Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-121198280934 %66 %

Қатерлі кеселдерді кірпі етімен емдейді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 12:10 - 2015/08/12


Қатерлі кеселдерді кірпі етімен емдейді

12.08.2015 18:16

Арамызда түрлі халық емі тәсіл­дерін меңгерген адамдар көп. Олар жайлы біз әр нөмірімізде gfcjyf ngжазып та жүрміз. Ал бұл жолғы кейіпке­рі­міздің жөні бөлек. Ол науқас жандарды кірпі мен жыланның етінен жасалған­ сорпамен сауықтырады. Амантай Закиров (суретте) осылай аса қатерлі ауруларға да ем қондырып жүргенін айтады.

«Емге негізі еркек кірпі жақсы, – дейді ол. – Оны дайындау тәсілі, емдік қасиеті де ұқсас. Уақыт болып жатса кірпіні өзім аулаймын.

Кейде сатып та аламын. Кірпіні бір күн арнайы жәшікте ұстаймын. Алдына бұзаубас, шаян, табылып жатса, жылан тастаймын. Кірпі осындай улы жәндіктерді жақсы көреді. Кірпі қанында олардың уы бір тәулікте тарқап, шипалық күші арта бастайды. Сол кезде кірпіні сойып, үш литр суда жарты күндей ақырын қайнату керек. Кірпі етінің жағымсыздау иісі бар, оны басу үшін аз-аздап сарымсақ, қара бұрыш, пияз қосуға тура келеді. Сосын емделушінің сырқатына қарай қажетті шөп қосамын. Бұл сорпа да жеті күн бойы таңертең, ашқарынға 200 миллиграмм шамасында беріледі. Ол әсіресе бүйрегі мен бауыры ауыратын, қант диабеті, асқазан жарасы бар адамдарға таптырмас ем.

Былтыр маған Байқоңырдан 45 жас шамасындағы жігіт ағасы келді. Асқазанның қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Ауру айналдырған бір жылда бірнеше рет айлап ауруханада жатып, тіпті химиялық терапия да алыпты. Бірақ жағдайы күн санап кері кетіп бара жатқанын айтты. Мен жайлы бір таныстарынан естіп келген екен. Ол бір емдік курс қабылдады. Ол жігітпен әлі хабарласып тұрамыз. Қазір жағдайы жақсы, рактан белгі де қалмапты. Әр қоңырау шалған сайын алғыс айтудан жалыққан емес.

Сақылдақ жылан (гремучая змея) деген бар. Қауіп сезінсе құйрығын жылдам қимылдатып, сақылдата дауыс беріп айбат шегеді. Негізгі мекені – Оңтүстік Африка мен Америка. Оның уы өте өткір, он минутқа жетпей аяқ-қолды сал етіп, өкпені қысып, ана дүниеге аттандыруға қауқарлы. Сол сақылдақ жылан біздің өңірде аз да болса кездеседі. Жаздың соңы мен күздің басында қыстық қоң жинап, ішіне май айналып, терісі жылтырай бастайды. Осы кезде уының уыты да күшейеді. Сол жыланды мен арнайы ыдысқа саламын. Ашулана айбат шеккенде ол шынының арғы жағындағы маған уын шашамын деп бар заһарын алдындағы ыдысқа төккенін білмей қалады. Кейін жыланды босатып қоя беремін де, ол уды арнайы ыдыс­қа салып сақтаймын. Буыны, құйымшақ, белі, омыртқасы қақсап, тізесін баса алмай қиналатындар, ревматизмнен зардап шеккендер сақылдақ жыланның уынан 1-2 рет теріге сіңдіре уқалай жақса, дертінен тез арада жазылып кетеді».

*   *   *

Жылан мен кірпі етінен жасалған сорпа тағы қандай ауруларға шипа? Оны қанша күн ішу керек? Амантай Закиров тағы қандай дерттерге ем қондырып жүр? Бұл сауалдардың жауабын «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінің осы аптада жарық көрген жаңа нөмірінен оқи аласыздар. Олай болса, «Ауырмаңыз!» газетін алуға асығыңыз. Онда бұдан басқа да ел ішіндегі ерекше адамдар, қарапайым да тиімді емдік тәсілдер жайлы мақалалар молынан жарияланған.

«Ауырмаңыз!» газетіне жазылуды да ұмытпаңыз! Жазылу индексі – 64233.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=481731
Пікірлер

Жолдаушы №: 6014 - Уақыты: 2017/09/19 - 05:51

Қалай табуға болады

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар