Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18392204343 %57 %

11 жастағы Ербосыннан ем алғандар не дейді?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 03:00 - 2014/10/20


11 жастағы Ербосыннан ем алғандар не дейді?

20.10.2014 10:11

Кейінгі кездері Қызылорда облысындағы Аралқұм деген ауылында тұратын емші бала туралы сөзjkhggcdfx дүрілдеп тұр. Бұл жөнінде таяуда «Замананың» қосымшасы – «Ауырмаңыз!» газетінде де «11 жасар емші бала» деген тақырыпта мақала жарық көрген болатын. Осыдан кейін редакцияға хабарласушылар саны көбейді. Олардың бірі емші балаға таң қалса, екіншілері одан ешқандай шипа көрмегендерін айтуда. Осыған орай біз екі кісінің айтқандарын оқырман назарына ұсынғанды дұрыс көрдік.

Қалдыгүл, Қызылорда қаласынан: – Мен ол баланың бойында қандай да бір құдірет бар екенін сезгендеймін. Біз ем қабылдау үшін бір автобуспен Қызылордадан ерте шығып, Аралқұмға барған едік. Сол жерде түске дейін бір жарым мыңдай адам жиылып қалды. Емшіге бірінші кезекте денсаулығы нашарлар мен мүгедек жандарды кіргізеді екен.

Сеанс жүріп жатқанда емші баланы бір кісі көтеріп сыртқа шықты, барлығымыз соған қарап қалдық. Сол кезде ол кішкентай баланың нәзік даусымен: «Отырғандар арасында құмалақ ашатын, адам емдейтіндер болса, бұл жерден алысырақ кетсін. Ем жүрмей жатыр», – деп хабарлады. Менің де адам емдейтінім бар еді. Сондықтан біреуге зияным тимесін деп емдетуге апарған екі немеремді қалдырып, орнымнан тұра бергенімде бала менен неге келгенімді сұрады. Мен немерелерімнің ас қорыту жолдары ауыратынын айттым да, алыстау жерге барып отырдым. Сол кезде емшінің үлкен адамның даусымен екінші біреуге: «Жаңағы кісі кетті ғой, сіз неге отырсыз?!» – деп ұрсып жатқанын естідім. Соған қарағанда, ол адамдардың кім екенін, ол жерге не оймен барғанын айтпаса да біліп отыратын сияқты.

Өзім кірмесем де екі немереме ем қонғанын тілеп отырдым. Сыртта отырып іштен шыққандардан шаршауды байқамадым, ауырғаны басылып, жүздері нұрланып шығып жатқандарын көрдім. Соған қарағанда, оларға ем қонып жатса керек. Кезексіз кіру үшін 30 мың теңге берген біреуге біздің көзімізше: «Ақшаң көп болса, басқа жерге барып ем қабылда. Бұл жерде ем ақшаға сатылмайды!» – деп ұрысып тастады. Мұндайға қалай риза болмасқа? Мен сендім.

Ергеш, Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылынан: – Біздің ауылдан да автобуспен адамдар кетіп жатыр. Біз төрт кісі 15 мың теңгеден бір машинаны жалдап бардық. Емші бала Қызылорда облысының Арал ауданындағы Аралқұм деген шағын ауылда тұрады екен. Ол ауыл облыс орталығынан жиырма шақырым жерде орналасқан. Ауылда дәмхана деген атымен жоқ, жолдары өте нашар. Өзімізбен алып бар­ған тамағымызды жеп қайттық.

Адам көп, барлығы далада кезек күтіп тұрды. Емді шарбақтың ішінде жүргізеді екен. Оған жиырма адам кіруі керек. Бірақ баланың жеңгелері болса керек, бес жүз теңгеден алып, сексен адамнан кіргізіп тұрды. Шарбақтың ішінде де жағдай жасалмаған. Біреулер түрегеп тұрды, екіншілері отырды. Емші баланың қолында қамшы немесе басқа нәрсе жоқ. Ол қандай да бір дұға да оқымайды. Өзі адамдардың қасына жақындамай, айналып жүреді екен. Маған ол ойнап жүрген секілді көрінді. Сеанс аяқталған соң бір жеңгесі ем толық болуы үшін тағы төрт мәрте келуіміз керектігін айтты. Қысқасы, мен ол емшінің кереметіне сенбедім. Екінші мәрте алдына бармаймын да.­­

...Бұл айтылғандар қызылордалық 11 жасар Ербосынға ем қабылдау үшін барған екі адамның сөзі. Бірақ бұған қарап түбегейлі қорытынды жасаған дұрыс бола қоймас. Бәлкім емнің шипалы болуы үшін оған толық сеніммен бару керек шығар. Қалай болғанда да жүздеген адам уақытын текке құртып, ем қабылдап жүрмеген болар. Әйтеуір бүгінде Ербосынның аты дүркіреп тұр.

Ә. НАУАЙЫ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=319140
Пікірлер

Жолдаушы №: 4833 - Уақыты: 2014/11/28 - 19:32

Сәлеметсиздер ме мусылман бауырларым? Алдімен бәрліктәрініздән кеширим өтинемин кәте жазып жәткәнім ушин. Мен бул емши бала жайлы 28.11.14 жылы куни естидим. Себеби мен студентпин не жәнәліктәр болып жәткәнін биле бермеймин.Менин оз пикиримди кәлдіруімә 6 жасар бөлемнин өкигәсі болады. Бөлем шамасы 3 жасында бәспәлдәктән куләп бир көзинин кәрәшігі көзгәлмәй кәлді. Содан әпкемнин емдеуге әкшәсі бирде болады бирде болмайды. Сойтип жургенде бөлемнин көзи –6 ,–5 болды. Солаййй жургенде бөлемнин көзин булінгірләнә бастады. Казир ол 6 да. Апшем осы 11 жасар емши бала жайлы естип , бөлем екеуи барып келди. Апшенин айтуынша 1 куни ештеме әйткән жөк, 2 куни бөлемнин көзилдиригин сындырып ем салыпты, Алләхкә мында мын шукиршиликбөлемнин көзи көзилдириксиз көре бастады. Бирәк 100 пайыз деп ойлап журмениздер. Шукир көреди. Апшемнин сөндәгі куәніші гөййййй ...көзден ериксиз жас шігіп Нәгәші әпәгә звандап суйиншисин сурайды. 6 жасар бөлемнин апама әйткән сози «Апа айтшы мәмәгә жылама деп , менин көзим көрмеседе жылайды, көрседе жылайды» деп бала көнил гөййййй ширкин. Аллах адам баласына ауру береди, бирәк еми бар ауру. 11 жасар баланыда Аллахтын ози жиберип отыр гөй деп тусинемин. Мен озимнин көзиммен көрмесемде, көз алдымда бөлгән өкигә жайлы бәяндәгәнді дурыс деп санады. Ауели Алләхкә сениниз, сөнімен бирге осы аурудан жәзілгән сатинизди елестетиниз, сосын емши бәләгә деген көз кәрәсініз тузу болсын. Олда бизде пендемиз. Кәтелик бәримизде болады. Рәхмет еринбей өкігәндәрініз ушин...

Жолдаушы №: 4814 - Уақыты: 2014/11/19 - 17:48

Астана.Карамолда атаннын әруәгі көлдәсін.ешкәшән рухани жолдан тайма Ата-жолы жасасын.

Жолдаушы №: 4813 - Уақыты: 2014/11/19 - 17:45

Алланын көзи тузу болсын.Жарайсын Ерболсын сен тек хәліктін адамысын Аллам әруәк жар болсын.

Жолдаушы №: 4812 - Уақыты: 2014/11/19 - 17:45

Алланын көзи тузу болсын.Жарайсын Ерболсын сен тек хәліктін адамысын Аллам әруәк жар болсын.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ҚР Президенті қазақстан 11 min
Иран мұнай кемесі енді 17 min
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 27 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 1 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 1 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Африкада арыстандар аза 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елордада ауа райына бай 2 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 2 sagt
Африкада арыстандар күр 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 2 sagt
Сайрамда саяхаттау-әғәж 2 sagt
Ауғанстанда жол жиегінд 3 sagt