Мейіржан Жылқыбай 1994 жылы 17 мамырда Жамбыл облысы, Жаңатас ауданында өмірге келген. Қазір Алматы қаласының жігіті. Алматы технологиялық университетінде "инженеринг және ақпараттық технологиялар" факультетінде білім алуда. Мейіржан мамандығы басқа болса да әдеби кітаптар оқығанды ұнатады. Халықаралық "Дарабоз" байқауының "ынталандыру" сыйлығының иегері атанды.
Жадыра Аққайыр 1995 жылдың 26 қарашасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты Талдысай ауылдық округінде дүниеге келген. Бүгінгі таңда білімнің қан тамыры, ғылымның Хан-Тәңірі атанған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2 курс студенті. Жастайынан әдебиетті ерекше сүйіп оқитын Жадыра көптеген облыстық, республикалық мүшәйраның жеңімпазы.
Қос ғашықтың бір топ суреттерін назарларыңызға ұсынамыз
Компьютердің қыр-сырын жақсы меңгерген Мейіржан Массагет.кз сайтында блог жүргізеді http://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/20590/
Жадыра біздің оқырмандарға жақсы таныс. Ойын оңдай, сөздерін талдай білген бойжеткен апта сайын әр түрлі тақырыпта блог жазады. http://massaget.kz/profile/57749/
Бүгінде Мейіржан мен Жадыра жарасымды жұп.
Олар сүйікті сайтымыз арқылы танысқан, жүріп жүргендеріне 1 жылдан астам уақыт болды.
Мейіржан: "Мassaget.kz сайты арқылы өзімнің өмірлік серігім болатын жанды тапқаныма қуаныштымын. Тамаша туындылар жазып, керемет көңіл-күй сыйлайтын сайт қызметкерлеріне де алғысым шексіз. Бұл өмірде massaget.kz сайтының біз үшін орны бөлек".
Біз де Мейіржан мен Жадыраға жұптарын жазылмай, махаббаттарың мәңгі, өмірлерін сәнді болсын деп тілейміз.