Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-11505228247 %53 %

Қағаздан “Көктікен” гүлін жасау.. Сабақтар. Alashainasy.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: КЗ наным торы

Жолданған уақыты: 14:45 - 2015/04/30


Қағаздан “Көктікен” гүлін жасау.
  • Қағаздан “Көктікен” гүлін жасау.

    Қағаздан “Көктікен” гүлін жасау.

Еңбек пәні мұғалімі Сансызбаева Гүләйім ОҚО Отырар ауд.  Темір орта мектебі


Сабақтың мақсаты: Қазіргі заман ағымына қарай оқушыларға

экономикалық, экологиялық, эстетикалық және жаңашылдық білім беру, ойлау дағдысын, зейінділігін арттыру.

Білімділік: Түрлі-түсті қағаздардан түсіне қарай қималар қиып, гүл жасауға үйрету:

Тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген қаблеті мен ыптасын, талабы мен іскерлігін арттыру;

Дамытушылық: Бірлескен ұжымдық іс-әрекет жасауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікір айту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың көрнектілігі: Бүктемелер, жеке суреттер, сызбалар, қауіпсіздік ережесі жазылған ескерту.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Желім, қайшы, сым, түрлі-түсті қағаз, ермексаз.

Пәнаралық байланыс: Сурет, ана тілі, дүниетану.

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

1. Сөзжұмбақ шешу;

2. Көктікен гүлінің жасалу жолдары;

3. Еңбек туралы мақал-мәтел жарысы.

4. “Еңбек құралдарын тап” ойыны.

5. Қорытынды.

6. Бағалау.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа даярлау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

• Үй тапсырмасына шолу;

• Өткен сабақты тексеру, сүрақтарға жауаптар алу.

• Қағаздан жасаған балапандардын көрсету.

III. Жаңа сабақ.

- Балалар бүгін аптаның қай күні?

- Дүйсенбі.

- Жылдың қай мезгілі?

- Желтоқсан.

- Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

- 20,21,22 желтоқсан – мұсылман қауысның ұлттық мейрамы “Құрбан айт”.

- “Жаңа жыл шыршасы”.

- Жарайсыңдар.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қағаздан

“Көктікен” гүлін жасау.

Көрнекіліктермен жұмыс жасаймын.

Табиғатты дала гүлдері, жеміс-жидек, үйде өсетін гүлдерге салыстырмалы түрде түсініктеме беремін



Оқушыларға сұрақтар беріп, жауаптарын аламын.

-Гүлдердің қандай түрлерін білесіңдер?

-Раушан, астра, райхан, намазшам т.б .

-Осы гүлдердің уйде өсетіндерін айтыңдаршы?

-Шырмауық, кактус, алоэ т.б.

-Алма ағашы гүлдерінің түсі, үлкендігі қандай?

-Ақ, майда.

-Қай мезгілде гүлдейді?

-Көктемде.

-Асқабақтың гүлдерінің түсі, үлкендігі қандай?

-Сары, үлкен.


1. Сөзжұмбақ шешу.



-Кәне балалар көк торкөздің ішіндегі сөзді оқыңдаршы, -деп бір оқушыны шығарып оқытамын.


2. “ Көктікен “ гүлінің жасалу жолдары


Алдымен гүлдің суретін көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіремін.



-Мен бүгін “ Көктікен “ гүлінің үлгісін алып келдім. Ал, сендер, қазір менімен бірге осы гүлдің үлгісін жасаңдар.




Бір оқушыға оқулықтағы гүлді дайындаудың ретін оқытамын:

-Көк қағаздан бірдей етіп үш дөңгелек қиып аламыз.

Өсімдіктің аталық талшығын жіңішке темір сымнан жасауға болады. Өсімдік аталығы табағи түрге ұқсас болу үшін оны сұйық гипс еріндісіне саламыз. Содан кейін барлық үш дөңгелекті гүл сабағының

Төменгі ұшы жағынан кигіземіз.Жапырақ сабаққа жіңішке темір сыммен бекітіледі.Сабақты жұқа,жасыл түсті қағазбен ораймыз.

Балалардың дайындаған гүлдерін жинап алып, жұмыстарына талдау жүргіземін.


3.Еңбек туралы мақал-мәтел жарысы


Еңбек жайындағы мақал-мәтелдер жарысын ұйымдастырамын.

Әрбір мақал-мәтелге түсініктеме беріп өтемін.

1.Ою ойған, . . . да сызады. (сызу).


2.Үлгісі көптің өрнегі көп.

Өрнегі көптің . . . көп. (ерлігі).


3.Үйренгенің өзіңе құт,

Істегенің , , , құт. (еліңе).


4. Еңбек – өнер өрісі.

Өнер – өмір жемісі. (өмір).


5. Өнерлінің он саусағы тең,

Өнерсіздің , , , кем. (бір саусағы)


6. Қыз анадан үйренбей өнеге алмас.

Ұл атадан ұйренбей . . . шекпес. (сапар).


7. Көрікті ісің үлгі болады,

Көріксіз ісің . . . болады. (күлкі).



8. Берекені көктен тілеме,

Еткен . . . тіле, (еңбектен).



9. Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең . . . өкпелеме. (жерге).


10. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды . . . тіленбей. (қарның).


4. “Еңбек құралдарын тап” ойыны,


Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді. Сол суреттердің ішінен

Оқушылар еңбек құралдары іздеп табуы керек.



IV. Қорытынды

.

-Міне, балалар, бүгінгі сабақта “Көктікен” гүлін қағаздан жасауды үйрендік. Үйге осы тапсырманы аяқтап келеміз.



V.Бағалау.


Балаларға жақсы жасалған жұмыстардың « Біздің еңбегіміз » атты сынып бұрышына қойылатын және сыйлықтармен марапатталатындығын ескертемін.

Оқушылардың жауаптарын жинақтаған жетондары арқылы қорытындылап бағалаймын.



 




Көрілген: 77    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=13&id=419160
Пікірлер

Жолдаушы №: 6028 - Уақыты: 2017/10/29 - 18:14

Жалпы жақсы құрастырылған. Бірәқ 5 пен 8 дің жауабы қандай?

Көрші сілтемелер