Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Талдықорғандағы мектеп оқушысы Гарвард университетінің грантына ие болды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршыс



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 02:25 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126772/%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d2%9b%d0%be%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf-%d0%be%d2%9b%d1%83%d1%88%d1%8b%d1%81%d1%8b-%d0%b3%d0%b0%d1%80%d0%b2/


Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов Гарвард университетінің оқу грантына ие болды. Бұл туралы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ресми сайты жазды.

Оқудағы жетістіктері, көшбасшылық қасиеттер, қабілеттілігі Сезімге өз жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені АҚШ-тағы ең танымал университеттердің біріне түсу –  кездейсоқтық емес, қажырлы еңбектің нәтижесі. Бүгінде ол Гарвардтың компьютерлік ғылымдар факультетінде оқуды жоспарлап отыр.

– Мені әрқашан ақпараттық технологиялар теориялық және математикалық тұрғыдан қалай жұмыс істейтіні қызықтырады. Қазіргі уақытта мен Java, C ++, PHP сияқты бағдарламалау тілін үйрендім. Мен сондай-ақ түрлі веб-сайттарды жасағанды, деректі фильмдер түсіргенді және өңдегенді ұнатамын, – дейді ол.

Мектеп қабырғасында Сезім бірқатар еріктілер қозғалысын ұйымдастырды, кәсіптік бағдарлау комитетін ашты және БҰҰ моделі ойыны бойынша қалалық конференция ұйымдастырды. Сонымен бірге ол информатика және қазақ тілі пәндерінен «Жас ғалым», «Дарабоз» атты халықаралық, республикалық олимпиадаларының жүлдегері және жеңімпазы атанды.

– Сезім, менің ойымша, республиканың көптеген мектеп оқушылары үшін өзінің табандылығы мен нақты жоспарлау қабілетінің арқасында әлемдегі ең үздік университетке түсе алған адамның үлгісі болды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарихында Сезім – Гарвардқа шақырылған екінші оқушы», – дейді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ерали Бижанов.

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385995
Пікірлер

Көрші сілтемелер