Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2317994662 %38 %

Үй сәні: Қазақы ою-өрнектер мен Еуропа стилінің қосындысы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: ماسساگەت ماقالالارى 2-ءبولىم

Жолданған уақыты: 09:10 - 2014/04/16


Үй сәні: Қазақы ою-өрнектер мен Еуропа стилінің қосындысы


Үй сәні: Қазақы ою-өрнектер мен Еуропа стилінің қосындысы

Елімізде үй интерьеріне арналған жаңа сән қалыптасуда. Ол – Еуропа стилімен қазақы өрнектерді араластыру. Аталған интерьерді жасау үшін шеберлер қазақ мәдениеті мен өнерінен, соның ішінде ою-өрнектерінен хабар беретін кітаптарды пайдаланады. Нәтижесінде жаңа ою-өрнектер де жасалып шығуы ғажап емес.

Қазақы ою-өрнектердің шығуына көшпелі мал шаруашылығы себеп болған. Қазақ үй мен тұрмыстық заттардың сыртындағы ою-өрнектердің тарихы тереңде жатыр. «Қошқар мүйіз», «түйе ізі», «жылан басы» сынды ұлттық оюлардың сақ заманындағы жануарлар стилімен байланысы бар. Сақтар жерімізді б.з.д. VII – IV ғасырлар аралығында мекендеген тайпа. Олардың өнері сақ мәдениетінің үлкен жемісіне айналды. Ол жерде қой, ешкі, бұғы, қанатты барыс, құстар секілді фантастикалық жануарлардың бейнесі бейнеленген. Б.з.д. салынған суреттерден геометриялық фигураларды да кездестіруге болады.

Текемет пен сырмақ қазақ үйдің негізгі сәніне айналған. Текемет – негізінен ақ, қара, алқызыл, сары және қоңыр түсті жүннен басылған киіз. Ал киіз басып, алаша тоқу үшін жолақ сызықтардан құралған суреттерді пайдаланады.

Жиһаздар, киіз үйдің есігі, ыдыс, музыкалық аспаптар молшылықты меңзейтін, терең ойылып салынған оюлармен бедерленген. Көбінесе қошқар мүйіз, жатаған беде өсімдігіне ұқсас, жүрек тәріздес, S секілді бейнелерге толы оюлар қолданылады.

Әшекей бұйымдарға өсімдіктер мен геометриялық фигуралар салынған. 

Мұнымен қатар әрбір ою-өрнекте симметриялық дәлдік сақталған. Өмір ағашы мен жұмақ бағын сипаттайтын суреттер де бар. Осы бейнелердің арқасында қазақы өрнектер әлемнің тұтас картинасын көрсетіп тұрғандай.

Тарихтан сыр шерткен ерекше ою-өрнектерді жасау өнері – атадан балаға мирас болып қалатын құндылыққа айналған. Онда жиһаздарға оюларды нақыштап түсіруден өзге түстерді дұрыс таңдау мәселесі де бар. Киімдерге тағылатын металл әшекейлерге S және Х тәрізді фигуралар салынады. Олардың шығу тарихы түркі және моңғол мәдениетімен байланысты.

Оюдың барлығының шығу тегі мүйізбен байланысты. Мүйізді әртүрлі етіп бейнелеудің нәтижесінде «қошқармүйіз, арқармүйіз, бұғымүйіз, қырықмүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз» сынды оюлар ойлап табылған. Бұдан өзге жануарлар мүшесіне ұқсатылып жасалған «төртқұлақ, түйетабан, сыңарөкше, қосалқа, қазтабан» сынды оюлар бар. Жоғарыда айтқанымыздай, қазақ оюларының шығу тегі мал шаруашылығымен, аң аулаумен, табиғат көріністерімен байланысты. Әрбір шебер өзі ойлап тапқан оюға атау беріп отырған.

Мүйіз оюы бірде майда немесе ірі етіп бейнеленеді. Әшекей бұйымдар, тоқыма киімдер, ағаш пен сүйектен жасалған ыдыстарға майда түрі қолданылады, ал алаша тоқу, текемет басу, сырмақ ою кезінде және шиден тоқылған бұйымдар мен қоржын жасауда ірісі қолданылады.  

«Мүйіз» оюының тарихы тереңде жатқанына қарамастан, заманауи үйлерге керемет жарасады. Бір ғана оюдың суретінде үлкен тарих жатыр. Одан тіпті қозғалып бара жатқан бейнелерді, философиялық мән-мағынаны да байқауға болады. Бүгіндері қазақы ою мен Еуропа стилін араластырған интерьер үлкен сұранысқа ие болуда.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=42&id=256257
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Twitter танымал 50 қар 5 min
Бас нысананы мықтап арқ 5 min
Қасым-Жомарт Тоқаев Қар 12 min
Асқар Мамин Татарстанда 15 min
Қуатты партия – жігерлі 15 min
СҚО-да полиция қызметке 18 min
Алматыда алаяқ кезексіз 21 min
А қ ш мемлекет хатшысын 25 min
Тяншан торы 25 min
Қазақстан мен Біріккен 25 min
Головкин мен Деревянчен 25 min
Осы араны басып көріңіз 25 min
Алматыда алаяқ кезексіз 27 min
Абай поэзиясына 130 жыл 30 min
Жұманың ұмытылған сүнне 30 min
Байқоңырдан ғарышқа ал 30 min
Еуропа лигасы: «Астана» 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алматыда  троллейбус жа 1 sagt
Ауырып қалған адамның и 1 sagt
Алматыда алаяқ әйел ұст 1 sagt
Өтен Ахмет. Той дегенде 1 sagt
Ауылға деген сағынышты 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ұлытауда халықаралық ау 1 sagt
Оқушылар мектеп бітірге 1 sagt
Қазақстан мен БАӘ ғарыш 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Петропавлда тоқтап қалғ 1 sagt
Президент Әкімшілігі Қа 1 sagt