Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2317994662 %38 %

Ауылда қиялым көз ілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Жұлдыз журналы

Жолданған уақыты: 09:56 - 2013/05/17



Ауылда қиялым көз ілді

А

ян

Өрібаев

САҒЫНЫШ

Рүстем Есдәулет ағамның рухына.

 

Театр. Спектакль қойылуда,

Біз баратын баяғы қойылымда.

Залда жастар. Дыбыс жоқ – өлі үнсіздік,

Көздері сахнада, ойы мұңда.

 

Шебер әртіс жылай ма, аһ ұра ма?!

Сағынғанын сазымен шақыра ма?..

...Режиссеры жүрегін жұлып алып,

Тастап кеткен секілді сахнаға.

 

Әне-міне қойылым тәмамдалды.

Әртістерін марқайтар ағам бар-ды.

Қошаметтер жұбата алмағандай

Жалынын мұң өшірген жанарларды.

 

Есік жаққа құлағын тіге тыныш,

Бәрі де үнсіз қалды. Бұл отырыс

Сағынышты азаға бағыт бұрды,

Мазмұны мұңға аралас бір өкініш.

 

Сұры қашты сахна өң-кейпінің,

Бәрі де үнсіз. Кілтипан бермей тыным.

Бір сәтке үнсіздікпен күтіп қалдық,

Білсек те енді ешқашан келмейтінін.

 

Дәтім берік емес ем, шыдамадым.

Тұрып кеттім, түңілдім, мына жауын...

Қазбауыр бұлттардан сұра бәрін,

Көз жасы емес, жо-жо-жоқ, жыламадым.

 

КИНО-ҒҰМЫР

Бос қиялдың бос мәніне илана

Сан сұрақпен өз-өзіңді қинама.

Біз тәңірдің жазуымен жазылған

Өмір дейтін түсіп жүрміз киноға.

 

Еш жасқанба өлім дейтін үкімнен,

Өміріме өкінбеймін, шүкір, мен.

Тәңір біздің тағдыр сценариін

Миллион жыл бұрын жазып бітірген.

 

Тағдырыңнан көрсең-дағы қандай сын,

Ажал келмей аманатты жалғайсың.

Өз өмірің – өлшемі көп өз киноң,

Басты рөлді, әрине, өзің сомдайсың.

 

Тосқауылдар тап болса да не түрлі,

Ақиқаттың аулына бұр бетіңді.

Бәрімізді жаратушы бір құдай,

Киномыздың режиссеры секілді.

 

Мақсатыңа өмір дейтін ұрыста

Маңдай терсіз жетемін деп тырыспа.

Өз киноңнан соңғы бөлім біткенше,

Адамдықтың ақ жалауын тік ұста.

 

САУЫР

Бөктерінде ойнатып марқасқаны,

Босқан аңды көрдің бе тау-тастағы.

Бұлтпен ойнап аспанды булықтырған,

Бұл Сауырдың бөрікті жартастары.

 

Бозқараған гүлімен, аршасымен

Мүлгіп жатыр мұнартып қанша сілем.

Алып тұлға жартастар аға болып,

Ұғынысып жатқандай баршасымен.

 

Көк пен жерді көркімен табыстырып,

Кіл жүйрікті төсінде жарыстырып,

Ақша бұлттан тігілген ақ тымағын

Сауыр жатыр сәт сайын ауыстырып.

 

Сылдыр қағып жататын еппен тұнып,

Табиғи тау бұлағы неткен тұнық.

Көк құлпырып ой-қырға шекпен тігіп,

Барша сыйын тартады-ау көктем күліп.

Самғап кеткің келеді қыранға ұқсап,

Жарысқанда жартастар көкке ұмтылып.

 

Адамның әлсіздігі, тегі, жүрек.

Желдей ескен жан едім желігі көп.

Алыстап кеткен сайын, Сауырымның

Биіктеп кететіні не құдірет?!

 

Туған жердің жатсынбан түнгі ызғарын,

Сауырым – шабытымның жұлдыз бағы.

Ес білгелі көркіне көзім тоймай,

Қиялым кезіп кеткен шың-құздарын.

 

ТОЛҒАНЫС

Алладан от-жігер тіледім,

Тарқасын деп қана шер көңіл.

Сен десем сенбейді жүрегім,

Мен деймін, алайда мен бе бұл?

 

Тентек жел ұласып жауынға,

Қаным да қарайып қарадай,

Ауылдан аттандым дауылда,

Артыма бұрылып қарамай.

 

Әнімен өсірген әлдилеп,

Көңлінің сейілмей қапасы,

Қалды ғой кәрім-ау зар илеп,

Алмадым әженің батасын.

 

Екі өмір кешірмес қатемнің...

Ақымақ басымның сорын-ай.

Кетерде бейітіне әкеңнің,

Басына бардың ба – о, құдай...

 

Өмірдің шешуші түйінін

«Қиянат қылма» деп үйреткен.

Ағамның ең соңғы тиынын

Тартып ап жұмсадым билетке.

 

Мықтымын өзімше, жетікпін,

Пысқырып қарамай сүйгенге,

Мұрынын қанатып кетіппін,

Шын досым қабағын түйгенде.

 

Жалғыз-ақ анамның сөзі жоқ.

Қабақты танытпай кейіткен.

«Жүрдім» деп жүгірдім тезірек,

Көз жасын көрмеген кейіппен.

 

Білмеймін не жайлы ойладым,

Жадымда жауапсыз көп сұрақ.

Не үшін кеткенім беймәлім,

Нұрлы жол іздегем жоқ бірақ.

 

Ауылда қиялым көз ілді.

Қалада не қылған жорық деп.

Мен тастап кеткенмін өзімді,

Өзгеге өзгеше еліктеп.

(← кері)

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=30&id=139028
Пікірлер

Жолдаушы №: 3594 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3593 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3592 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3591 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3590 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3589 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3588 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3587 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3586 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3585 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3584 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3583 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3582 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3581 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3580 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3579 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Жолдаушы №: 3578 - Уақыты: 2013/07/12 - 10:34

Сауырм сағынам сауырым, самғатқан сан ۈлын,

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алматыда алаяқ кезексіз 1 min
А қ ш мемлекет хатшысын 5 min
Тяншан торы 5 min
Қазақстан мен Біріккен 5 min
Головкин мен Деревянчен 5 min
Осы араны басып көріңіз 5 min
Алматыда алаяқ кезексіз 7 min
Абай поэзиясына 130 жыл 10 min
Жұманың ұмытылған сүнне 10 min
Байқоңырдан ғарышқа ал 10 min
Еуропа лигасы: «Астана» 15 min
Осы араны басып көріңіз 15 min
Алматыда  троллейбус жа 19 min
Ауырып қалған адамның и 24 min
Алматыда алаяқ әйел ұст 25 min
Өтен Ахмет. Той дегенде 25 min
Ауылға деген сағынышты 25 min
Осы араны басып көріңіз 25 min
Ұлытауда халықаралық ау 1 sagt
Оқушылар мектеп бітірге 1 sagt
Қазақстан мен БАӘ ғарыш 1 sagt
Жаңа жүңгө құрылғандығы 1 sagt
Петропавлда тоқтап қалғ 1 sagt
Президент Әкімшілігі Қа 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Шымкентте «ақылды» тұра 1 sagt
Алматыда көлік қоятын т 1 sagt
Қазақстан мен БӘӘ ғарыш 1 sagt
Бораннан сақтанудың көк 1 sagt
Өскеменде «Өңірлік I әй 1 sagt