Соңғы уақытта «Қазақстан» телеарнасының көрермендер назарына ұсынған үлкен сыйлығының бірі – Үндістанның «Келін» атты телесериалы болды десек, еш қателеспейміз.Алты жылдан бері түсіріліп жатқан телехикаяның былтыр 6 маусымда 1272 сериясы түсіріліп біткен. Оқиға желісі қызық әрі қазақша аударылымы да көңілден шығады. Қысқасы, сериалда жұртты қызықтырған нәрсе көп. Әсіресе, келіндердің енесін қаншалықты қадірлейтіндігі, әйелдердің ерлеріне деген байсалды көзқарасы, т.б. көріністер сүйсіндірмей қоймайды. Әсіресе, отбасындағы ең жас келін Анандидің (талантты актриса Авика Гор сомдаған) тағдыры талай кісіні тамсандырып, тіпті көзіне жас алдырумен келеді.
Бізді қызықтырған жағдай – осы телесериалдың қалай аяқталатындығы. Егер сіз де «Келінді» көріп жүргендердің қатарында болсаңыз, сериалдың қалай аяқталатындығын бізге жазып жіберіңіз. Шын мәнінде «Келіннің» соңғы сериясы сіз айтқан оқиға желісіндей аяқталар болса, «Айқынның» арнайы сыйлығын аласыз (жауаптарыңызды joldas216@mail.ru электронды поштасына жолдаңыздар).
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=153123