Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18410214243 %57 %

КОНДУКТОР



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қала-дала және Ақшам

Жолданған уақыты: 03:45 - 2015/08/24


_50A5995

Тілші Күнайым Сәкен

Қарбаласқа толы қала өмірі қашанда қызық. Бір қарасаң, бар жағдай жасалып тұрғандай көрінеді. Бірақ, кейде сол игіліктерді пайдаланатын қалтасы қалыңдарға ғана ма деп қаласың. Ал біз – сол қалтаны қалыңдатпасақ та, әйтеуір, жұқарып қалмауына бар күшін салатын қалың бұқараның біріміз. Себебі, шаһарда тұрудың бір талабы сол болса керек. Рас, әмиянда көк тиын қалмаса, әке-көкелейсің. Болмаса, көше кезіп кетуің әбден мүмкін…

Алайда, айтпағым басқа еді. Сіз бен біз сықылды қарапайым жандар шоғырланатын бір жер бар. Күйбең тіршіліктің қамымен күніне кем дегенде екі рет бас сұғатын – қоғамдық көлігің ол. Әр мінген сайын небір жайттарға куә боласың: бірі телефонмен сөйлесіп әлек, енді бірі қасында тұрған көршісімен сыйыспай жатады, ал кейбіреулердің ешкімде шаруасы жоқ – тәтті ұйқыда маужырап отыратындарын қайтерсің. Қалта тонаушылар да шулатып кетеді анда-санда. Сөйтіп, абыр-сабырмен діттеген жеріңе қалай тез жеткеніңді білмей қаласың. Кейде жолаушылар аз мінгендіктен бе, автобус іші тым-тырыс болады. Сол сәтте жан-жағымда отырған адамдарға қараймын. Олардың жанарындағы мұңды байқамау мүмкін емес. Әсіресе, қарт кісілердің қабағындағы қаяу көзге ұрып тұрады. Неге екенін білмеймін, мен сол мұңды тек автобуста ғана көремін. Кейде ұзақ жолдарды аңсаймын. Себебі, өзіме де асықпай ойланатын мүмкіндік туады, жайланып отыратын орын болса екен деп тілеп кіремін. Мен сияқты өзгелер де ойланады, жүргізуші де жолға қарап отырып, талай ойды бастан өткізетін шығар. Бірақ бір адам бар – ойлануға шамасы да, уақыты да жоқ. Біз жұмыстан шаршап шыққанымызға қиналамыз, ал оның шаруасы әлі жалғасып жатады. Біздікінен неғұрлым ауыр, ойды да, бойды да шаршататын іс. Бірақ оларға босаңсуға мүлде болмайды. Бір күні кондукторлар жайлы ойландым…

  Маған олармен тіл табысу оңай көрінді. Кез келген уақытта көлікке мініп, сөйлесе салармын деп жүр едім – олай болмай шықты. «Журналист» екенімді ести сала, ат-тонын ала қашты көбісі. Маңайындағылардан қымсынғандар, уақыты жоқтығын айтқандар да болды. Енді қайтпекпен баяғы автобуста ойланып отыр едім. Естіген құлақта жазық бар ма, қасымдағы екі бойжеткеннің әңгімесіне жалт бұрылдым: «Ал мен ешқашан аялдаманы жариялаудан жалыққан емеспін. Ол – біздің міндетіміз ғой» деді ұзынша келгені. Әлгі қызбен әңгімеміз жараса кетті.

_50A6017

Кондуктор Алтынай Алтынбекова

«Автобустағы өмірім осыдан тура 1 жыл бұрын басталды» деп, Алтынай әңгімесін өрбітті. «Осы қызметті атқаратын досымның күн сайын әртүрлі адамдарды көріп, қала көшелерін жатқа білетіндігі еліктіріп жіберді. Өзімнің де жұмыс іздеп жүрген уақытым еді, құжаттарымды алып, автопаркке тарттым. Кондукторларды басқаратын бригадирдің айтуынша, бұл кәсіпке көбісі амалдың жоқтығы мен қаражаттың жетіспеушілігінен келеді екен. Менің ерекше қызығушылығымды көріп, жұмысқа ертесіне-ақ кірістіріп жіберді. Алғашқыда адамдардың алуан түрлі мінездеріне бойым үйрене алмай, біраз қиналдым. Әр кеште кондукторлық қызметімді енді доғарамын деймін де, ертеңінде лезде «тәубеме» келіп отырдым» деп, кейіпкеріміз өткен күндердегі қылығын күліп еске түсірді.

 Қазір ол бұрынғыдай емес, Шымкенттің шырайлы қызы Астананың ыстығына күйіп, суығына төзе бастаған. Басқа жұмыс іздеу ойына да кірмепті. Тіпті, ол маған автопаркке бауыр басып қалғанын айтты.

«Әрине, қиын кәсіп екендігін мойындаймын. Кейде нақақтан ауыр сөздер естіп қаламын. Осындайда үндемеуге тырысамын. Себебі, жұмыстың оңайы жоқ. Бұған дейін басқа жерде қызметте болған емеспін. Тұрақты, ай сайын берілетін 90 мың теңгем өзіме емін-еркін жетеді. Төрт күн жұмыс жасап, екі күн демаламын. Жұмыс уақытым әр кезде әрқалай болады: түске дейінгі ауысым таңғы алтыда басталады. Ал түстен кейін шықсам, түнгі бірге дейін жүріп қаламын» дейді ол. Сондай-ақ, Алтынай билеттің сатылымынан түсетін бір күндік жалпы қаржы 60-70 мың теңгені құрау керектігін айтты. Сондықтан, жолаушыларды барынша көбірек жинауға тырысатын көрінеді. Сонымен қатар, ол мамандығының қыр-сырын меңгеруге Астана қаласы көлік мамандарының Біліктілік орталығында алған дәрістерінің зор ықпалы болғанын айтты.

Иә, мұндай жағдайларды өзіміз де жолаушылап жүрген кезде аз байқамаймыз. Кейіпкерімнің тым болмаса жарты күндік жұмысын өз басымнан өткізіп көргім келді. Ол енді бір естен кетпес оқиға болды. Таңғы сағат төрт жарымда әзер дегенде тұрдым. Баяғы редакцияма бару үшін әлі бақандай екі жарым сағат бойы тәтті ұйқыда жатар едім деп ойлап қоямын. Содан соң таксилетіп, №1 автопаркке келдім, Алтынай күтіп алды. Ол да әдеттегіше 500 теңгеге көлік жалдап келіпті. Ішке кіріп, бригадирден кондуктор екенін айқындайтын анықтама мен рұқсат қағазды, ал кассадан билеттерді алды. Жүргізушімен келісіп алғанбыз. Артық айқай шықпас үшін бұл эксперимент сыры үшеуміздің ғана арамызда қалсын деп шештік. Мен – кондуктор, Алтынай жай ғана бақылап отырды. Көлікте көп отыра алмайтыным тағы бар. Соған қарамастан, алғашқы екі айналымға шыдаймын деп ойладым. Бірақ…

Автопарктен сонау «Ақ бидай» жаққа барып, сағат алтыда жұмысымызды бастап кеттік. «7-ші емханаға» жақындай бергенде адамдардың сонша көбейіп кетпесі бар ма?! Отырмақ түгілі ентігімді басып бір сәт тұра алмадым да. Жолаушылардың да мен секілді ұйқылары қанбаған, бар өшін кондуктордан алғылары кеп тұратындай көрінді маған. Ішке кірген он адамның біреуі ескерту айтуға дайын тұрады. Ауа салқындатқыш қосылмай қалса да, жүргізуші автобусты шамадан тыс жылдам немесе баяу жүргізсе де – жолаушылар бар назын көз алдындағы кондукторға айтады екен. «Сіз өзі бұрын жұмыс жасап көргенсіз бе? Кондуктор, тезірек қимылдаңызшы! Ақшамды алыңыз, қазір түсемін, қайда жүрсіз?» Айқайлап тастағым келді! Өз-өзімді әрең сабырға шақырдым. Маңдайдан суық тер бұрқ ете түсті! Анаған-мынаған қайта-қайта жүгіремін деп, басым айналып кетті. Анадай жағдайды көзбен көру бір бөлек, өз басыңнан кешу тіпті бөлек екен. Күндегі автобустағы айғай-шу айналайын болып қалды. Бақандай 42 рет тоқтап, ақырғы аялдамаға келдік-ау!

– Алтынай, әрі қарай шыдай алмаймын…

Мойнымдағы қызыл галстукты иесіне беріп, орындыққа сұлай кеттім. Көп кідірмей, «Заречныйдан» кері қайттық. Бұдан кейін Алтынайды мен бақыладым. Түсінгенім, көлік ішіндегі ахуал кондукторға тікелей байланысты екен. Кей автобустың үйлестірушілері өзінен-өзі бұлқан-талқан болып, жолаушыларды әрі-бері итергенімен қоймай, дөрекі сөйлеп жататынын сіздер де талай «тамашалаған» боларсыздар. Тіпті, билеттерін қайтып сұрап алатындары да бар. Ал Алтын қыз бойын ондай арамдықтардан барынша аулақ ұстайды екен. Нағыз кондуктор тек қана жолақысын жинап, қолындағы билетті үлестірмей, Алтынай секілді автобус ішіндегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстауы керек екен. Оның кезекті аялдаманы екі тілде бірдей хабарлап, қарт кісілер мен жүкті әйелдерге орын ұсынуға да үлгеріп жататынына іштей сүйсіндім. Иә, жай ғана қарап отырғанда уақыт тезірек өтеді. Екі айналымнан соң «Заречныйға» тағы тоқтадық. Бұл жолы асханадан ауқаттанып алу үшін. Қараңыз, оған да Алтынай екеуміз қаражатты өз қалтамыздан шығардық. Әлгінде кейіпкеріміз айтқан 90 мың теңгенің төрттен бірі таңертеңгі такси мен тамаққа кетеді екен ғой! Сағат 11-ден түскі 3-ке дейін үш айналым жасап үлгердік. Екінші ауысымның кондукторы ақырғы аялдамаға келді. Онда да дәл сондай жағдай. Тек бір артықшылығы – түнде өздері  жеткізіп тастайды екен… Қуанышымда шек болмады! Әңгіме соғып, үйге қарай жылжыдық.

 Мен кондуктор қыздың бойынан шаршап-шалдығуды көре алмадым. Керісінше, ерекше өжеттілікті байқадым. Әлде қара жұмыс қайсарлыққа үйрете ме екен? «Жұмысымды жақсы көремін, соның арқасында нанымды табамын, ата-анама көмектесемін, киінемін. Неліктен мен көңілсіз жүруім керек?» дейді ол. Өз кәсібіне осыншалықты берілген Алтынай талай әріптесіне үлгі болса екен.

P.S. Соңғы уақытта елорда әкімдігінің қолдауымен, қалаішілік автобустардың саны мен сапасы қатар өсіп, жолаушылардың оң көзқарасына ілігіп жүр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталған таксилер мен автобустар заман талабына сай жабдықталған. Тіпті, өткен жылы ғана ашылған қоғамдық көліктерде қызмет атқарған кондукторлар мен жүргізушілерді даярлайтын арнайы орталық та көптің көңілінде жүрген мәселенің түйінін шешкендей болды.

Бүгінде Астананың ауқымы кеңейіп, тұрғындардың саны күн өткен сайын артып келеді. Жыл он екі ай бойы біздің әсем қаламызға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақтар келіп-кетіп жатады. Елорданың көз тартар келбетіне таңдай қағып жүрген шетелдік туристерді де жиі көреміз. Бұл күні солардың бәріне қалтқысыз қызмет көрсетуші екі маман болса, солардың бірі – Алтынай секілді кондукторлар екені даусыз…

 Күнайым СӘКЕН

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=25&id=487502
Пікірлер

Жолдаушы №: 5995 - Уақыты: 2017/06/03 - 22:39

Менің Күнәйімдәй келініме жететін адам бар ма екен өзі ) ) )

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шекарашылар күніне арна 29 sek
Осы араны басып көріңіз 8 min
ҚР Президенті қазақстан 21 min
Иран мұнай кемесі енді 27 min
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 1 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 1 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Африкада арыстандар аза 2 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елордада ауа райына бай 2 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 2 sagt
Африкада арыстандар күр 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 3 sagt