Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-11-161216428648 %52 %
2019-11-171215391738 %62 %
2019-11-1831375754 %46 %

Адамдарды «Аспа кеселден» емдегенін айтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 09:10 - 2015/03/17


Адамдарды «Аспа кеселден» емдегенін айтады

17.03.2015 12:04

dftga bewКейінгі кездері суицид, яғни адамның өзіне-өзі қол салу оқиғалары туралы жиі айтылып та, жазылып та жүр. Мұны біреулер түрлі мәселелерге байланысты тығырыққа тірел­ген адамның жан күйзелісі кезінде өзіне ерікті түрде қол салуы дейді, енді біреулер өзге бір тіршілік иелерінің араласуымен болатын «аспа кесел» деген ауру деп те атайды. Әсіресе ғылымға сыры белгісіз аспа кесел туралы ел арасында айтылатын сөз көп.

Осы орайда Қазығұрт ауданындағы Қақпақ ауылында тұратын Тазабек Құлсейіт қарияның (суретте) бұл жайында өз айтары бар. Таяуда ол кісіден редакция­мызға көлемді етіп жазылған хат келді. Біз бұл хатты мұқият оқып шықтық, сосын оны газетімізде ықшамдап жариялауды ұйғардық. Қысқасы, Тазабек қария былай дейді:

 Қайсарды құтқардым

«Аспа кесел» деген – жын-перілердің адамға жасайтын қастығынан туындайтын жай. Осыған орай өзім көзіммен көріп, өз қолыммен атқарған біраз істер жөнінде айтып берейін.

Ауылда Төлеген деген ағайын боп ке­летін көкемнің балаларында кейде ес-түс­сіз құлап қалатын бір кінәрат бар еді. Сондай кездері оларды маған әке­летін. Мен бір дем салған соң, 5-10 минут шама­сында түк болмағандай, айы­ғып кететін еді.

Бірде осы Төлеген көкемнің қолындағы баласы асылып қалыпты. Кешкі апақ-са­пақта суық хабарды ести салысымен аспаптарымды алып жетіп бардым. Бала сатыға асылған екен, одан шешіп алып, төсекке жатқызып қойған. Барған бетте оған дем салдым. Рахым деген бас дәрігер бар еді, іле-шала ол да жетті. Баланың қорылдап жатқанын көріп: «Көке, бізден бұған жәрдем жоқ, өзіңіз қарай беріңіз», – деп үйіне қайтып­ кетті. Мен балаға түнгі сағат­ 1-ге қарай екінші мәрте дем салып, беті бері қарағасын үйге қайтып кеттім.

Үйдің жанында көпір бар еді, ерте­сі­не содан өтіп, Ораз деген інімнің үйіне беттеп бара жатқанымда көзіме сол үйге кірген бір келіншек шалынды. Жа­лаңбас, шашын бір бұрым етіп өрген, бөкселі кел­ген, еркекті артынан ертіп кетердей тар­тымды екен. Ал түс ауа сол үйдің кіші баласы: «Баба, көкем сізге тез жетсін деп жатыр, Қайсар асылып қалды!» – деп жүгіріп келді. Тез арада жетіп бардым. Бала қораның ішіне, шпагат жіпке асылыпты. Пышақпен жіпті қиып жіберіп, жерге жатқыза салдым. Балада жан жоқ, былқ-сылқ етеді. Мен дереу оған дем сала бастадым. Әйелдер боздап жылап тұр, ішінде ештеңеден қорықпайтын Тоқта деген батыл жеңгем бар екен, соған: «Жеңеше, аузына үріп, дем сорып, өкпеге­ массаж жасай беріңіз!» – дедім. Басқа әйелдерді баланың аяқ-қолдарына массаж жасауға жұмылдырдым. Арада екі-үш минуттай болғанда баланың аяғы қимылға келді, ол тыныс ала бастады. Қып-қызыл болып, ышқына дем алғанда қиналғаннан кіші дәреті де шығып кетті. Содан оны жабыла көтеріп үйге кіргіздік.

Қысқасы, Қайсарды осылайша өлім­нен алып қалдық. Бүгінде ол Теміртауда тұрады, бала-шағалы, өзі дін жолында жұмыс істеп жүр. Ауылға келген сайын сәлем беріп, жағдай сұрасып тұрады.

Ауылдың жеті адамынан айырылдық

Сол күннің ертеңіне мен әлгі бейтаныс келіншекті тағы да көрдім. Ол шайхананың алдында сол жалаңбас күйі көрші ауылды бетке алып кетіп барады екен. Оны көргенде мен мынау тегін болмады, жын-пері шығар, тағы да біреу­лерді сорлатуға барады-ау деп қауіп ойладым. Қаупім кейін расқа шықты. Содан­ төрт ай ішінде сол ауылдан жеті адам асылып өлді. Алтыншысы Тілләбек деген басшы азаматтың анасы еді, соның жаназасында жанымда тұр­ған Манап деген менімен құрдас кісі: «Тазеке, Жүз­генбай көкемнің Асан деген баласы да асылып қа­лыпты. Қазір мәйітін әкеледі», – деді. «Манап, мен мұның себебін білетін сияқтымын. Ертең мешітке барасыңдар ғой, қа­рияларға айт, сонда жиналсын, мәселені талқылайық», – дедім мен оған.

Сол күні мешітке жиналып, ойға ал­ған шаруамызды іске асыру­ға кірістік. Қариялар ортадан ақша жиып, бір серке алды, Әлібай деген қойшы бір қой берді. Мешіттің ол-пұлына иелік етіп жүрген Ұзақбай деген кісінің үйінде оларды сойып, мешітте құдайы тамақ бердік. Сонда мен жұртқа малдың қанын, ішек-қа­рын, өкпе-бауырын, бас-сирағын, тері­сін бөлек алдырып қойғанымды, ауылға келген ауру иесінен құтылу үшін арнайы ырым жасалатынын ескерттім.

Тамақ ішіліп, құран оқылып болған соң мешіттің шырақшысына 4 метрлік мата алдырдым да, оған алып қалған өкпе-бауыр, ішек-қарын, сүйек-саяқтарды­ салдырып, зиратқа апардық. Манап бар, тағы бес-ал­ты кісі болып, сүйек-саяқты адамды жерле­гендегідей етіп көміп, басына құран оқып кеттік. Осыдан кейін ол ауылда аспа кесел тыйылды.

Бұдан кейін мұндай ғұрыпты Жігірген жақтағы Шақпақ ауылында да жасадым. Аталған ауылда да бірер балалардың­ асылып қалған оқиғалары болған. Сосын жұрт уайымға беріліп жүргенде сол ауылға келін болған қызым менің осындай ырым жасай алатынымды айтыпты. Ауыл адамдары келіп қолқалаған соң сол жерге де барып, әлгіндей ғұрып жасадым. Мұнда да ауру иелері аласталды.­

Үш мәрте асылып, аман қалды

Айнатас ауылында тепсе темір үзетін бір қарулы жігіт бар еді, салмағы 120 кило тартады. Сол азамат та сыры бел­гісіз бір дертке тап болған. Сыртта қыздар шақырып тұр деп үйінен қаша береді екен, інілері амалсыздан үнемі аңдып жүретін болыпты.

Сол жігіт аулаларындағы гаражға екі мәрте асылып қалды. Салмағы ауыр бол­ғандықтан өзін асқан сым үзіліп, құ­ла­ғанда сартылдаған дыбысты естіген туыс­тары барып, құтқарып қалған. Сол үйде оның қайын жұртынан да бір ау­ру­­лы­ балалар бар еді, бір күні бәрін қо­сып маған әкеліпті. Соларды қарап, сөйлесіп отырғанымда әлгі жігіт әжет­ханаға баратын болып кеткен. Шпагат жіпті қайдан алғанын білмейміз, мал қора жақ­қа барып, өзін аспақ болыпты. Абырой болғанда, тағы да әлгіндей себеппен аман қалды. Сосын оны емдемесем болмайтынын бі­ліп, әке-ше­ш­есіне ойым­ды­ айттым. Олар мұны қостады.

Ертесіне үйіне барсам, әлгі жігіт тағы да далаға қашуды бастапты. Жұрт жабылып жүріп әрең ұстады. Не керек, сол күні арнайы бір мал сойғызып, құдайы бергі­зіп, оны өлген есептеп жаназасын шығарып, «көміп», мұндайда жасалатын ырымды­ іске асырдық. Осыдан кейін ол түзелді.

...Міне, менің жұртқа айтпағым осы еді. Жын-пері деген бар, аспа кесел – солардың ісі. Ал оларды аластаудың бір жолы туралы мен жоғарыда айтып өттім.

Тазабек ҚҰЛСЕЙІТҰЛЫ.

Қақпақ ауылы.

Қазығұрт ауданы.

...P.S. Тіршіліктің біз біле бермейтін тылсым құбылыстары әлі де көп екені рас. Дінде айтылатын кейбір тіршілік иелерінің өмірде болатынын бүгінде ғылым да жоққа шығармайды. Осы орайда Тазабек қарияның айтқандарына сену-сенбеуді оқырманның өз еркіне қалдырдық. Ал бұған қатысты қандай да бір айтары барлар болса, біз оған да газет бетінен орын беруге дайынбыз.

Т. ТҰРАН.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=393575
Пікірлер

Жолдаушы №: 6093 - Уақыты: 2019/11/07 - 14:57

Ассәләумәгәлейкум сиздермен кәләй хәбәрләсугә болады? Егерде менин жәзгәнімді өкіп жатсаныздар жәнәгі кисинин нөмерин бересиздер ме менин нөмерим 87479697656

Көрші сілтемелер