Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23203153263 %37 %

100-ге тарта адамды сарышаян шақты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ақжүніс мақалалары

Жолданған уақыты: 06:47 - 2013/08/12


100-ге тарта адамды сарышаян шақты

12.08.2013 13:38

    Жаз мезгілінде жәндіктердің ерекше күшейетіні бар. Әсіресе бүгінде түрлі улы жәндіктердің қаупі артып тұр. wayanСолардың ішінде соңғы кездері сарышаянның аты жиі атала бастады. Яғни облысымызда осы жәндіктің шағуынан зардап шеккен жандар көп. Шымкент қаласындағы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығының бас дәрігері Икрам Төлеев бұл жөнінде былай дейді:
    «Биылғы көктем мезгілінен бері Шымкентте 94 қала тұрғынын сарышаян шақты. 91 адамды аз уақытта емдеп айықтырдық, 3 зардап шегушінің жағдайы күрделі болды. Ауруханаға жеткізіп, ем-домын жасап, тіпті жағдайы ушыққанда күшті дәрілердің көмегіне жүгінген жайымыз бар. Жалпы, сарышаян шаққан кезде жарақаттанған жерде қатты ауырсыну пайда болады.

Теріде ұйыма көпіршіктер мен ісіктің болуы сарышаянның шаққанын аңғартады. Бас ауыру, бас айналу, құсу, әлсіздік, бұлшық еттің дірілі, тыныстың жиілеуі, мұрыннан кілегейлі сұйықтың ағуы сынды белгілер білінеді.
    Сарышаян уының құрамын ғалымдар әзірге толығымен зерттеп біткен жоқ. Оның шағатын жері құйрығында орналасқан. Яғни құйрығындағы улы бездері инешемен аяқталады, адамды шаққанда ол осы «бізін» сұғып алады, жарақатқа өз уын жібереді
     Қазақстан аумағындағы сарышаяндардың шағуы жеңіл жүреді. Ауырсынулар болғанымен мұндағы шаяндар Африка, Америка өңірлеріндегідей адам өмірін бірден қиып жібере алмайды. Бірақ зардап шегуші біраз жайсызданып, әбіржиді.
   Сарышаян шаққан жағдайда бірінші кезекте жедел жәрдем шақырыңыз. Зақымданған жерге күнбағыс майын жаққан абзал. «Аналгин», «димедрол» сынды ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер ішу қажет».
    Дәрігер жұрттың өз ауласын мүмкін болса, түрлі жәндіктерге қарсы залалсыздандыру қажеттігін айтады. Ең бастысы, сақ жүру керек. Балаларды да үнемі осындай қауіптен сақтандырып отырған абзал.

А. ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=8&id=170712
Пікірлер

Жолдаушы №: 5982 - Уақыты: 2017/04/19 - 19:04

Ауланы залалсыздандыру ушин не истеу керек ягни кәндәй дары керек,биз жәктә сары шаян өте көп,өләрдән кутілу ушын не истеуге болады

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар