарлық салдарынан қазақ тілінің көсегесі көгермей, қолданыс аясы тар қалыпта қалып келеді.

Сөзіміз құрғақ болмас үшін білім беру жүйесінде қазіргі күні белсенді қолданылып келе жатқан мына төмендегі бірнеше ғана сөздерге назар аударып көрейікші. Мұндай сөздер тек қана білім беру саласында ғана емес, барлық салаларда да белсенді қолданылып келе жатқаны өкінішті.
«Тиісті органдар, нарықты экономика; білім беру процесін өзгерту, жұмыстың барлық түрін коррекциялық жағдайда ұйымдастыру, кәсіби және психологиялық даярлығы, материалдық-техникалық базаның талапқа сай жабдықталуы; соңғы үлгідегі информатика, мультимедиакабинеттерімен жабдықталғандықтан, мұғалімдер компьютер, қашықтықтан оқыту, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуіне мүмкіндік алды, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты – білімді сапалы ету, оқыту үрдісін (процесін) басқаруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін меңгеру, жаңа оқу материалын қабылдау; логикалық жүйеде орындалу керек; жаңа терминдермен танысып, глоссарийге кіргіздім; стихиялық және саналы, басқару теориясы, жүйені кибернетикалық басқару, синергетикалық басқару, ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника,информация (ақпарат), динамикалық жүйелер, жүйені құрайтын элементтер; оқу үрдісін басқаруына арналған критерий мен индикаторларды анықтап, интернет, баспасөздік ақпарат, байланыс құралдары, қарым-қатынастың субъектісі ретінде, коммуникативтік, инновациялық іс-әрекетінің субъект-субъекттілік позицияларын ауыстыра алу қабілеттілігі.
Мысалдарды бұдан әрі де келтіре беруге болады. Бірақ біздің мақсатымыз білім беру жүйесіндегі (басқа да салалардағы) қазақша емес сөздерді тізбелеу емес, осындай басқа тілден енген көп сөздерді қолдану арқылы өз тіліміздің мүмкіндігін шектеп, қолданыс аясын тарылтып, бейнелеп айтқанда, «аяқ-қолын матап отырған» өзіміз екенімізді сезбей жүргенімізде.
Жоғарыда алынған аз ғана үзінді­лерге назар салып қарасақ, өзге тілден енген сөздерге тым әуес болып бара жатқанымыз аңғарылып-ақ тұр.
Тіпті жоғарыдағыдай сөздерді көп қолдана алсақ, білімді, зиялы адам көрінетіндей бір-бірімізден қалыспай жарысқа түскен секілдіміз. Болмаса осы жоғарыда берілген кейбір сөздердің жап-жақсы қазақша нұсқалары бар екенін де тілге тиек етсек, артық болмас деп ойлаймын.
Мысалы, орган – құрылым, проблема – мәселе, процесс – үдеріс, коррекция – қатынастық, психологиялық – жантану, информатика – ақпараттану, прогресс – алға даму, мотив – сарын, логика – ойлау, грамматикалық – сөзжасам, эссе – ойтолғаныс, глоссарий – ретке келтіру, информация – ақпарат, динамикалық – қозғалмалы, интернет – ғаламтор, коммуникативтік – қарым-қатынас, позиция – ұстаным, интелектуальдік – зияткерлік, философия – пәлсапа, видео – бейне, т. б.
Ал енді кейбір сөздердің қазақша баламасын өзім де ұсынуды жөн көріп отырмын. Бәлкім, көпшілік қолдап жатса, сөздік қорымыз тағы бірнеше сөзбен молая түссін деген игі тілек қана. Мысалы, «экономика» сөзін қазақша «ықтият» деп алуды ұсынамын. Өйткені ықтият – үнемді, сақ болуды, жан-жағыңа мұқият болуды білдіретін сөз. /Мысалы: қаржы экономикасы – қаржы ықтияттылығы (қаржыны үнемдеу, қаржыға сақ қарау, мұқият болу). Ал экономикалық деген сөзді – ықтияттылық, [экономикалық өсу (даму) дегенді – ықтиятты өсу (даму)], экономист сөзін – ықтияткер т.б. деп алу қолайлы екенін еске саламыз. Сол сияқты модуль сөзін – топтау, объекті – нысан, субъекті – айқындама, [ғылыми таным объектісі мен субъектісі – ғылыми таным нысаны мен айқындамасы, білім беру процесінің субъектілері – білім беру үрдісінің айқындамалары], реформа сөзін – өзгертілім, [экономикалық реформа – ықтияттық өзгертілім, білім берудегі реформа – білім берудегі өзгертілім], материал – жабдық, [материалдар – жабдықтар, материалы – жабдығы], терминдер – атама сөздер, [кәсіби терминдер – кәсіби атама сөздер], теория – оқылым, басқару теориясынан – басқару оқылымынан, [теориялық білім – оқылымдық білім, теориялық білімі мықты – оқылым білімі мықты], практика – үйретілім, (әрекет, үйренушілік), [теория мен практика – оқылым мен үйретілім, практикаға шықты(м) – үйретілімге шықты(м), практикаға жіберілді – үйретілімге жіберілді, практикалық тәжірибе жинақтады – үйретілімдік тәжірибе жинақтады], т.б. деп алу ана тілімізге деген құрмет пен қажеттілік деп айтар едім.
Енді негізгі тақырыбымызға қайта оралайық. «Қайтсек қазақ тілі мерейін көркейтеміз?» деген сұрақтың жауабының түбіне жету үшін бірнеше мәселенің басын ашып алғанымыз дұрыс. Өйткені қазақ тілін қоғам мен ғылым тілі ететін болсақ, біріншіден, оның қолданыс аясын ұлғайту қажет. Бұл дегеніңіз күнделікті өмірде, ғылым мен техникада болып жатқан өзгерістерден туған сөздердің дер кезінде қазақша баламасын тауып отыру деген сөз. Екіншіден, қазақ тілін орыс тілінің әсерінен арылтуымыз қажет. Ол үшін орыс тілінен тікелей аударма жолымен енген кейбір орашолақ сөздер мен орыс айтылымы негізінде айтылатын сөздерді өзгертуіміз керек. Үшіншіден, халықаралық сөздердің қазақша баламасын табу жолында жалықпай іздене беруге тиіспіз. Өйткені қазақ тілі өте бай әрі шұрайлы тіл. Сондықтан кез келген атама сөздерге балама табылмауы мүмкін емес. Төртіншіден, ұлттық намысымызды ояту жолында күресуіміз керек. Ұлттық намыс болмай, егеменді ел болғанымыздың өзі бекершілік. Бесіншіден, лауазымды тұлғалар өз ішімізде де, шетелдерде де қазақ тілінде сөйлеуді қолға алу керек. Қазір ілеспе аударма жасау жетілген қалыпта. Оған толық мүмкіншіліктер бар.

Сәдуақас АБДЫНАСЫРҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі



Принтерден шығару Принтерден шығару
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=9&id=531085
Пікірлер

Жолдаушы №: 5316 - Уақыты: 2015/11/17 - 13:19

ЖАКСЫ

Жолдаушы №: 5315 - Уақыты: 2015/11/17 - 13:19

ЖАКСЫ

Жолдаушы №: 5314 - Уақыты: 2015/11/17 - 13:19

ЖАКСЫ

Жолдаушы №: 5313 - Уақыты: 2015/11/17 - 13:19

ЖАКСЫ

Жолдаушы №: 5312 - Уақыты: 2015/11/17 - 13:19

ЖАМАН

Көрші сілтемелер