Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18392204343 %57 %

Жан мен тән ауруларынан айықтыратын адам



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 04:33 - 2013/10/10


Жан мен тән ауруларынан айықтыратын адам

10.10.2013 11:18

    Өткен аптада редакциямызға шымкенттік Жанар есімді оқырман қоңырау шалды. Ол «Замананың» әрasetmukashbek нөмірін асыға күтетінін, ондағы «Тылсым дүние», «Ар-айна», «Жанайқай» айдарымен шығатын беттерде жарияланатын мақалаларды қызыға оқитынын айтады. Газетіміздің кешегі аптада шыққан нөміріндегі «Қызымыздың қалыңмалына көлік мініп, өзімді үйден қуды» деген тақырыппен жарияланған мақала оны қатты толғандырыпты. Ол өзгелерге ой салып, сабақ болар деген ниетпен өзінің басынан өткізген бір оқиғаны әңгімелеп, оны газет бетінде жариялауымызды өтінді.


    «Осыдан екі жыл бұрын күйеуім күтпеген жерден жұмысынан босап қалып, ішкілікке үйір болып кеткен еді, – дейді Жанар. – Оған алғашында жұмысынан ешбір себепсіз босап қалғанына күйініп ішетін шығар, жұмысқа орналасса қоятын шығар деп аса мән бермей жүргенмін. Алайда күйеуімнің жұмыс іздейтін түрі көрінбейді. Таңертеңнен қара кешке дейін арақ ішіп, енді үйдің мазасын қашыра бастады. Қой деген сөзді тыңдамайды. Төзімім таусылған соң мен ағайын-туысты шақырып, оны ортаға салып көрдім. Оның арасында емдетіп те көрдім. Ешқайсысынан оңды нәтиже болмаған соң менің өмірге деген қызығушылығым жоғала бастады. Бірте-бірте мен бұл азаптан құтылудың бір ғана жолы өлу деп ойладым. «Егер мен өлсем, әлі бұғанасы бекімеген балаларымның күні не болады, әкесінің түрі мынау» деп тағы уайымдаймын. Ал менің қандай азапқа түсіп жүргенім күйеуімді қызықтырмайды. Оған арақтан басқа ештеңе керек емес.
   Сөйтіп қиналып жүрген күндердің бірінде бұдан шығатын жолды ғаламтордан іздеп көруге кірістім. Сөйтіп отырып бір форумға кіріп кетіппін. Дәл қазір ол жерде не туралы талқыланғаны есімде жоқ, бірақ бір сұраққа Әсет Мұқашбеков есімді азамат өте жақсы жауап беріпті. Сол көңілімнен шығып, ол туралы мәлімет іздей бастадым. Ол кісінің он бір кітап жазғанынан хабарым бар еді. Содан «Проза. кз» сайтынан оның адамдарға тылсымның көмегімен жәрдемдесе алатыны жайлы біліп, электронды почтасына басымдағы жағдайды қысқаша түсіндіріп жаздым. Тіпті өлгім келіп жүргенін де жасырмадым.
    Арада екі күн өткеннен кейін электронды почтамды ашып көрсем, Ә.Мұқашбеков маған жауап жазып, өзінің телефон нөмірін көрсетіп қойыпты. Қоңырау шалған едім, ол кісі басымдағы жайсыз жағдайдың бәрін жаман нәрселерді ойлау арқылы өзімнің шақырып алып жатқанымды, менің бойымда ата-бабаларымнан берілген қасиеттің барын, оны дұрыс пайдаланбағаннан кейін өмірімнің осылай қиындап кететінін, сонымен бірге менде зиянды қуат (дуа) пен тіл-көздің де әсері барын айтты. Өмірімді жақсы жаққа қарай өзгерту өз қолымда екенін түсіндіріп, мен келіссем, бүкіл отбасы мүшелеріне лекция оқып, сеанс жүргізетінін айтты. Мен бұған келістім.
    Ертесіне күн жексенбі болатын. Балаларым да, өзім де үйдемін. Ә.Мұқашбеков таңертеңгі сағат жетіден бастап телефон арқылы бізге лекция оқып, сеанс жүргізді. Алдымен ол кісі Құдайды танудан бастайды екен. Абайдың, Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, оның мағынасын түсіндіріп, жанымызды жайландырып алған соң отбасымызды дуадан, тіл-көзден тазартып, енді олардың әсері тимейтіндей етіп қорған салып берді.
    Бір қызығы, осының бәрін оның айтуымен қызым жасады. Ол кісі сеансты бастамай тұрып бізге жаны, рухы таза адам тылсымның көмегімен ата-баба рухымен сөйлесе алатынын айтқан болатын. Он екі жастағы қызым жетінші атасының рухымен тілдесіп, бәріміздің болашағымызды көріп, айтып берді. Әшейінде шариғат туралы айта бастасаң ерегісіп кететін күйеуім артық сөз айтпастан Әсет ағаның лекциясын бастан-аяқ тыңдап, сеансына да түгелдей қатысты. Сол күннен бастап менің өмірім жақсы жағына қарай өзгере берді. Лекцияны толықтай түсініп, Әсет ағаның кітаптарын ғаламтордан жүктеп алып оқығаннан кейін мен жаман нәрселерді мүлдем ойға алмайтын, біреудің сыртынан әңгіме айтпайтын, тіпті теледидарда жол апаты, кісі өлімі, зорлық-зомбылық туралы хабарлап жатса, оны басқа арнаға аударып жіберетін болдым.
    Сөйтсек, молшылықта өмір сүру, отбасыңда береке болдыру, жолдасыңмен арада ұрыс-керіссіз, отбасыңда жанға жайлы тыныштық орнату әр адамның өз қолында, дәлірек айтқанда, миында екен. Бұрынғылардың жаман нәрсе айта бастаған адамды «жамандықты шақырма» деп тыйып тастайтынының да астары осында жатқан көрінеді. Әсет ағаның лекциясынан кейін мен осыны түсіндім. Қазір күйеуім арақты қойып, жұмысқа орналасты.
    Бірде ол кісінің сіздерден шығатын «Ауырмаңыз!» газетінде денсаулық жайлы берген сұхбатын оқып, өзін көргендей қуанып қалдым. Осындай көпшілікке пайдасы тиетін адамдардың ел ішінде болғаны да жақсы екен».
    Жанардың әңгімесінен кейін біз Әсет Мұқашбековтың өзіне хабарласқан едік. Ол кісі өзінің алдағы бейсенбі, 10-қазан күні Шымкентке келетінін айтты. Қиналған адамдарға қалай жәрдемдесетінін сұрағанымызда Әсет Ризаұлы былай деп жауап берді:
   «Көптеген адамдар: «Менде анау болса, мынау болса, мен ойымды іске асырып, дәулетті болар едім» деп армандайды. Ал бұлай айту дұрыс емес. Жетістікке, табысқа қол жеткізуіміз үшін ең алдымен мінезімізге көптеген жақсы қасиеттер енгізуіміз керек. Мен лекция оқығанда адамдарға осы жағын түсіндіруге тырысамын. Содан соң сеанс кезінде ата-бабасының қасиеті қонған, арқасы бар, жүрегі, ниеті таза адам шын ниетімен тілесе, Алла оның тілегін қабылдайды және ол өз санасы арқылы Құдайдың кереметтерінің бәрін өзі көріп, сезіп отырады. Ол Жаратушының құдіретімен өзінің, отбасы мүшелерінің бойындағы қара дуаны, тіл-көзді тазалайды. Өзінің санасына, ойлау жүйесіне ұялап алған жын-шайтан, перілерден, үрейден, қорқыныштан, сенімсіздіктен тағы да басқа келеңсіздіктерден санасын, ойлау жүйесін толық тазалайды, оған жақсы бағдарламалар ұялатады. Негізі әр адамның өзінің қорғаушы періштесі болады. Күнәсіз пенде жоқ, қандай да бір күнә жасағанда қорғаушы періштеміз кетіп қалады екен. Сеанс кезінде адам Жаратушының құдіретімен өзінің, жұбайының, бала-шаға, ағайын-туыстарының кетіп қалған періштелерін, бақ құсын өзіне қайта қондырып береді. Содан соң бүкіл отбасы мүшелерінің бойына жеті ұрпағына дейін бәлекет жоламайтындай етіп дуадан, тіл-көзден, жын-шайтан, перілерден, төменгі әлемнің жан иелерінен, зиянкестерде қорғайтын қорған-қоршау салады, өмір жолын, бизнес жолын ашады, денсаулықтарын қалпына келтіреді».
    Ә.Мұқашбеков өзінің жүргізетін сеанстарынан соң жалғызбасты қыз-келіншектер мен сүрбойдақ жігіттердің өмірлік серіктерін тапқан жағдайлары да болғанын айтты. Жалпы, ол кісі өмірін жақсы жаққа өзгерту әр адамның өз қолында деген ұстанымда. Бұл рас та шығар. Ал осы айтылғандарға шын мәнінде көз жеткізгісі келген адам Ә.Мұқашбековтың емдеу сеансына қатысып көрсе, одан зиян шеге қоймас деген ойдамыз.

Г. ӘШІРБЕКОВА.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=192066
Пікірлер

Жолдаушы №: 5994 - Уақыты: 2017/05/28 - 13:53

Әсет Мүқәшбекөв ағайға жеке хабарласуға болама жанұямдағы жағдай қинап тұр. Күйеуім қатты ішеді мүлдем қиын болып кетті.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


ҚР Президенті қазақстан 11 min
Иран мұнай кемесі енді 17 min
«Ливерпуль» өзінің 5 жы 27 min
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ақтоты Райымқұлова қаза 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Ирақ қорғаныс министрлі 1 sagt
Қызылордада ғасырдан ас 1 sagt
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Африкада арыстандар аза 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 2 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елордада ауа райына бай 2 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 2 sagt
Африкада арыстандар күр 2 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 2 sagt
Сайрамда саяхаттау-әғәж 2 sagt
Ауғанстанда жол жиегінд 3 sagt