Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Футболдан Еуропа лигасы: «Арсенал» өз алаңында чех командасымен тең түсті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:09 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/futboldan-europa-ligasy-arsenal-oz-alanynda-cheh-komandasymen-ten-tusti_a3774132


Футболдан Еуропа лигасы: «Арсенал» өз алаңында чех командасымен тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалындағы алғашқы ойындар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: Әлем құрамаларының жаңартылған рейтингі жарияланды Футболдан Чемпиондар лигасы: Бүгін ширек финалдың екі ойыны болады Футболдан Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» «Ливерпульды» жеңді

Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы сырт алаңда Испанияның «Гранада» командасын 2:0 есебімен сүріндірді.

Бұл ойында ағылшын клубы сапынан Маркус Рашфорд 31, Бруну Фернандеш 90-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Ал Нидерландының «Аяксы» өз алаңында Италияның «Ромасынн» 1:2 есебімен жеңілді.

Алдымен нидерландтық футболшы Дави Классен есеп ашса, оған италиялық клубтан Лоренцо Пеллегрини 57, Рожер Ибаньес 87-минуттарда қос голмен жауап қайырды.

Өз алаңында Хорватияның «Динамо Загреб» клубы Испанияның «Вильярреал» командасына 0:1 есебімен жол берді. Оны 44-минутта испандық Жерар Морено пенальтиден соқты.

Анлияның «Арсеналы» өз алаңында Чехияның «Славия Прага» клубымен 1:1 есебімен тең түсті.

Ойын барысында ағылшындық клуб сапынан 86-минутта Николя Пепе соққан голға чех футболшысы Томаш Голеш 90-минутта бір голмен жауап қайырды.

Айта кетейік, Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өтеді.

2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1386003
Пікірлер

Көрші сілтемелер