Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18392204343 %57 %

Арақты қойдыру да бір арман...



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 09:47 - 2013/09/16


Арақты қойдыру да бір арман...

16.09.2013 16:55

101    Газетіміздің биылғы 28-ші нөмірінде «Балама өлім тілеген кезім де болды» деген тақырыппен жетпіс жастағы кейуананың тағдыры жайлы мақала жарияланған еді. Онда Базаркүл есімді әжей редакцияға келіп, ұлының араққа салынып, отбасына зәбір көрсететіні туралы айтқан болатын. Әжей ұлын емдетпек болып бірнеше рет дәрігерлерге де, емшілерге де апарып көрсеткенімен ешқайсысының көмегі тимеген. Қария талай жерге барып тауы шағылғанымен әлі де ұлының бұл кеселден айығатынынан үмітін үзгісі келмейтінін айтқан еді. Осы мақалаға орай редакцияға хабарласқан оқырмандарымыз өте көп болды.


    Таяуда редакциямызға Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қайнарбұлақ ауылдық округінен Еркінбек Мұратіллә есімді оқырман хабарласты.
    «Жастау кезімде менің әуестеніп, темекі тартқан кезім болған еді, – деді ол кісі. – Дәрігер әпкем менің темекі тартып жүргенімді көріп, сарғыш түсті, сұйық бір дәрі әкеліп, ерніме жағып жүруім керектігін айтты. Мен оның айтқанын істедім. Сол дәрі үш күннен кейін әсер ете бастады да, бес күннен кейін мен темекі тартуды мүлдем қойып кеттім. Бүгінде жасым жетпістен асты, әлі күнге қолыма темекі ұстап көрген емеспін.
   Ауылымызда бір дәрігер болатын. Сол кісі ауылдағы барлық ауруларды жалғыз өзі емдей беруші еді. Тіпті арақты көп ішетіндерді де таблеткалар беріп, уколдар салып емдейтін. Ол дәрігерге емделген маскүнемнің қайтып арақ ішкенін көрмеуші едік. Ол кісі 1964 жылы қайтыс болып кетті. Меніңше, нарколог-дәрігерлердің маскүнемдерді емдеуде бұрынғы кеңес дәуіріндегі тәсілдерді қолданғаны дұрыс-ау.
    Тағы бір айтарым, менің Түлкібас жақта арақ ішкендерді оқып сауықтыратын бір жас келіншек жайлы естігенім бар. Сол келіншекке оқытылып шыққан жігіттер неғылар дейсің деп дүкеннен арақ алып, стаканға құйса, ішінен жылан шығып тұр дейді. Содан кейін әлгі жігіттер араққа жоламай кетіпті. Сондықтан мен Базаркүл замандасқа Алла өзіңізге сабыр, ұлыңызға ынсап берсін деп тілеймін. Мүмкін немерелеріңіздің бағына қарай ұлыңызға арақты қойдыратын бір жақсы емші немесе дәрігер табылып қалар, үмітіңізді үзбеңіз».
    Сондай-ақ редакциямызға шымкенттік көріпкел, қобыз үнімен емдейтін бақсы Нәзила Сағатбекқызы (суретте) хабарласты. Бүгінде Маңғыстау өңірінде жүргенін жеткізген ол кісі Базаркүл апаның қиын тағдыры туралы газеттен оқығанын, оған жәрдем беру мақсатында хабарласып тұрғанын жеткізді.
    Айтуынша, Нәзила Сағатбекқызы осыдан бірер жыл бұрын шымкенттік Айзада есімді әйелдің араққа салынып кеткен інісін емдеген екен. Біраз уақыт өткен соң Айзада бауырының арақ ішпей жүргенін айтып қуаныпты. Содан бастап ішімдікке тәуелді туыстары бар адамдар бір-бірінен естіп Нәзиланың алдына бара бастаған. Әзірге бәрі де арақ ішуді тоқтатып жүргендерін жеткізіп, алғыстарын айтып кетеді екен. Ал биылғы жылы көктемде Айзаданың Ақтауда тұратын Балжан есімді құрбысы ағасының ішімдікке салынып кеткенін, емделу үшін Шымкентке барғысы келетінін айтып хабарласыпты. Назила апай бұл кезде Бекет ата кесенесіне зиярат жасауға ниет етіп жүрген екен. Сонымен мамыр айында Бекет атаға зияратқа барған Нәзила бақсы сондағы тұрғындардың өтінішімен адамдарды емдеуге қалып қояды. Мұнда ол кісі отбасына зәбір көрсететін ер-азаматтарды, ата-енесіне күн бермейтін келіндерді, ата-анаға бағынбайтын, үйден қашып кететін жасөспірімдерді суретіне қарап дем салып, қобыз үнімен емдепті. «Тіпті өз дінінен безіп, сектаға кіріп кеткендердің де ата-анасы келіп, балаларына жәрдем беруін сұрады», – дейді ол.
   «Аллаға шүкір, ниет етіп қаралғандардың бәрі жақсы болып кетті. Оның бәрі Алланың құдіретінің арқасында, біздікі тек адамдарға жәрдем беру мақсатында Алладан тілеу, – дейді Нәзила Сағатбекқызы. – Негізі қобыз үні адамның бойындағы жынды қуалайды. Отбасына қоқан-лоққы көрсететіндердің, ата-анасын тыңдамайтындардың, араққа салынғандардың бойындағы жыны күшті болады. Мен оны тылсым күштің көмегімен көремін. Адамдар өздігінен араққа үйір болып кетпейді. Оларды сыртынан не дуалайды, не ішіне жын кіріп кетеді. Соның әсерінен адамға отбасынан да, ата-анасынан да арақ қымбат, арақ тәтті болып көрініп, ішімдікке салынып кетеді. Мен түн ортасынан ауған шақта қобыз тартып, құран сүрелерін оқып, ол адамның бойындағы жынды қуалап оқимын. Кейбір адамдарға жасаған емім бірден әсер етіп, жақсы болып кетсе, енді біреулеріне біраз уақыт қажет болады. Ондайда сабыр етіп, Алладан жәрдем сұраған дұрыс.
   Содан соң тағы бір есте ұстарлық жайт, әйелдер көріпкелдерге барып болашағын болжатуға тым құмар болады. Менің бойымда болашақты болжайтын қасиет бола тұра, адамдарға алдағы күнге болжам жасатуға болмайды дегенді баса айтар едім. Өйткені көріпкел алдағы уақытта болғалы тұрған жақсылықты айтқанда оны естіген жын-шайтан көре алмай, қызғанып, жақсылықты болдырмау үшін кесіп тастайды. Сондықтан болжам жасатуға тым үйір болмаған жақсы», – дейді Нәзила емші.
   Сөзінің соңында Нәзила бақсы Базаркүл апаға көмектескісі келетінін айтып, телефон нөмірін (8-702-241-23-45) қалдырды.

Г. ӘШІРБЕКОВА.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=185052
Пікірлер

Жолдаушы №: 5966 - Уақыты: 2017/03/16 - 11:57

Сәлеметсіздерме менің ағам қатты ішеді болашағын қатты уайымдаймын жасы 26 шынымды айтсам дәрі беруге қорқам үйткені кері әсер етіп қалама деп қәзәқшілікпен қайтарғым келеді Назила Сәғәтбекқізін қайдан табуға болады әдресін қайдан алуға болады маған көмектесініздерші менің тел.нөм 87782082991есімім Ферузә жауаптарынызды кутем КОП РАХМЕТ.

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Осы араны басып көріңіз 7 min
Ақтоты Райымқұлова қаза 14 min
Осы араны басып көріңіз 17 min
Ирақ қорғаныс министрлі 17 min
Қызылордада ғасырдан ас 20 min
Досжан Хазірет жайлы не 1 sagt
Өскеменде триатлоннан Қ 1 sagt
Шинжяң хабарлары 1 sagt
Шинжяң хабарлары халық 1 sagt
Мамандар: а қ ш-ның жүң 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Африкада арыстандар аза 1 sagt
Қазақ күресі: Азия чемп 1 sagt
Даккада өрттен 50 мыңда 1 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 1 sagt
Пәкістәндәғі ٴбыр мешіт 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Елордада ауа райына бай 1 sagt
Шинжяң хабарлары екі ес 1 sagt
Африкада арыстандар күр 1 sagt
Еліміздің бірнеше өңірі 2 sagt
Путин қысылтаяң жағдайд 2 sagt
Қазақстандық оқушы АҚШ 2 sagt
Сайрамда саяхаттау-әғәж 2 sagt
Ауғанстанда жол жиегінд 2 sagt
Байынбұлақтың әсем көрі 2 sagt
Израйля пәлестинді қолд 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt