Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18392204343 %57 %

АЗАМАТТЫҒЫҢ ҚАЙДА, АҚСҰҢҚАРҰЛЫ?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жас-өркен торабы

Жолданған уақыты: 07:10 - 2014/01/24


АЗАМАТТЫҒЫҢ ҚАЙДА, АҚСҰҢҚАРҰЛЫ?


«Ақын болу шарт емес, азамат болу – парызың». Н. А. Некрасовтың осы бір қанатты сөзін еске алған сайын санаң санға бөліне, ішіңе қыжыл қонақтайтыны шындық. Олай болатыны, замананың қазіргідей ырғағына төзіс бермеген әдебиеттің тым қарабайырланып, һас асылдың, яғни сөз өнерінің өз қадірін жоғалта бастағаны жүрегіңе салмақ түсіретінінен. Иә, тек әдебиеттен ғана емес, жалпы тіл атаулыдан қадыр қаша бастаған уақыт деңгейінде бар мен жоқтың, сонымен қатар, болған мен болардың ара жігін ажырата алмайтын дәрежеге жетіп жығылғанымыз жаныңды қинайтыны талассыз дүние.
Осындай тығырыққа тірелуімізге кім себепкер? Тектен-текке әлдебіреуді жазғырмайық, бәріне кінәлі өзіміз, қалам иелері екендігімізді мойындағанымыз абзал. Жіліктің майлы басын қарпып қалуға жанталасқандар алағай да бұлағай шама барысында талғам таразысын ұмыта, зерде зауалына пысқырмастан «өзімдікі дұрыстыққа» басып, «тек өзім ғанамын» дегенді ұстана киеліні қиқымдап, түйелідей жыртыңдап, шап та шапқа бастап кеткенімізге жұрт куә. Бірімізді екіншіміз жағадан алып қана қоймай, омақасқанның өңешін жұлуға өндіршектегенімізді көрген былайғылар қаламгерде ұят қалмағанын байқағандай теріс айналғаны күні кеше ғана. Енді олардың бетін бері бұрудың өзі күшке түсетініне талас жоқ.
Мұның бәрі «үрит, соқ!» пен «қайт та қайттың!» екі жақты айтылатынын бағамдамағандығымыздан, әрине. Ал, екі басты айдаһардан екі от қатар жалын шашатынын біз түсінбесек басқаларға не жорық...
Осы орайда Қарағанды жаққа ат басын бұра кеткеніміз жөн шығар.
Сыртынан дардай санап жүретін Серік Ақсұңқарұлы ағамыздың тарыдай құны қалмағанын көргенде жағамызды ұстағанымызды жасырмаймыз. Өздеріңіз саралап байқаңыздар, әуелгіде: «Абай, Қасым, сосын мен!» – деп шалқаятын сабазың, әріде: «Темірханнан кейін Тыныштықбек Әбдікәкім. Осы екі ақын, одан кейін – мен. Басқасын мойындамаймын», - дегенді қоса кеуде керсе және бір көтерілгенінде: «Жалпы, осы біздің зиялылардың естері дұрыс емес», тағы бірде: «Сендер Маралтайды керемет деп ойлайсыңдар ма, немене? Маралтай Фаризадан артық па екен? Ақсұңқарұлынан күшті ме екен, әлде?» – деп ісінетін ақынның шын келбетін байқағанда неліктен әдебиет ауылынан тырағайлай қашқың келетіні айтпаса да түсінікті. Алайда, Жаратқан ие маңдайға жазған тағдырдан қалай қашып құтылғандайсың, көнесің де.
Сөзімізді әрі қарай жалғамас бұрын «керемет» ақынның жұрт тамсанған «Қасқырдың монологы» жырына сәтке зейін қоя кетелік:
«Шауып түсемін!
Күш ағысымды
Сыйғыза алмай ішіме...»
«Күш ағысы». Қазақта мұндай сөз тіркесі бар ма еді?
Тағы сонда: «Неге үндемейсіңдер, қасқыр – бабалар, Қағынып кеткен жатыры?!» – дейді аптығып. Қызық теңеу. Сонда еркекте де жатыр болғаны ма? Әлде, Серік ақындықтың әсерімен нәсіл ауыстырып, енді әйелді емес, еркекті тудырмақ ниетте ме? Ал, шындығында қағынған баба ұрығы шығар. Өйткені, ұрық жатырға түскенде ғана ұрпақ пайда болатыны табиғи заңдылықтан емес пе еді? Мынаусы... Керемет жаңалық екен...
Жарайды, шығарма талдауды кейінге қалдыра тұра ақынның өз басына оралайық.
2009 жылғы 16 ақпан күні «Жас қазақ» басылымына берген сұхбатында ол: «Шынымды айтсам, президенттің стипендиясы болмаса баяғыда аштан өліп қалатын едім. Бұл стипендияны 7-8 рет алдым. Ол қолыма тигенше үйімнің пәтерақысы, коммуналдық төлемдер төленбей тұрады», - дейді беті бүлк етпестен. Не деген көлгір адам? Жиырма жыл бойы облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің қызметкері есебінде, яғни, 1989 жылдан бері жұмысқа бармаса да жалақы алып тұрғаны, тек облыстық газеттен емес, мәдениет басқармасы саласынан еңбекақы тапқаны жадынан шығып кеткенін-ай, ә? 2013 жылы зейнет демалысына шықса да орнын босатпай, ақыры 2014 жылға жеткені, сөйтіп үйінде жатып-ақ ақша тапқанын ұмытқаны ақындық алаңғасарлығы емес, халықтық мұраны байытамын деп жүріп шаршағанынан деп түсінеміз бе, қайтеміз?
Серіктің Гогольдің «Өлі жандарының» бүгінгі таңдағы кейіпкеріне айналғаны бір мұнымен шектелмесе керек. Тағы сол «Жас қазақ» газетіндегі сұхбатында: «Мен Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесін 1987 жылдан басқарамын», – деп жар салады. Басқаратынын білеміз. Қалай басқарғанынан да хабарымыз мол. Өйткені, жиырма жылдай осы одақтың мүшесі бола жүре бір рет те бас қоса алмағанымызға облысымызда тұратын қаламгерлердің бәрі куә. Кезінде К. Мұхамеджанов облыс тізгінін ұстаған уақытта, бөлімшеге жан-жақтан біршама қаржылай қолдау білдірілгенінен де мағлұматымыз бар. Бірақ, бұл ақшаның қайда жоғалғанын ғана білмейміз. Бәлкім... Айта алмаймын. Сонымен қатар, заңсыз пәтерге қол жеткізіп, онысы заң орындарының тексерісіне түскенінен де, кейіннен аты бар сабаздың өйтіп-бүйтіп даудан басын арашалағанынан да құлағдармыз.
Міне, жалпақ тілмен айтсақ, осындай «іскер басшылықтың» нәтижесінде үй ішінен үй тігіліп, бүгінде Жезқазған аймағының жеке бөлімше есебінде Қарағандыдан бөлініп кетуін немен түсіндіруге болады?
Жазушылар одағы бөлімшесін басқара жүріп С. Ақсұңқарұлының өзіне жақпаған жазушыларға тас ата білгенін ұмытпайық. Оған дәлел 1997 жылдары «ауыл итінің құйрығы қайқы» екенін еске сала жазушы Өтен Ахметовке «шабуылы». Баспасөз бетіндегі теке-тірес арты сот ісімен жалғасуға ұласқанын көзі тірі Өтекең растар.
Оқиға 1996 жылы Ө. Ахметовтың «Орталық Қазақстан» газетіне редактор болып бекігенінен басталған. Сонда басшы Ақсұңқарұлының екі жерде қызмет атқаратынын айта келе оған жарты жалақылық орын бекіткен. Міне, осыны кек сақтап қалған Секең 1997 жылы редактор ауысқанда бар зәрін бұрынғы басшыға төгіп, әрине, қолдап-қоштаушыларының арқасында, ақыры Өтекеңнің Қарағандыдан сырғуына ықпал жасап тынды.
Ол қазір де жазушыларға оң көзбен қарай алмайды. Облыста тұратын ақсақал жазушылар Өмір Кәріпов, Кәмел Жүністегі, Аппаз Қаражігітовтың аттары түрлі жиындарда аталмайтыны, олардың облыс басшылары өткізер облыстық деңгейдегі жиындардан тыс қалатыны осының айғағы.
Егер де жоғарыда келтірілген жалған қызмет, жалған пысықайлықтарды қаперде ұстасақ, онда С. Ақсұңқарұлының зейнетке шығуда заңсыздықтарға барғанын бағамдау қиын емес. Тек бұған тиісті орындар лайықты бағасын берсе болғаны...
Сөйте жүре Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағын иеленуі ақылға сыймайтын жағдай. Бұл атақ сонда қитұрқылығымен танылған жандарға да берілетін болғаны ма? Онда жетіскен екенбіз...
Секеңнің одақ бөлімшесін басқара жүріп тындырған тағы бір ісі – сәл бұрындары ақын-жазушыларға арнап облыс әкімі тағайындаған жыл сайын беріліп тұратын сыйлық бар еді. Сыйақы мөлшері адамды қарық қылып тастамаса да, әйтеуір бір әжетіңе жарап қалатын. Соның көбі кімге бұйырды? Қаймаққа емес, көк сүтке бұйырды. Комиссия құрамында болған С. Ақсұңқарұлының сөзі өтпеді ме, әлде көзқарасы солай болды ма, өмірден озған да, тіршіліктен тозған да құрметке бөленіп шыға келді. Міне, саған керек болса!
Көп айт, аз айт, аты дардай ақынның алатайлық қылықтарын тізбелей бергеннен мал таппасымыз анық. Сондықтан, тыныстауға мұрсат тауып, енді шығармашылық «кереметтеріне» ден қоялық.

***

Жақында қолыма ақынның 2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан жарық көріп, артынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Төбемнен жауһар жауып тұр» деп аталатын жыр жинағы түсті. Жеделдете оқып шықтым. Бір қарағанға тәуір дүние екен. Бірақ, кей тұстардағы көкейге қонымсыз тіркестер, үйлесімге келмейтін сөздер жинақты қайтадан оқуға мәжбүрледі. Сөйтсем, күдігім бекер емес екен.
Кәне, біріге көз жүгіртіп көрелік.
Әрине, бұл жерде мен әр өлеңді талдап, талқылап уақыттарыңызды алмайтынымды ескертемін. Тек, ақынның қазақ тіліне, қазақ сөзіне жүрдім-бардым қарайтынына тоқталмақпын.
«Өмірде өлең дейтін сел де қалып,
Шеменнен бір арылдым,
Шерге қанып» – деп басталады кітап. Бұл не сөз? Шерге қанған адам шеменнен арыла ма екен?  Шемен деген қолма-қол еріп кететін қар емес қой.
Әріге жылжиық.
«Арда емгендей сіміріп еміреніп,
Аймалашы Алланың нұр шапағы!» (6-бет).
Арда емген құлын болар еді, ал сіміріп еміренуді бірінші естуім.
«Ей! Құл мен күңнің түсігі!
Затсыз бен тексіз – қасыңда;
Сен қайтушы едің кісіні –
Кісілігің жоқ басыңда?!» (8-бет)
Сонда түсікте жан болғаны ма? Түсік – уақытынан ерте әрі жансыз түскен шарана емес пе? Сондықтан қазақта мұндайда «түсік тастады» дейді.
«...Бас емес – басым –
Қорғасын.
Көтеру қиын, қарағым.
Өңезге иілмей өр басым
Өмірден өтіп барамын.» (9-бет).
Өрлігі қайсы, көтере алмаушылығы қайсы?
«Зұлмат күштермен жұлысқанымда,
Жұлынсын менің жұлыным». (21-бет).
Жұлын жұлынбайды үзіледі. Бұрынғының долы әйелдері баласына назаланғанда «жұлының үзілгір» деп қарғайтын.
«Шаршадым. Шалдықтым. Сенделдім». (26-бет).
Адам ең әуелі сенделеді, сонсын барып шаршап-шалдығады.
«Күннен гүл боп төгілдім». (32-бет).
Ой, сұмдық-ай, гүл қашаннан бері төгілер сұйықтыққа айналған, ә? Әр сөздің қолданылар орыны болатынын ескермейтініміз жаман.
«Мен – Арманмын. Арманмын – шымырлаған от үні». (32-бет).
Арманның да шымырлар от үні болады екен-ау. Естімеген елде көп деген осы да.
«Көзің алды қап-қара қара түнек,
Жарық дүние жалп етіп сөніп қалып!» (42-бет).
Түнекке қосарланған анықтама берудің керегі не еді? Түнек ақ немесе сары түсті болмайды ғой.
«Арбап алған тәніңді қара жылан,
Пәк тәніңе өрмелеп бара жатты»... (42-бет).
Түсінудің өзі қиын сурет.
«Сипалап көрді қарманып!» (43-бет).
«Жүгірді сорлы қарманып». (44 бет).
Алғашқыда сипалау мен қарману атты екі бөлек дүниені бір жолға күштеп кіріктірсе, екіншісінде жүгірген сорлыны қармандырғаны қай сасқаны. Жүгірген адам қармана алмайды, өкпесін өшіреді.
«Қызық көріп қашқаны мен шапқанын
Жұрт шабынды... тірі жан жоқ қасымда.
Кім біледі кімді талап жатқанын,
Иттің миы – басында». (49-бет).
Ой, сұмдық-ай!.. Сіздер не түсіндіңіздер? Мен түк те түсінбедім. Жұрт шабынып жатады, ал ақын қу медиенде тұр ма? Онда шабынғандарды қалай көрген? Әлде шалық шалған біреу ме? Бәсе, «иттің миы» кім-кімді де оңдырмаса керек еді...
«Адамзат мені алақанға салып –
Аймалады!» – деп айтам ба!!!» (50- бет).
Бәлкім аялады дегені дұрыс шығар. Өйткені, алақанға салғанды және сиятынды аймалағанды бұрын-соңды естімегенім аян.
« – Жерді қан-жынға Кім араластырды!
Тұрған ерініңді жалақ қып». (51-бет).
Өздеріңіз түсініп көріңіздерші...
«Жалайды беріш ділімді». (51-бет).
Жинақтағы беріштердің әр қырына таңмын. Жоғарыда басқаша еді, мұнда жалап жатқан бір пәле, әйтеуір.
«Қойшы, Серік, сандалма» -
Дедім талай, дегенменен, дедім мен». (55-бет).
Мынау өлең емес жаңылтпаш қой.
«Құлагердің жұртта қалған қу басы –
Тұғырлардың тұяғынан әдемі!» (55-бет).
Тұғырларда тұяқ болатынын бірінші рет естіп отырмын.
«Құлагердің құшақтап ап қу басын,
Перизат деп пері қызын сүйем мен!» (?) (56-бет).
Айтарға сөзім жоқ.
«Алаштың тау мен тасына
Талыстай таңба басылып.
Ит пен құс шықты басыңа,
Басыңның жоғын басынып...» (60-бет).
Автор талыстың не екенін білмейді-ау, тәрізі, Алаштың тау-тасына «басып» қана қоймай, жоқ басқа ит-құс шығарғаны қай алжасқаны. Өлеңнің аты «Кенесарының басы» болғасын ғана біз ақынның айтам дегенін өзімізше топшыладық. Ниеті дұрыс-ақ. Бірақ сол ниетті оқырманға жеткізе білу де шеберлік екенін Секеңнің бағамдамағаны дұрыс емес, әрине.
Шаршадыңыздар ма? Мен де шаршаған сияқтымын. 230 беттік кітаптың 60 бетін ғана парақтағанда қазақ сөзін мұншама доғал қолданған ақынды бірінші рет көріп отырмын. Олай болса, өзімді де, сіздерді де бұдан әріде қинамай тізбекті тоқтатқаным жөн шығар.
Тоқтата тұра дәл осындай кітаптың Мемлекеттік сыйлыққа қалай ұсынылғанын түсінбей дал болғанымды жасырмаймын. Сол уақытта мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланған көлдей-көлдей мақтаулардың артында не тұрғанына санам жетпей және пүшәйманмын. Бұл нені көрсетеді? Бұл көңілжықпастық пен жөнсіз дабыраның әдеби әлемнен жоғалмай тұрғанын дәлелдейді. Сорымызды іздесек осы жерден іздегеніміз жөн.
Иә, әлдекім әлдебіреуді мақтады екен деп соның соңынан шұбыра жөнелетін әдетіміздің барлығын мойындағанымыз абзал. Ал бұл кезде әлгі мақталған жан өзін кереметке балап, танауын таңқита ешкімді менсінбеуді әдетіне сіңіріп үлгереді. Құдай талант берген екен, ол қатын-баласының несібесі, асып бара жатса жұрт алдындағы бедел-қарымының сәл көтерілгендігі екенін ұқпағаннан береке күтпе, ағайын. Ондайлардың басқалар түгілі өздеріне де қайыр жасамайтынын өмір баяғыда дәлелдеп қойған. Бағзыда ғұмыр кешкен Конфуцийдің: «Мені адамдар білмейді деп қайғырма, мен адамдарды білмеймін деп қайғыр», дегені осындайдан туса керек. Өйткені, мына жалған дүниеде адамның адамсыз күні жоқтығын түсінбегеннен толыққанды адам шығады деу асылық. Ұлы Абайдың: «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, Адамның баласы – бауырың» деуі сондықтан.
Азаматтығымыздан айырмағай!
Төкен ӘЛЖАНТЕГІ,
жазушы-драматург,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Халықаралық бәйгелердің жеңімпазы және жүлдегері.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=10&id=225863
Пікірлер

Жолдаушы №: 4680 - Уақыты: 2014/05/26 - 08:35

Қарағандыда жүргенімде әлдекімдер көреәлмәушіліқпен небір қитұрқы саясат танытушы еді. Үш жыл болды кеткеніме. Құлағым тыншыды ма деп едім. Енді келіп Секеңді - қазақтың Серік Ақсұңқарын менің атымнан жамандап қойыпты. Сыйласып жүрген ағам еді. Арамызға от жақпақшы болған шығар. Онысынан түк шықпас. Аман бол, аға! Көреәлмәйтіндәр оттай берсін! Сәлеммен ініңіз Айтбай Сәулебектегі.

Жолдаушы №: 4625 - Уақыты: 2014/05/14 - 11:02

Сәбит Бексейітөв ағамыздан осы мақала туралы естіп, мұқият оқып шықтым. Расында, мақала авторының айтып отырғаны нағыз шындық қой! "Ақиық ақынымыз" қалай болып шықты өзі? Айтбай.

Жолдаушы №: 4469 - Уақыты: 2014/04/23 - 15:41

Ішмерез, көре алмайтын көр соқыр,арызқой Төкен үшін қәсиетті,киелі Жаңаарқаны неге сөзге қөсәсіңдәр!?Серіктің хас талант,дарынды ақын екенін қазақ тугіл алыс-жақын шет елдегі барлық ел біледі.Түлпәр мен тұғырды айыра алмайтын сорлы қалай"жазушымын" деп жур.Аксункәрүлі баяғыда кеңісттікке шығып кеткен талант! Ауылдың жолдыаяқтары қанша үргенмен дауысы көкке бәрібір жеттпейді.Төкен деген жазудағы к мен т әриптерінін орыны ауысып кеткенін "жәзушісімәк" өзі дәлелдеді.

Жолдаушы №: 4454 - Уақыты: 2014/04/21 - 10:51

Төкен ағаның атына мұндай лас пікір айтатын жаңаарқалық бауырлары жоқ. "Жаңаарқалық бауырың Ержан" дегеннің сөз саптасынан Серік Ақсұңқарұлының тап өзінің сөз әлпеті танылып-ақ тұр. Төкен ағаның айтқан пікірлері өте орынды. Қосыламыз, қолдаймыз! Ағаның атына ғайбат пікір айтушылар болса, тұмсығын бұзып жібереміз. Жаңаарқалық бауырлары.

Жолдаушы №: 4249 - Уақыты: 2014/02/10 - 07:23

Әй, Төкен Алжіғәнтегі, не айтып отырсың өзің? Сен өзіңді әдебиетте бармын деп жүрсің ба? "Құлпырған, нұр тұнған" деген жаттанды тіркестен басқа не жаздың? Құл мен күңнің түсігі дегеннің несі түсініксіз? Құл мен күңнің түсігі деген өмірде бар-жоғы беймәлім, түсік құрлы құны жоқ Төкен Алжіғәнтегі сияқтыларға әйтіләді.Сенің ой өрең бәрін тура қалпында қабылдайтынына Ақсұңқарұлының кінәсі қанша? Сені рухани кемтәр еткен ол емес қой. Құдай ғой сенің ішіңді ірітіп, санаңды саңылаусыз, сәулесіз қап-қара түнек еткен. Міне, мен жәй ғана түнек дей салсам ол сенің миқұрт болған санаңның дәл суретін бере алмас еді. Ал қап-қара қара түнек десем сенің кемтәр санаң шығады. Ақсұңқарұлы да солай түнекке анықтама беріп тұр. Оның несі айып? Сен сияқты адамдардың болғаны да дұрыс қой. Моцартты қызғанып қызыл кеңірдек болған Сәлери секілді. Алжіғәнтегі десе Алжіғәнтегісің ғой, қәйтейін. Жас бәсіммен сақалыңнан алғаным ұят, бірәқ сенің сақалың текенің сақалындай лас болған соң ұялмауға бекіндім. Жаңарқалық бауырыңыз Ержан

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 7 min
Ақтоты Райымқұлова қаза 14 min
Осы араны басып көріңіз 17 min
Ирақ қорғаныс министрлі 17 min
Қызылордада ғасырдан ас 20 min
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Африкада арыстандар аза 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 1 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 1 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Елордада ауа райына бай 1 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 1 sagt
Африкада арыстандар күр 1 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 2 sagt
Сайрамда саяхаттау-әғәж 2 sagt
Ауғанстанда жол жиегінд 2 sagt
Байынбұлақтың әсем көрі 2 sagt
Израйля пәлестинді қолд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt