Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19171100841 %59 %

Тәңірберген ҚАЛИЛАХАНОВ. ТОҚСАНДАР ТОЛҒАУЫ.



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 02:03 - 2014/12/01


Редакциядан: Соғыс және Еңбек Ардагері, Жетісу өңірін зерттеуші,  журналист, этнограф, тарихшы  марқұм Тәңірберген  Қалилахановтың бұл поэмасы  Н. Назарбаевтың 2006 жылғы Президент сайлауындағы жеңісіне арналған екен. Поэма қаз-қалпында беріліп отыр.                   

 

Тоқсан жас ұқсамай ма  тоқырауға,

Су ағып жетер  жерге  жеткеніндей.

Боранды күзгі суық  боқырауға,

Жарды асып, жаз жылуы кеткеніндей.

 

Ағарды сақал-шашым қарт болған соң,

Атандым «көзі  көрмес соқыр-ау» да.

Алдыңғы ағалардың жалғасқан соң,

Өзімді ұқсатамын тоқырауға.

 

Берген соң ұзақ өмір  Тәңірім иіп,

Тоқсанның тұғырыны  шықтым биік.

Жалғанның жақсылығын  жасырмаймын,

Тұрғанда төбем  бүгін көкке тиіп.

 

Биікке шыққаннан соң көргім келді,

Жүрген Өз жолдарымның сораптарын.

Қамшының таспасындай өргім келді,

Таратып тоғыз жолдың тораптарын.

 

Жолдардың бірі жақын, бірі алыс,

Қайбірі, тіпті, қысқа, бір-ақ  қарыс.

Көбісі көзге күңгірт көрінеді,

Секілді есімде жоқ, емес таныс.

 

Солардың ең жақынын алдым таңдап,

Тағы бір жүріп өтіп көрейін деп.

Қалайда қателеспеу жағын  қамдап,

Сөзімді өрмек қылып өрейін деп.

 

Ол жолым -  жақын күнде  өткен Сайлау,

Бастық  қып  бір  адамға  сөзді байлау.

Мемлекет   жүгін  артқан ат- арбаны,

Ақылмен   артқа   емес,   алға айдау!

 

Аяқ бос болмаған соң, қол байлауда,

Өткелден өте шықтық тосқан тайыз.

Сотқарлар соқтығысқан сол Сайлауда

Н ұ р с ұ л т а н   дауыс  алды  тоқсан  пайыз !

 

Осылай бір сан шықты Тоқсан деген,

Ауызда,  әмсе айтыла бермейтұғын.

Тарихи   тәжірибеде  « жоқ сан»  дейтін,

Алатын  Адам  ғана   Ер  дейтұғын.

 

Мен   бердім   Нұрсұлтанға дауысымды,

Құп   көріп,  құшақтасып,   қауышуды.

Тарихтың  тайғанақты  тар  жолында,

Ар  көріп  алған  беттен  ауысуды.

 

Сонымен Мен де тоқсан, Ол да «тоқсан»,

Есептес Екі Тоқсан егіз болды.

Әкелі баласындай құдай қосқан,

Тұтасып төрт мүшеміз сегіз болды !

 

 Қазақтан шыққан хандар кенші  болған,

 Түбінде Түрікпенің  терші  болған.

 Қазбалап алып шыққан  қазыналары,

 Өмірлік өздеріне енші болған.

 

Солардың Нұрсұлтан да жолын қуды,

Бейнетке білек сыбап, белін буды.

Қазақтың кен  қайнатқан  қазанында,

Қажымай қайрат қылып қайта туды ! 

 

Осы арада бір  адым  кейін аттап,

Тарихтың бір тармағын талдайыншы.

Көңлімде көптен  бері  жүрген жаттап,

Білгенімді  бүлдіріп  алмайыншы.

 

Алтын- күміс, жез бен мыс,

Шығар  ма  жерден  қазылмай.

Жазықсыз  жандар  жазы – қыс,

Бүгілген   белі   жазылмай,

 

Түрікпенің  түбінде    тізесі  қалған бүгіліп,

Кен   кемірген күнінде,   тас түспеген үгіліп.

Ұра-ұра қайласын, қос білегі талатын,

Алтынды  алу  айласын, таба  алмай қайран  қалатын.

 

 Осының бәрін  бастаған,

 Бабамыз біздің   қазақтар.

 Қазбалап  қазына  тастаған,

 Арқалап ауыр азаптар. 

 

Солардың бірі- кенші  Кумың  болған,

Алтыншы  ғасырда алғаш аты шыққан.

Төңкеріс туын ұстап – Тумың болған,

Қазғақтар   онындағы   аты  шыққан. 

 

Ол тағы кен  қайнатқан маман   болған,

Темірді таттарынан  тазалайтын.

Құл мен Күң  күңіренген заман болған,

Құлдарын  қожалары  жазалайтын.

 

Темірден түйме түйген Тумың  батыр,

Бір қызын қожасынан алмақ  болған.

Басына сонда туар заман ақыр,

Айрылып  абыройдан  қалмақ  болған.

 

Қожасы сонда оны күлкі  қылған,

« Сен менің кен  қайнатқыш құлымсың»- деп.

Өзінің меншікті бір мүлкі  қылған,

«Басқаға сатсам алмақ пұлымсың» деп.

 

Бұл сөзге  намыстанған Тумың батыр,

«Болыңдар түріктерге жолдас» - деді.

«Тудырып  қожаларға заман ақыр,

Құлдықтан  құтылмасақ болмас!»- деді.

 

Сол сөзбен түрік біткен көтеріліп,

Қожасын ұрып-соғып құлатқан-ды.

Еселеп ерліктері  өтелініп,

Құлдықты құрбандық  қып  құлатқан-ды. 

 

Түріктер жасақ құрып жалғастырған,

Тумыңның сақтап айтқан аманатын.

Қоғамдық құрылысты алмастырған,

Бірінші құрып Түрік  қағанатын.

 

Құлады сол Қағанат   жүз   жыл  жасап,

Айлалы   табғачтардан   алданды   да.

Қайтадан   қайрат  қылып,  құрмай жасақ,

Жунгога   жата  берді,  алданды  да.

 

Ер туған Елтерістің заманында,

Қайтадан  қағанатын  құрды қазақ.    

Шыңғыс хан, Ақсақ  Темір аманында,

Дүниені  дүр сілкінтіп тұрды  қазақ.

 

Қалмақтан қазақ жерін  қорғайтұғын,

Абылай сол Хандардың  соңы  болған.

Басқаны сағынбаған  зорлайтұғын,

Хандардың  қажетті  бір шарты  болған!

 

Сол  Абылай  жасында,

Түйесін баққан Төленің.

Бақ қонғанда басына,

Көрсеткен көпке  өнерін.

 

Нұрсұлтан  да  жасында,

Жұмыстың алған ауырын.

Бақ қонғанда  басына,

Басқарған қазақ  қауымын!

 

Қазақстан Орталық АтКомына Төр аға,

Қалағаны ол  халық, беделі биік Өр аға.

СССР-дің Одағы   бұзылғанда бұрынғы,

Жақсартып   жаңа  Құрымды,

Құрғыза   салды   Ол  тағы.   

 

Бұрынғы орыс ақшасын,

Бермегенде   Ельциндер.

Ақшаның ашып  бақшасын,

Теңге   боп   бізге  келсін  дер!

 

Аз уақыттың  ішінде,

Ақшалы болдық сонымен.

Қазақи  халық  пішінде,

Нұрсұлтанның  қолымен !

 

Қазақтың ақша шықты теңгесі боп!

Әсем  өрнекті, әлемде  теңдесі  жоқ.

Егеменді   елінің  еншісіндей,

Бағынбайтын  басқа елге, пендесі боп! 

 

Түпкі тегі теңгенің теннен шыққан,

Алтын, күміс, мыс дейтін кеннен шыққан.

Сапалары  сарапқа  салынғанда,

Біреуі артық, біреуі кемнен  шыққан.

 

Артығы алтын болғанда, кемі күміс,

Солар түсіп саудаға болған  жүріс.

Алтын алу азапты ауыр жұмыс,

Жердің астын аударып, үске түріс.

 

Осыларды бастаған,

Бабамыз біздің қазақтар.

Қазбалап қазына тастаған,

Арқалап ауыр азаптар.

 

Олай  болса  теңгенің,

Түп төркіні - Өзіміз.

Егемендік жеңгенін,

Көріп отыр  көзіміз!

 

Қазақстан  бүгінде,

Құрамалы  халық қой.

Абылай  ханның  жүгін де,

Арқалағаны Нұрсұлтанның анық қой !

 

Аңдар   жортқан  Арқаға,

Жаңа Астана салғызды!

Үйсізге беріп баспана,

Халықты қарқ қылып қалғызды!

 

Қайсы бірін айтайын,

Нұрсұлтанның  ісінің.

Алдына барып  қайтайын,

Ақылы кемел Кісінің!

 

Айтқандары нанымды,

Қазақша ашық үнімен.

Құттықтаймын Ханымды,

Таққа  отырған  Күнімен  !

 

Көрінді сол НҰРСҰЛТАН көзімізге,

Арнайы арқау болған сөзімізге.

Көргенде көпшілікті күтіп тұрған,

Бас иді ибадат қып ӨЗІ  бізге.

 

Артқандай ақ түйеге Аманатын,

Айрандай ұйып тұрды ауыл бүгін.

Құттықтап, қол  көтеріп азаматын,

Абылайдың арқалаған ауыр  жүгін.

 

АҚМОЛДА айтып тұрды аяттарды,

Аруақты ақ  кигіздің жолын нұсқап.

Нұрсұлтан Хан тағына таяп барды,

Көтеріп көк байрақты  қолына ұстап.

 

Қолын Ол  Ата  Заңға қойып тұрып,

Ризамын Хан көтерген  халқым деді.

Салтына сан ғасырдың салып  тұрып,

Ақ жүрек, адал ниет Антын  берді.

 

Халқымның қасиетті қазақ деген,

Салттарын сары алтындай сақтаймын деп.

Басқа елге бағынудан азат  деген,

Ауыр жүк  Аманатыңды ақтаймын деп.

 

Сонымен отырғызып Хан тағына,

Қол  жайып құттықтадық – Бата бердік.

Тұрғандар тарады да, жан-жағына,

Көңліміз көтеріліп жата бердік.

 

Ойыма осы арада оралады,

Қымбатты  Дариға қызыма берген Батам.

Ол берген болмаса да орамалы,

Тілеуші  саған Бақыт,- мен деп Атаң.

 

Партия құрды сол қыз АСАР деген,

Асармен халқым алға басар деген.

Қазақтың қалыптасқан  қасиеті,

Қашан да қаяу көрмей, жасар деген.

 

Тағы бір ұлым шықты Қайрат деген,

Меккеге қажылыққа барып келген.

Азулы арыстандай  айбатпенен,

Миына мұсылмандық дарып келген.

 

Қазіргі Нұрсұлтандай  Ханымыздың,

Айсултан да болып шықты немересі.

Тілейтін жақсаруын халқымыздың,

Тең  тұрған Тектілермен терезесі.

 

Осылар ұрпағы екен Назарбайдың,

Сақтаған  Қарасайдың қасиетін.

Халқы бай, қазыналы – базар дайын

Бағынып барған адам  бас иетін.

 

Нұрсұлтан - Хан көтерген халық болып,

Сақтады  Атасының асылдығын.

Алдына қойған шарты анық болып,

Көрсетпек көрші елдерге басымдығын. 

 

Отар болып орысқа,

Қағажу көрген  халықты.

Қондырып құтты  қонысқа,

Талай елге танытты.

 

Сонымен,

Халық орнында, Хан тағында,

Ер мінез Елімізде ерік болсын.

Балауса балдырғандар бар бағында,

Береке-бірлігіміз берік болсын.

 

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=337644
Пікірлер

Жолдаушы №: 4880 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:45

Атай рухыңызға мың да бір рәхмет иманыңызға салауаттылық, ұрпақтарыңызға Алла бақ берсін, ел аман халқымызғ,а амандық тілеуші аруақтарға мың да бір рәхімет !""жұрт тыныш

Жолдаушы №: 4879 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:39

Қазақ Елі мәңгілікке осындай ақсақалдардың Еңбегімен сақталып, өрісін жайып келеді

Жолдаушы №: 4878 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:38

Тарих қойнауынан ұрпақтарға мәлімет беріп , дүниеден озып кеткен атамыздың жаны пейіштің төрінде болсын, Рәхмет атай, иманыңыз салауатты болғай !

Жолдаушы №: 4877 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:38

Тарих қойнауынан ұрпақтарға мәлімет беріп , дүниеден озып кеткен атамыздың жаны пейіштің төрінде болсын, Рәхмет атай, иманыңыз салауатты болғай !

Жолдаушы №: 4876 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:32

Рәзмет, Ата 1

Жолдаушы №: 4875 - Уақыты: 2015/01/02 - 19:13

Атамыздың аруағы қазақ хәлкін сақтай берсін, жатқан жері жарық болғай! Әмін!

Көрші сілтемелер