Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:06 - 2021/04/09

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/zhel-tuman-zhanbyr-9-sauirge-arnalgan-aua-rayy-bolzhamy_a3774108


Жел, тұман, жаңбыр: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 9 сәуір күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болатынын болжады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: алдағы аптада күн күрт жылынады Жел, жаңбыр, көктайғақ – сәрсенбідегі ауа райы Тұман, көктайғақ, күшті жел – сейсенбідегі ауа райы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің кей жерлерінде жауын-шашын жауады.

Тек оңтүстік бөлігінде күн ашық болады.

Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Республикамыздың оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады, солтүстікте көктайғақ болады.

Ақмола, Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл тұрады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385992
Пікірлер

Көрші сілтемелер