Түрі: Айқын газеті
Жолданған уақыты: 07:09 - 2012/08/09

Нақты Көзі: http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=15522&Itemid=2
«көшпелі алтын» бола ма?
09.08.12.

алтын - химялық елемент болып келетін, асыл метәлдәрдің бірі. табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында, теңіз және мұхит суында кездеседі. кентәстәрдән алтынды ұсақтау, байыту және тсянды натри ерітіндісімен өңдеу арқылы алады.
жалпы, алтын - жұмсақ сары түсті, созылғыш, жәйілғіш, ауыр, жұмсақ болып келеді. алтынның, ұсақ түйірлері квәртс ішінде немесе квәртс құмы арасында шәшірәңқі күйде болады. табиғатта алтынның қосылысы алтын теллуриді (кәләверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сулфид кендерінде болады. алтын сібірде, оралда және орта азя мен қазақстанда да кездеседі. шетелдердегі кені әляскәдә, көлөрәдөдә (ақш) , әфрикәдә, австраляда және тағы да басқа аймақтарда бар. қазақстан - тмд елдерінің арасында алтын өндіріп алу жағынан көш бастап, әлем бойынша алтын өндіруші елдердің алғашқы ондығының арасынан орын алып отырған ел.
алтынға қатысты, халық арасында «алтын көшіп жүреді» деген ұғым бар. білгіштердің айтуынша, сол алтындар бір жерден екінші жерге көшіп жүреді-мыс. жел көтеріліп, алтын сол желмен ілесе ұшып жүретін көрінеді. осы алтыннан кенде қалмаған елдің ішінде алтынның көшіп-қонуы мүмкін бе, ендеше?
айтып отырғанда бір ертегі секілді. бірәқ сол бір жерден екінші жерге қоныс теуіп жүрген «алтынның көшін көрдім» деген жандар да жоқ емес екен. 1972 жылы шелек ауданындағы тескенсу деген ауылда совхоздың малшысы болған мүхәмәди ақсақал мал бағып жүріп, жарқырап келе жатқан алтынның көшін көрген. ол кісінің айтуынша, ол сынап сяқты кетіп бара жатқан алтынды көріп, қөлімен ұстаған. алтынның көшін сол бойда тоқтату үшін қан шығару керектігі есіне түсіп, қолын кеспек болған кезінде, алақанына ала берген алтынның бір мөлшері қолынан бытырап ағып кеткенін айтады ақсақал. бір қызығы, сол совхоздың басшысына жаңағы қарт кісінің алтын көргендігі жөнінде түсінде аян беріпті. ол жәйіндә келесі күні совхоз директөрі бұл кісіден «түсімде аян берді, сіз алтын тауып алғаныңыз рас па?» деп сұраған. сонда көргенін бүге-шігесіне деиін жеткізгенде, оның да «малыңыздың біреуін дереу сойып жіберіп, қанын шығарғанда алтынның көшін тоқтатар едіңіз» дегенін айтады мүхәмәди ақсақал.
сөнімен қатар осыған ұқ-сас торайғыр тауынан аңшылардың бірі көшпелі алтынды көргені жәйлі сыбыстар да бар. таудағы үңгір тәріздес жерде аңшы, ертегідегідеи мол алтынға тап болған. әлгі аңшы қапыда көрген олжаға көзі сене алмай, есеңгіреп қалып, жанталаса үңгірден ытқып барып, қасында бірге аңшылық жасап жүрген достарына хабар береиін деп шыққан жерінен, ол орынды қайта таба алмаған деседі.
ал жазушыларымыздың бірі бұны бұрынғы кезде жау шапқыншылығынан қашқан байлардың үңгірге тыққан байлықтары болуы мүмкін деп топшылайды. дегенмен де кім білсін? осыған байланысты мынадай бір қәуесет бар. шыңғыс хан тарбағатай тауының аяқ баспайтын биік құз-жартастарынан үңгір қазып, жиған алтындарын, құнды заттарын сонда тыққан деген аңыз айтылған.
әрине, алтын көшеді дегеніміз сенгісіз көрінеді. алайда жазушы талап сүлтәнбекөвтің «көшпелі алтын» әңгімесінде де, сондағы басты кеиіпкер сәмен алтынның көшіне көзі жеткен. мұндағы оқиға желісі бойынша, мал бағып жүрген сәмен шыңбұлақ сайынан желе жортып өте бергенде кенет астындағы торы аты осқырынып қалт тоқтап қалады. сонда сәмен бұрылып артына қараса, сай құлдилай жалт-жұлт етіп бір от келе жатыр екен. жазушының суреттеуінше, үлкендігі аттың басындай. балқыған, қызғылт сары. жер бетінен бір метрдеи биіктікте ешбір сүйеусіз, ешкімнің көтеруінсіз қалықтап жүріп келеді, жол-жөнекеи ұшқын ұшып түсуде. сонда кеиіпкер атасынан естіген аңызын ойына алады.
кезінде бір кедеи-кепшіктің баласы да алтынның көшіне кезіккен екен. кетіп бара жатқан көшпелі алтынды тоқтату өйімен, қалтасынан кездігін алып, шынашағын тіліп жіберіп, кетіп бара жатқан алтынның үстіне
быр тамшы қан тамызған. сөйтсе, алтын сатыр-сұтыр етіп жарылыпты да жерге сіңіп кетіпті. содан барып жігіт үйден күрек әкеліп жалма-жан сол жерді қаза бастаған. белуәрдән қазғаннан кеиін, бір қоңыр тасқа паналаған ат басындай алтын тауып, байлықтың астында қалған деген аңыз бар. жаңағы сәмен атасынан естіген осы аңызын еске түсіріп, оның шын өмірде болғанына куә болғандай сезінеді. алайда аңыз болып келген сол «алтынның көшін» өзі де көргендігіне таңырқап, көкеиінде «атамның аңызы шінімен болған ба сонда? мен рәсімен де «көшпелі алтынды» көрдім бе? ал егер ол алтын болмаса, не болғаны?» деген сұрақтар туындаған.
я, талап сүлтәнбекөвтің «көшпелі алтын» әңгімесі осылай баяндалса, бұл жөнінде зәмәнбек жәкенөвтің да «көшпелі алтынға» арналған, роман болып жазылған кітәбі бар. мұндағы оқиға біздің айтып отырған «көшпелі алтынның» болғанын баяндап, жаңағы әңгіме мен аңызды толықтыра түсіп, алтынның көш оздыратынын дәлелдеп тұрғандай. романның желісі бойынша қоңырбай деген малға бай ақсақал, көшпелі алтынға кенеледі. жазушы бұл оқиғаға байланысты былай қалам тартады: «қарға адым жер аттап шығу мұң болып, төсек тартып жатып қалған қоңырбай қарттың көтермелеи пір тұтып, табына сөйлеген аңыз әңгімесіне қарағанда, өзінен үш ата бұрын өткен ұлы бабасы тоғасбай заманында қол бастаған батыр атаныпты. жөңғәрләрмен көп шайқасқан ереуілді күндердің бір жортуылына аттанбақ болған тоғасбай батыр қалың қол сарбаздары күтіп қалған ақшоқыға тезірек жету үшін маңырақтағы ауылынан кешкі салқында жолға шығыпты. айлы түнде атақты жүйрік ақжал әтпен иен тау ішінде жалғыз өзі келе жатып, кенет қалың тораңғы түбінде айналаға алаулаған нұрын шәшіп, жарқырап жатқан ғәжәйіп затты көзі шалып қалады. көшпелі саф алтын екенін аңғарған тоғасбай үркектеген аттан түсе сала, қынындағы екі жүзді алмас кездігімен шынашағын тез тіліп жіберіп, тамшылаған қанын тез тамыза қойған. көлкілдеп толқып тұрған әлгі қызыл алтын қата қалыпты. көкшіл мата белбеудің ортасына көшпелі алтынды мықтап түйіп беліне байлап салады».
«халық айтса, қалт айтпайды» демекші, қарап отырсақ халықтың арасында тараған «алтын көшеді» деген ұғым шындыққа жанасатындай. себебі «көшпелі алтын» деген тіркестің шығуы да тектен-тек емес болса керек. шінімен де, кітәптән өзге баспалардан, қәләмгерлер мен ақындардың шығармаларынан «алтынның буы», «көшпелі алтын» деген сөз тіркестерін кездестіріп жатамыз. мысалы, дулат бабатайұлының «тегімді менің сұрасаң» деген өлең шумағында «тегімді менің сұрасаң, қалың найман нуынан. жырымды менің сұрасаң, сары алтынның буынан» деген жолдар да бар. сондай-ақ ақын-жазушы дүкен мәсімхәнүлінің да «мен, мен едім, мен едім, алтынның буы - ем едім» деп жырлаған «алтынның буы» атты туындысын айтуға болады. негізі, алтынның ыстық буына шалдыққан адам суыққа да тоңбай, аяқ-қолы қашанда қайнап жүреді деп еститінбіз ақсақалдардың аузынан. сондай-ақ көшпелі алтын, әсіресе, таулы аумақтарда, ми далада тоқтамай көшіп жүретін көрінеді.
бұл жөнінде жас ақын айдос имантай да өзінің «көшпелі алтын» деген өлеңінде «шөлдегенде сен едің жолықтырған, шөлдегі алтын сынды көшпелі қыз» деп жырлаған. және тағы бір шумағында былай деген: «көшпелі алтын көрмедім өмірде мен, естіп ем сол жәйлі аңыз жөнінде мен. қан шығарсаң, сол алтын сендік болар, оңай олжа тегіннен тегін келген».
рәсімен де, алтынның аласапыран көшін көрген жан сол мезетте денесінен қан шығарып жіберсе, алтынның көші тоқтай қалмақ екені бірнеше аңыз бен шығармаларда жазылса, көреген аталарымыз да солай айтып жатады. бұл жерде ақын алтынның көшін көрмегенін жырласа, басында айтып өткендеи «көшпелі алтынды» көрген жандар да бар осы күні.
жалпы, алтынның көші дегенді еліміздегі геөлөг-мамандар «сәмөрөдөк» дегенмен байланыстырады, өз тілімізде саф алтын дегенге келеді. алайда олардың айтуынша, «саф алтын» дегеніміз, демек «сәмөрөдөк» қандай да бір метәлдің бір түйірі болып келмек. алтынды қайнатқанда ғана сынап сяқты үлпілдеп, сұйық болмақ. ал даладағы темперәтурәғә алтын ерімеиді. «сәмөрөдөк» деп қарапайым рудадан, құмнан немесе тау-тастардан табылған, кәдімгі тастардан ерекше болып келген тастарды айтады. бұрындары тастар деп келсе, қәзір метәлдің түйірі деиді. мұндай метәлдәрдің түйірлері, әсіресе, жауын-шашынды таулы аймақтарда кездеседі екен. және сол жәуінмен, сумен алтындар шайылып, бір жерден екінші жерге ағып кетуі мүмкін. бірәқ олар біз айтып отырған «көшпелі алтын» секілді сұйық емес, қатты болады. мұндай аттың басындай деп келетін үлкен саф алтындар австраля, чили, хәбәрөвск өңірлерінде табылған. ал «көшпелі алтын» дегенді мамандар мифөлөгяғә балайды.
нұрсұлу мірзәхмет
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=28768