Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0621662135 %65 %

"KeshYou" тобының шындығы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 06:18 - 2013/10/20


"KeshYou" тобының шындығы


"KeshYou" тобының шындығы

Эстрадаға жаңа леп әкелген "KeshYou" тобы 2006 жылдың 10 сәуірінде пайда болды. Топтың продюссері – атышулы Баян Есентаева. Топ Мөлдір, Әнел, Зұлфия есімді үш қыздан құралды. Кейін Зұлфияны Наиля алмастырды. 

2010 жылы "KeshYou" Қырымдағы "Шығыс базары" фестиваліне қатысып, жүлделі екінші орын алады. "Әдемі қыз", "Сүгірдің термесі" ел ішіне кеңінен таралып, топтың атағы шыға бастаған кезде, Наиля Заитова топтан кетіп, оның орнын Кәмшат Жолдыбаева басады.

Продюссер сол уақыттарда өте сәтті шыққан "Коктейль для звезды" фильмін түсіріп, басты рөлді топ құрамындағы Мөлдір Әуелбековаға береді. Ал фильмнің екінші бөлімінің оқиға желісі бойынша, басты рөлдегі Мөлдір Әуелбековаға түрі де, үні де келіскен Жанар Дұғалова бәсекелес болып, фильмнен соң, ел арасында Мөлдір мен Жанар өзара бәсекелес, жақында Мөлдір топтан кетіп, оның орнын Жанар басады деген алып-қашпа сыбыстар тарап кетеді. 

"KeshYou" тобының бұрынғы құрамы

"KeshYou" тобының қазіргі құрамы

Алдын ала бәрі шешіліп қойғандай, фильм оқиғасы бір сәтте шынайы шындыққа айналып шыға келіп, фильмнен кейін өте қысқа уақытта Мөлдір Әуелбекова мен Әнел Аринова топтан кетіп, олардың орнын Жанар Дұғалова мен топқа кастинг арқылы келген Айдана Меденова алады. Ал Баян Есентаева неге осы қадамға барғаны туралы тіс жармай, жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Бір айтатыны – олар (Мөлдір мен Әнел) жеке орындаушы жолына түскісі келген. Бірақ топқа сәттілік күліп тұрған кезде, қолынан іс келетін продюссерден өз еркімен еш себепсіз "безуді" сізді қайдам, біз түсіне алмадық.

Халық арасында кезінде "KeshYou" тобының жарық жұлдызы болған Мөлдірдің орнын топтың қазіргі жұлдызы Жанар "тартып алған" деген сыбыс әлі бар. Алысқа ұзамай, әлеуметтік желілерді ақтарсақ, Туиттер, ВК желілерінде екі әншінің атынан ашылған парақшалар мен ол жақтағы жазбалар біздің сөзіміздің дәлелі бола алмақ.

Мөлдір Әуелбекованың туиттердегі ресми парақшасына көз салып отырған адам оның топтан кейінгі жаңа өмірін көре алады. Мөлдір "KeshYou" туралы да, Баян Есентаева туралы да ләм деген емес. Тіпті, бір күндері "KeshYou" тобының тасын өрге домалатқан әнші "KeshYou"-ді өмірінен сызып тастағандай, ол топта мүлде болмағандай әсер қалдырады. Сәйкесінше, Баян Есентаева да туиттердегі, инстаграмдағы ресми парақшасына Әнелдің суретін жүктегенімен, Мөлдірдің мекенжайына бағытталған бірде-бір туит, бірде-бір сурет салған емес. 

Соған қарап, Мейрамбек Беспаев басты рөлін сомдаған фильмнің оқиғасы расымен де шындыққа жанаса ма деп қаласың.

Өз ойымыз өзіміздікі. Не десек те, нақты жағдай Баян мен Баянның қуыршақтарына ғана мәлім... 

Бүгінде "KeshYou" тобының дәурені дүркіреп тұр десек, артық айтқанымыз емес. Қоржындары қомақты. "Қазақтың қыздары", "Асықпа", "Туған жер" атты хит әндері бар. 

Ал сізге топтың қай құрамы ұнайды?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: youtube.com

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=195638
Пікірлер

Жолдаушы №: 4914 - Уақыты: 2015/01/11 - 05:10

Айдана Меденөвә

Жолдаушы №: 4806 - Уақыты: 2014/11/13 - 16:18

Bari unaidi

Жолдаушы №: 4765 - Уақыты: 2014/09/30 - 15:29

Мәгән кәтті унайтыны Айдана Меденөвә

Жолдаушы №: 4630 - Уақыты: 2014/05/15 - 08:48

Мәгән топтын жана курәмі унайд

Жолдаушы №: 4629 - Уақыты: 2014/05/15 - 08:47

Мәгән топтын жана курәмі унайд

Жолдаушы №: 4441 - Уақыты: 2014/04/16 - 08:00

Хехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехехе

Жолдаушы №: 4440 - Уақыты: 2014/04/16 - 07:59

Мне Айдана,Камшат,и Жанар нравится.И Молдир төже Төлькө Молдир.

Көрші сілтемелер