Алдыңғы қалыңдықтар көйлегін жазған да көп пікірлерден ұққаным көбімізге қазақша стильдегі көйлектер ұнайды екен. Расымен, қазақ болғасын неге өз дәстүрімізге сай той көйлегін кимеске? Болашақ жарымнан сұрасам ол да қазақи стильдегі той көйлектерін ұнатады екен. Содан, қазақша көйлектер іздеуге кірістім. Интернеттен қазақша көйлектердің көп таңдауы жоқ екен, суреттер сапасы да нашарлау екен. Меніңше алматы да әлі барахолка "рулить" етіп тұрғанға ұқсайды.
Өзіме ұнағандары:
Көк түстісі күшті көрінеді екен, мен осыған тоқтаған сияқтымын, сонда да басқа варианттарын көріңіздер:
Жеңі қысқа варианттары да бар екен: Екі көйлекте мына фирманыкы, бағалары қымбаттау екен. 1000-2000 доллардан жоғары екен.
Енді шет елдік дизайнерлерге еліктеп тігілген көйлектер:
Сонымен, қайсысы ұнады айтып жіберіңіздер :)