Түрі: Ақжүніс мақалалары
Жолданған уақыты: 10:30 - 2015/09/16

Нақты Көзі: http://www.zamana.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=8635:fgkmjhkj&catid=1:latest-news
Ол кісіні жұрт «Бөпе беретін апа» деп атайды
16.09.2015 18:16
«Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің «Auyrmanyz@maіl.ru» электронды
почтасына Ләззат Махамбетқызы Карина есімді оқырман хабарласқан болатын. Оның хатында айтылған жайларға орай біз Орал қаласында тұратын халық емшісі, биоэнерготерапевт Анар емшіге (суретте) хабарласып, оның қандай ауруларға ем жүргізетінін сұраған едік. «Замананың» оқырмандарына да таныстыру ниетімен Анар емшімен арада болған сұхбатты сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.
3–20 жыл аралығындағы бедеулікті де емдепті
– Негізі Алла сәтін салса, жазылмайтын ауру жоқ. Өз тәжірибемде жылдап емін таппаған адамдардың алғысын алған кезім көп. Ал бүгінде әйелдердегі гинекологиялық ауруларды емдеуге ден қойып жүрмін. Өйткені қазір қыз-келіншектердің бесеуінің төртеуінде міндетті түрде қандай да бір кесел кездеседі. Соның көпшілігі маған аурудың асқынуынан балалы болу мүмкіндігі қиындағанда келеді.
Мен бүгінге дейін 3 – 20 жыл аралығындағы бедеулікті, жасанды түсіктен кейінгі бала көтермеу, жыныс органдарының инфекциясын (вульвит, кандидоз, трихомоноз), жатыр эрозиясын, эндометрит, етеккір айналымының дұрыс жүрмеуін, жатырға суық тиюден болатын асқынуларды, аналық түтікшенің (трубка) бітеліп қалуын, жатырдың төмен түсуін, киста, миоманы емдеуде жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. 20 – 45 жас аралығындағы осындай диагнозбен келген қыз-келіншектер жайлы көптеген мысалдар айтып бере аламын. Арасында ЭКО жасатып, нәтиже алмағандар да бар. Олар да: «Анар апа, бізде жақсы хабар бар, тест 2 полоска көрсетті», – деп хабарласып жатады. Ал үйдегі кішкентай сәбилердің суреті бар альбом бір көлікке жүк болардай.
Кейде жұптардың балалы болмауы ер адамның денсаулығына да байланысты. Мұндайда ерлердің ұрық пайызының төмендеуіне де ем жүргіземін. Мұндай диагнозбен емделуге маған адамдар еліміздің барлық облысынан келіп жатады. Одан бөлек, Қырғызстаннан, Өзбекстан мен Ресейден де келушілер бар. Ем алған әйелдер 2, 3, 5, 7 айда бойларына бала біткенін айтып, хабарласып жатады.
Жол ашып, дуадан арылтады екен
– Сізді «Бөпе беретін апа» деп атайтынын естіп жатырмыз...
– Менің атым көп. «Әулие қыз» дейді Өзбекстаннан келгендер. Ресейліктер «Волшебная фея» дейді. Апам, әпкем, сіңлім деп бауыр тұтқан тілектестерім көптігімен мақтана аламын.
– Тағы қандай ауруларға шипа дарыта аласыз?
– Адам бойында кездесетін кесел көп қой. Оны тізіп отыру мүмкін емес. Тек айтарым, шын ниет еткен жан дертіне шипа таба алады. Маған тек сәбилі болуды немесе ауруынан арылуды армандайтындар ғана келмейді. Жұмысқа орналасып, отбасыларының береке-бірлігі артқандар, кәсіптерінен көтеріліп, бизнестері алға басып, саудалары жүріп, жаңа үй салып, көлік мініп, өтпей тұрған үйлері өтіп, дуаға арбалғандардың дуалары шешіліп жатыр.
Мен бірден емші болып, келген адамға сол сәтте ем жүргізген жоқпын ғой. Оңтүстік өңіріндегі, Маңғыстаудың бойындағы 362 әулиенің, Пір Бекеттің жатқан жерінен үлкендердің батасын алдым, дүние жүзіне танымал жоғары дәрежелі ұстаздардың алдарынан өттім. Бойымдағы қасиеттің сырын ұғайын деп талай сынаққа қатыстым. Сонда бойдағы күш-қуатты тексеретін аппарат шкаласында мендегі биоөріс ең жоғарғы деңгейді көрсетті. Мен осы биоөріс арқылы ем жүргіземін. Қазақстан халық емшілері қауымдастығы, халық медицинасы және ғарыштық қуат академиясының сынақтарынан да өттім. Сөйтіп рухани емші, биоэнерготерапевт атандым. Оны айғақтайтын диплом мен медальдар жетеді. Жақында есімім қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылған дүниежүзілік энциклопедияға үздік емші ретінде енгізілді. Бірақ мен мұны мақтан тұтпаймын, ол менің өз бойымдағы қасиетімді өзім ұғыну үшін жасалған қадамдар еді. Мен үшін өшкен үміті қайта жанған жандардың бесік тербетіп отырып маған хабарласып, бұл жолы бұрынғыдай қайғыдан емес, қуаныштан жылап тұрып сәбидің іңгәлаған үнін естіртуі мақтаныш. Сондай-ақ еліміздің демографиялық жағдайына титтей болса да үлес қоса алдым деп мақтана аламын.
Диагнозды тамырдан да біледі
– Ал диагнозды өзіңіз қоясыз ба?
– Маған бұрын-соңды көрмеген, танып-білмейтін адамның аты-жөнін айтсаңыз жеткілікті, диагнозын ғарыштық байланыс арқылы дәлме-дәл анықтап бере аламын. Оны УЗИ қағазымен салыстырып көре беріңіз, күмәніңіз болмасын. Тіпті ешкімге айтпаған ішіңіздегі сыр, өткеніңіз бен келешегіңіз маған аян болып тұрады. Қазақшалап айтқанда, оны көріпкелдік деп жатады. Қажет болған жағдайда тамыр да ұстаймын. Ғылым тілінде ол теопсихоэнерготерапевт деп аталады. Бар құпиям осы.
– Ем ақысы жайлы не айтасыз?
– Ол емделуші адамның диагнозына, ем курсына байланысты. Өйткені маған келетіндер – ауруы әбден асқынып, өзіміздің және шетелдік дәрігерлер үмітін үзген, уақытын оздырып алған адамдар. Оларға көп қуат жұмсайтыным тағы бар. Ал қоятын талабым: түпкілікті оң нәтижеге жетпейінше тоқтамау. Дегенмен емделушілердің жағдайына қарайтынымды да айта кетейін.
– Арқалағаныңыз алғыс болсын!
– Айтқаныңыз келсін!
Сұхбаттасқан – Р. САҒАТҚЫЗЫ.
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=500777