алланың берген өнерімен елге ерекше ұнаған жандарды арқа жағы «сал-сері» десе, сыр бойы «сүлеи» деп атаған. ал маңғыстау өңірі сал-серілігімен танылған ер-азаматты «қайқы», қыз-келіншектерді «сәйкі» деиді. бұл атаулар өнертәнушіләрдің айтуынша, өте әріректен басталған. өйткені XVIII-XX ғасыр аралығында өмір сүрген тарихи тұлғалардың өлең-жырларында өнерлі әйелдерге байланысты «сәйкі» сөзін кездестіруге болады.мәселен, маңғыстаудың қыз жібек пен төлегені іспетті болған әқбөбек-қайыпқа байланысты деректемелерде «сәйкі» сөзі ұшырасады. қайып әқбөбекпен кездескен алғашқы көңілді сәттерінен:
әқбөбек, сәйкілікпен бұлаңдайсың,
сұм жалған өтер десем, тіл алмайсың, – деп әнге қосады.
ал «қайқы» деген атауға адай руында өнері елден асқан таңдаулының таңдаулысы ғана телінеді. маңғыстаулық өнертәнуші ізбәсәр шыртанұлы осы қайқы сөзінің шығу тарихына былайша тоқталады:
«ғасырдың аяғында адай елінің билері бір жиында әншілер жәйін сөз қылады. біреуі бәленше әнші деп, екіншісі түгенше әнші деп, әрқәйсісі әр әншіге мінездеме береді. ақыры, біздің мұнымыз жарамайды екен, одан да әншілер байқауын өткізіп, кім жақсы аталса, соған бәйгесін береиік деп бәтуәләсәді. билер кеңесі келер айда «тесіктәм» деген жерде мамыртай ауылының беретін асына барлық әншілерді жинамақ болып шешім қабылдайды. айтылған күн де келіп, асқа ел жиналады. билер де, әншілер де келеді. ән сайысының бас төрелігіне кеиіннен иса досан көтерілісшілерінің бірі болған иса тілепбәйүлі сайланады. ас қыза түседі. өнерпәздәр сайысы елдің құлақ құрышын қандырғаны сондай, бұл кереметке көшпенділер қатты қызығады. ас аяқталар кез таянғанда, төрешілер әншілердің ішінен жеті адамды таңдап алып, «осы адамдар бұдан былай адайдың жеті қайқысы атансын» деп жар салады. сондағы елге танылып, «жеті қайқы» атап жүргендеріміз мыналар: жаңай өскенбәй, медет жілкелді, майлан шолтаман, кенже әділ, мая досат, қаржау тұрсын, тінеи тәстемір. бұлар туралы халық аузында азғантай болса да аңызға бергісіз ақиқаты, құлақтан кіріп бойды алар тамаша әндері қалды. ал бүгін біз жоғарыда аттары аталған жеті қайқының бірі – адай руының кенже бөлімінен тарайтын әділ өтеғүлүлінә толығырақ тоқтағанды жөн санадық. оның қәзіргі таңда «қара әні» мен «жәйқөңір» әні жұрт жадында жақсы сақталған. оны орындаушылар маңғыстаулық өнер иесі, әнші шамғұл ибрәгимүлінің үйретуі бойынша нотаға түсірілген деседі. жалпы, әділді көзі көріп, әнін тыңдағандар бүгінде жоқ. тіпті әділ өтеғүлүлін 1920 жылы қараған түбектегі, суат деген жердегі қонақасыда көзі көріп, әнін тыңдаған шежіреші қарт алшын меңдіәліүлі: «сағалата шырқағанда киіз үй дірілдеиді. аузы үлкен, ірі қара кісі. өте биік дауысты әнші екен» дегеннен басқа ештеңе айтпайды. әділ туралы жазушылар әлдімен осы кісінің сол сөзіне сүйеніп, одан әрі аса алмай жүр.
жақында осы әділ өтеғүлүлінің қызылқоға ауданы, сағыз селөсіндә тұратын баласы кемәл әміршиевпен кездесудің сәті түсті. бүгінде сексен жасқа иек артқан ақсақалдың сөзі тың, жүрісі ширақ. ол кісінің айтуынша, әкесінің де, өзінің де кіндік қаны тамған жер – ойыл өзені бойындағы қайыңды бабатай деген жер екен. әділ өтеғүлүлі 1868 жылы дүниеге келіп, 1931 жылы қайтыс болған. беиіті жылыой ауданы, әқкиізтөғәй селөліқ өкругіне қарасты «қази тоғай» деген тоғайлықтың ішінде. олжашы жеменеи сағызбай атамыздың қима тәмімен іргелес, оның сөлтүстік жағында. алайда, құлпытаста: «руы адай кенже өтеғүлүлі әділ 1870-1932. тас қойған баласы кемәл» деп жазылыпты.
бұл ертеректе жазылған. жасаған адам жазып берген қағазды жоғалтса керек. біздің жазып бергенімізді жазбай, басқаша жазыпты. нәз апам: «әкем менен 21 жас үлкен, 63 жасында қайтыс болды» деген еді. нәз апам 1889 жылы туған, одан 21-ды алсақ 1868 болады да, оған 63-ты қоссақ 1931 шығады, – деиді кемәл ақсақал.
кемәл ақсақалдың түсіндіруінше, жиырмасыншы жылдардың аяғында әділді нквд тұтқындап, орал түрмесіне апарып қамаған. бірәқ, сол кезде гпу-де қізмет еткен, кеиін бурәкөл совхозының төрәғәсі болған шоқан төленүлі нквд қізметкерлеріне: «бұл сіздерге керек әділ емес, басқа әділ» деп түрмеден босаттырып, ауылға жібереді де: «әділ енді көп көріне берме, аз уақыт әнді қоя тұр» деп тапсырыпты. сөйтсе, бұл кісі әділді әуелден сырттай танып, әнін аса қәдірлеиді екен. ауылға келгеннен кеиін ауылдастары: «түрмеден қашып келген болар» деген күдікті хабарды тарата бастайды. осыдан сескенген әділ ұй-ішіне:
«алла тіршілік жазса, әлдәбергеннен алдырармын. мен орта азяға қарай бара тұрайын» деп кетіп, әлгі айтқан жылыой ауданына қарасты қази қажы мешітінде отырған қайын ағасы әлдәбергеннің үйіне келеді. сол жерде салқын тигеннен болса керек, қызуы көтеріліп, быр-екі күнде о дүниеге аттаныпты. қайын ағасы әлдәберген жоғарыда аты аталған жерге жерлепті.
қазақта «әйел ерден кетсе де, елден кетпеиді» деген мақал бар емес пе. сол қағида негізінде кемәлдің шешесі орынайды әділдің өзімен бірге туған мұстафаның немересі әміршеге әмеңгерлік жөлімен атастырыпты. осы күні кемәлдің әміршиев болып жүргені де сондықтан. ол кезде кемәл ақсақал екі жаста көрінеді.
әкемізден ешқәндәй жәдігерлік дүние, не болмаса фөтөсурет қалмаған. тек қырқыншы жылдары қоңыршаұлы қарағұл осы сағызда болды. ол әнші де болатын. әкеңнің әні деп талай шырқап жүргенін естігенмін. жазып алайын дегенімде, ертең-бүгінмен бермеи кетті. бір көргенімде жоғарыдағы алшынның сөзін қайталай келіп: «үстімдегі сеңсең тонды сол кісінің сүйегіне кіргенде алғанмын» деп еді, – деиді әншінің ұлы.
міне,
«ой деңгеи, мына деңгеи, деңгеи, деңгеи,
дауысым ашылмайды шыға желмеи.
кешегі бес болыстың базарында,
алқада алшаңдадым бәйге кердеи» деп өзі шырқағандай, сәлдіқпен өмір сүрген әділ әнші хақында ұлы кемәлдән білгеніміз осы. кезінде кемәл ақсақал отбасының үлкені болған соң еңбекке ерте араласып, шежірелі қәрттәрмен әңгімелесіп, сұрастырудың реті келмеген. уақыты бола тұрса да, кеңестік қысымның ықпалынан қорықты. әрі ол кезде бүгінгідеи түртіншектеп, сұрастырып жүргендер де өте сирек. сондықтан оны «кім тыңдар, кім сұрар?» деисің деген де ойда қалған. ал бүгінгі тәуелсіздік алған тұста қап, соны кезінде үлкендерден неге сұрамаған екенбіз деп санды бір соғады. бірәқ, қапаланғаннан не пайда? өтетін заман өтті.
бауыржан сисенөв
атырау облысы