Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ДҰРЫС БАҒДАР КЕРЕК



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ әдебйеті

Жолданған уақыты: 00:20 - 2015/01/30

Нақты Көзі: http://www.writers.kz/journals/?ID=10&NUM=332&CURENT=&ARTICLE=8900


<<

№3 (3428)

№4 (3429)

ДҰРЫС БАҒДАР КЕРЕК

Қазіргі кезде ұлтшыл жастар жоқ деп айтуға болмайды. Тәуелсіздігімізді саналы түрде мойындап жүрген жастар бар. Бірақ солардан материалдық жағдайын көбірек ойлайтын жастар көп. Өткен кезеңдермен салыстыратын болсақ, қазіргі жастардың ұлтқа, білімге, ғылымға, экономикаға, өнерге деген ұмтылыстары өте жоғары. Болашаққа деген үлкен сенім бар. Қазіргі қоғам саяси тұрғыдан өте саналы.



Бақыт ДАСТАНҚЫЗЫ,
психолог


Алғаш тәуелсіздік алған жылдары халық кәдімгідей есеңгіреп қалған болатын. Біз қайда бара жатырмыз, дұрыс бағыт алдық па, не болып жатыр? деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп сенделіп жүрдік. Кез келген нәрсеге сене бердік. Мысалы: таяуда Сары әулиені теледидардан көрсетті. Сонда оған: «Жиырма бес жыл бұрын сіз бүкіл халықты стадионға жинадыңыз, ал қазір солай жинауға мүмкіндігіңіз бар ма?» дегенде ол: «Иә, келеді. Қазір ауыратын адамдар көп», – деп сенімді түрде айтып отыр. Меніңше, қазіргі уақытта ондай көп адамды жинауы мүмкін емес. Себебі, ол кезде бізде сенгіштік басым болды. Қазір кез келген нәрсе туралы ақпаратты білуге болады. Адамдар қазір өте білімді, медициналық жағынан қаруланған. Халық медицинасын жақсы біледі. Сондықтан сонша халықты жинайды дегенге сену қиын. Тәуелсіздіктің біздің қоғамға әкелген жақсы жақтары өте көп. Бірақ оның әлі де жүзеге асырылмай жатқан мәселелері баршылық. Егер аяқ астынан басымызға күн туса, жастарымыз елін, жерін қорғауға дайын ба? Меніңше, жастарда ішкі рух жетіспейді. «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін», – деген ұйымшылдық жоқ. Әркім қарабасының құлы. Кезінде Ұлы Отан соғысы кезінде еліміздің түпкір-түпкі­рінен жастар жиналып, өз еріктерімен соғысқа аттанды. Ештеңеден қорыққан жоқ. Қазір жастар бір жерге бару үшін «Барсам, маған қанша табыс әкеледі? Соның қажеті бар ма?..» деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Жалпы, сөзімді тұжырымдасам, бүгінгі қоғамда материалдық жағдай бірінші орында тұр да, саяси, әлеуметтік жағдайлар назардан тыс қалып жатады. Қанша жылдар бойы қалыптасқан адамның санасына тәуелсіздікке тән мә­селе­лерді ұялату аса қиын. Аға буын өкілдерінің біршамасы әлі де тәуелсіздікті санасына сіңіре алмай жүрген сияқты көрінеді. Үлкендер өздерінің ішкі өкпелерін, қоғамдағы қайсыбір кемшіліктерді тәуелсіздіктің дұрыс «орнамауынан» көретінге ұқсайды. Олар жаңаға өте агрессивті көзқараспен қарайды. Бізге тәуелсіздік алғаннан кейін де тынбай еңбек етіп, тынбай білім алып, ізденіп, үлкен күш жұмсауымыз керек болды. Ал олар үкіметтің қол­дауы­на үйреніп қалған. Мәселен: оқу бітіргеннен кейін жұмыс тауып беру, тұрғын үй мәселесін шешу, т.б. деген сияқты көптеген шаруалармен үкімет айналысатын. Олар соған қалыптасқан. Ал енді өзің үшін жанталасу, өзің үшін тір­ші­лік жасау, әрине, оларға психологиялық жағынан қиындық әкеледі. Ал жастардың психологиясы жаңалыққа бейім. Қазір біздің қоғамда жиырма бес жасар профессорлар бар. Біздің ұғымымызда профессор деген атаққа 50-70 жас аралығындағы егде тартқан кісілер ғана лайық сияқ­ты көрінеді. Ал енді осы мәселені психологиялық тұрғы­дан қарайтын болсақ, сол үлкен кісілердің бойындағы энергияны жастардың шамасымен салыстыруға келмейді. Сондықтан қазіргі жастардың білімге, ғылымға құштарлығы тәуелсіздігіміздің жақсы жақтарының бірі деп айтуға болады. Жаңалық атаулыға әлеуметтік жағынан бейімделе алмайтын, өзінің ішкі проблемасы бар адамдар әр жерде ішкі әлемінен хабар беріп қалатыны рас. Сондықтан жастарды тәрбиелеу оңай, ал аға буын өкілдерінің ішкі санасын тәрбиелеу қиын. Біздің қоғамның тез дамып келе жатқаны сондай – кейбір адамдар сол жаңалықтарға ілесе алмай, депрессияға түсіп жатыр. Бұрынғымен салыстырғанда, қазір психолог мамандар қоғамға өте қажет. Неліктен? Адам ішкі жан сырын біреуге айтып, жеңілдеп отыруы керек. Ал қазір ешкімді ешкім тыңдап отыратын уақыты жоқ. Ертеден кешке дейін халық мате­риал­дық жағдайымызды қайтсек жақсартамыз деген оймен жанталасуда. Өйткені, заман талабы, сұранысы осындай. Бұрын,өткен ғасырдың 90-шы жылдарында балалардан: «Кім боласың?» деп сұрасаң, «ГАЙ болам, заңгер болам», – деп жауап беретін. Ал қазіргі балалар әнші болуды армандайды. Себебі, қазір әншілердің насихаты күшті. Ертеден кешке дейін телеарналардан түрлі шоулар, концерттер беріліп жатады. Бұл неге осылай? – деген сұраққа халықтың сұранысы осындай деп жауап беріп жатады. Расында да қазір өмір сүру өте қиын. Қиын­дықтар өте көп. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін, бір сәтке ұмыту үшін адамдар серпілгілері келеді. Сол өнер адамдарын көру арқылы, демалғылары келеді. Біреулері солардың арасынан өзінің идеалын табады. Әрине, әр адамның талғамы әр басқа. Біреулер ән тыңдап, енді бірі кітап оқып демалса, кейбірі өзінің сүйікті ісімен айналысу арқылы жанына рахат табады. Сондықтан адамдарды дем алдыратын жағдайлар жасау, қоғамға керек. Ал түп-тамырын ойлайтын болсақ, жеңіл-желпі әуендер мен түрлі шоулар жастарды рухани жағынан құлдыратуы мүмкін. Бұл – болашағымызға төніп тұрған қауіп деп қарауымыз керек. Қоғам болып осы қауіпке жол бермеудің әрекетін ойластыруымыз керек.

(← кері)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=15&id=367675
Пікірлер

Жолдаушы №: 6095 - Уақыты: 2019/12/05 - 16:56

Жеке басыңыздың психологиялық проблемасын кәсіби тұрғыдан шешуге болады.Тек сіздің мотивацияңыз маңыздырақ.Біреудің айтқаны емес өзіңіздің ішкі сұранысыңызға нақты қажет болса ғана көмектесе аламын . Сол кезде жүргізілетін жұмыстың да нәтижесі болады.Көп жылғы менің тәжірибемде ақша міндет емес, алынған нәтиже маңыздырақ.1-2 кездесулер тек диагностикалық мақсатта жүргізіледі. Тек мотивациясы бар адамдар хабарласуына болады. 87013589905-тәжірибелі кәсіби психолог

Көрші сілтемелер